Рамазанның бірінші күнінде “Асыл арна” іске қосылмақ

Аллаһ қаласа, биылғы жылдың қасиетті Рамазан айында Қазақстанда тұңғыш рет ислами ағартушылық бағыттағы «Асыл арна» телеарнасы өз жұмысын бастамақ.

Телеарна Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының қолдауымен және Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей қамқорлығымен ашылуда.

Тамыздың 20-шы жұлдызы күні сағат 10:00 де Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының бас ғимаратында телеарнаның ашылу салтанаты өтпекші. Аллаһ қаласа, 21-ші тамызда, қасиетті Рамазан айының бірінші күнінен бастап, «Асыл арна» телеарнасының бағдарламаларын «АлмаТВ» кабельдік телевизиялық жүйесінің сандық (цифрлық) тарату форматынан тамашалай аласыздар.

Телеарнада көрсетілетін кейбір телебағдарламаларды “Асыл арна” телеарнасының интернеттегі ресми сайтынан да көруге болады. Сайттың сілтемесі: http://www.asylarna.kz/ Қасиетті Рамазан айында бізбен бірге болыңыздар. Аллаһ тағала баршамызға тура жолы мен игілігін нәсіп етсін!

Ақпарат “Асыл арна” телестудиясының сайтынан алынды

9 thoughts on “Рамазанның бірінші күнінде “Асыл арна” іске қосылмақ

  1. Ассалаумагалейкум!
    “Асыл арна” телеарнасын тарелка аркылы коруге бола ма?

  2. «Асыл арна» телеарнасының бағдарламаларын «АлмаТВ» кабельдік телевизиялық жүйесінің сандық (цифрлық) тарату форматынан тамашалай аласыздар.

  3. Жаннур, әзірге болмайды. Бірақ сайттан телеарна материалдарын қарауға болады дейді.

  4. Ассалаумалейкум уа рахматуллахи уа баракатуху. Асыл арнасы Астанаға көрсетіле ма?

  5. Асыл Арна телеарнасының кейбір бағдарламаларын неге Қазақстан не Хабар, Ел Арна секілді каналдар арқылы көрсетуге болмайды? Өйткені ауылдық жерде кабельдік телеарналар көрсетпейді ғой.

  6. Ассалаумалейкум , осы ораза да тукирик жутуга болама -болмайма соны билгим келген рахмет.

Comments are closed.