Бұл бетте пікір жазу мүмкіндігі өшірілген. Оразаға байланысты сұрағыңыз болса, алдымен жауабын Жиі Қойылатын Сұрақтар бетінен іздеп көріңіз. Ол жерден таба алмасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдасаңыз болады. Сұрағыңыз қайталанбаған жағдайда жауабы Жиі Қойылатын Сұрақтар бетіне жарияланады. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!
Ауызашар дұғасы
"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау — мұстахап*: 1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар» (Бухари, Саум, 20). Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» […]