Бұл бетте пікір жазу мүмкіндігі өшірілген. Оразаға байланысты сұрағыңыз болса, алдымен жауабын Жиі Қойылатын Сұрақтар бетінен іздеп көріңіз. Ол жерден таба алмасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдасаңыз болады. Сұрағыңыз қайталанбаған жағдайда жауабы Жиі Қойылатын Сұрақтар бетіне жарияланады. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!
Ауызашар дұғасы
"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
Бұлар екіге бөлінеді: 1. Ешқандай себепсіз азық немесе азықтың ерекшелігі бар барлық заттарды әдейі біліп жеу. Мысалы: әдейі жеу, ішу, темекі шегу. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен кезде әрі қаза, әрі кәффарат керек. Бірақ азықтар ауызда езіліп, жұтылмайтын болса, дәмі де тамақтан өтпесе, ораза бұзылмайды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттағаны үшін қан алдырғаннан кейін немесе сүйіскеннен кейін […]