Зүлхиджа айының алғашқы он күні…

Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
“Аллаһқа құлшылық етілетін күндер ішінде Зүлхиджаның алғашқы он күнінен ұнамды күн жоқ. Ол күндері ұсталынған әрбір күннің оразасы бір жылдық оразаға, әрбір түнінде қылынған намаздар Қадір түніне тең.” (Тирмизи, Саум; Ибн Мажә, Сыям)

Хижри жылсанауда ең соңғы ай – Зүлхиджа айы. Ол айда Исламның бес парызының бірі болған – қажылық ғибадаты орындалады. Зүлхиджа айының 1-і мен 10-ы арасында болған уақытты берекелі он түн деп атайды. Ал 10-шы күні болса Құрбан айттың бірінші күні. Сәрсенбі (18 қараша) Зүлхиджа айының бірінші күні.