Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:

– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

Алайда рұқсат берілмеді.

Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.

Әлгі кісі айтылғандарды қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға білдіргенде, ол:

– Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді.

Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.
Әзірлеген Құдайберді Бағашар, дінтанушы

Оружу йашаянлар. Салих Бүте. Кайыхан йайынлары. 2007.

10 thoughts on “Екі қыздың оразасы

  1. Сәлеметсіз бе, ораза ұстап жүріп жолға шығатын жағдайда ауыз ашып, кейін қазасын өтеуге болады ма?

  2. әлбетте болады, Құранда:
    “…Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды…” (2:185) делінген

  3. Бұл жерде мынандай айырмашылық бар ма:

    Егер ауызды бекітіп қойсақ, содан кейін жол журейн деп жатқанымызды білсек, ауызымызды ашып тастай аламыз ба? Жоқ әлде сол күнді толықтырып, ертесіне ауыз бекітпей-ақ қоямыз ба?

  4. Амансыздар! Менин коятын сауалым мынадай: Мен ауызымды бекитуге ниет еттим! Алгашында 1 кун бекиттим кейин ата-анам устамай-ак кой деди, себеби мени киналып калады деп ойлайды! Мен бастап койганнан кеин аяктаганды жон кордим. Ата-анама айтпай ауызымды бекитип журмин. Буным дурыс па?

  5. Бир демалыс жануямызбен бирге болдык Менин ауызымды ашуга тура келди! Енди карызым кандай болмак!?

  6. Ассалаумагалейкум! Оразаларың әр қайысына қабыл болсын!!! Менин сурагым осындай: Мен толык ораза устауга ниет еттим, уш куннен кейин апам устамаяк кой деп, сенин денсаулыгын нашар деп мен ауызымды ашып койдым. Мен ем алдым, дари ишип битиримю Енди бугиннен бастап ниетиммен ораза устап журмын, булай истеуге боладыма екен? устамаган кундеримды калай жабуга болады екен?

  7. Ассалаумағалейкум бауырлар!Ораза Айт мүбарак болсын!Ораза біткен сон тағы да қосымша 6 кун ұстауға болады деп естіп едім.Сол рас па? Аллах разы болсын!

  8. Wa aleykumsalam !
    Sizge de mubarak bolsyn.
    Paygambarymyz s.a.s aitkan:
    “Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей болады.” (Риазу’с-Cалихин)

Comments are closed.