Ауызашарға алынған қаймақтың хикаясы

Ораза десе, есіме мешіт түседі
Ораза десе, есіме мешіт түседі

Өткен жолы “5 сауал” айдарымен Оразаға қатысты сауалдар қойған едік. Бұл сауалға Ансар жауап берген екен. Бүгін bayan.dosym.kz блогының иесі, Баянның жауабын ұсынып отырмыз:

1. Алғаш рет ниет етіп, ауыз бекіткенім — 2006 жылы. Ең бірінші кезекте еске түсетіні — сол тұста “Жұмадағы жүздесу” деген арнайы хабар түсіруге тапсырма берілген. Бұл кездейсоқтық па білмедім, сол бағдарламаның алғашқы саны да осы қасиетті айға тұспа-тұс келгендігі. Соған бір ерекше дайындалғаным есімде.
Қаладағы бір мұсылман дәмханасынан ауызашарға әзірленетін тағам туралы бейнесюжеттер дайындағанымыз есімде қалыпты.
2. Іштей жанымның тынышталуын, ойымның тазаруын қадағалар едім.
3. Бұл былтыр болған 🙂 . Жұмыстан шыққан соң, базарға соғып, ауызашарға деп қаймақ алмақшы болдым. Сосын, түріне қарап, таңдап келе жаттым да, біреуі қою қаймақ секілді, қарадым, сатушы қыз да жылдам екен, “міне, дәмін қараңызшы” деп қасықпен алып, дәмін татып көруге ұсынды, мен қолыма алып тұрып, шошып кетіп, өзіне қайтып бердім. Көзі бақырайып кетті. Шамасы, күтпесе керек. “Мен ораза едім” дедім 🙂 . Сатушы қыз кәдімгідей қысылып, “кешіріңізші, білмей қалдым, күнәһар болдым-ау” деп ақталды. Оның кінәсы жоқ қой.
Артынан үйге келген соң байқадым, қаймаққа аздап су қосыпты 🙂 “Күнәһар болдым-ау” деп сол үшін айтты ма екен, бәлкім, ол сатушы 🙂 .
4. Мешітке ертіп барып, имамдардың ораза туралы айтқандарын тыңдауға кеңес берер едім.
5. Әжем кішкене кезімізден үйдегі үшеумізге ұйықтар алдында “Бәріміз де аман болайық” деп тілек тілеңдер деп айтатын. Сол бала күнгі айтылған ақыл кәдімгі қағида болып кеткен. Бата бер десе, сол отбасының аман-саулығын тілер едім.

5 thoughts on “Ауызашарға алынған қаймақтың хикаясы

  1. Бірақ та православие шіркеуі екеуі бір жерде тұр. Оның да атына НҰР қосу керек еді!

Comments are closed.