Рамазан – мұсылмандардың ұлық мерекесі

«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы бекем тұтынатын жол басшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарында жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Аллаһ сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді.» (Бақара сүресі, 185 аят)

Рамазан – шәриф айы.
Қасиетті Рамазан айы – 11 айдың сұлтаны, Мұхаммед (с.ғ.с.) үміттерінің айы. Күндіз ораза ұстаумен, түндері тарауық намаздарын оқумен өткізу керек. Рамазан шәриф – Құран айы, сол себепті, Құран оқуды білетіндер осы айды хатым ету керек. Рамазан айының басы – мейрім, ортасы – кешірім, соңы – тозақтан азат болу.

Ораза (арабша: صوم‎ — саум) — бес парыздың бірі.
Оразаны ұстау үшін – ғибадат ниетімен таң атқаннан күн батқанға дейін жеп ішуден, жыныстық қатынастан және шаттанудан бас тарту керек.
Ораза ұстаған кезінде ауыз ашуыны (ифтарды) уақтында орындап, кейінге қалдырмайды. Күн батқаннан кейін-ақ аузын ашады. Ауызды сумен немесе құрымаменен ашады. Құраманың саны тақ болуы керек. Ішкен суының жұтымдардың саны тақ болуы керек. Аузын ашқанда, Құдайға дұға жасайды.

Сәресі уақтында, түннің екінші бөлігінде тамақ ішкеннен кейін, оразаны ұстауға ниет ету керек.

Күндіз сабыр етіп, жанжалдарда қатыспау, ешкімге зұлымдық жасамау керек, тек қана аузын бекітіп тәнді тазартып жүрмей, жүрегін тазарту да керек. Намаз оқып, Құдайға ғибадат жасау керек.

Оразаны ұстау кез тек қана Рамазан айы емес. Рамазандағы оразаны ұстау әр мұсылманның парызы болса, Арафа күнінде ораза ұстау — сүннет болып есептеледі.

Оразаны Шәуәл айында алты күн, Мұхаррам айының оныншы және он бірінші күнінде, дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ұстау да сүннет болып саналанады. Ал ораза айт пенен құрбан айтта, Шабан айының отызыншы жұлдызында, Зұл-Хижжа айының он бірінші, он екінші және он үшінші жұлдыздарында оразаны ұстауға болмайды. Тек қана жұма күнінде, тек қана сенбі күнінде және жыл бойы ораза ұстауға да тыйым салынған.

Ақпарат көзі: http://www.nur-gasyr.kz/