Ассалаумағалейкум, достар! Рамазан айы қарсаңында өздеріңізге 5 сауал қойғымыз келіп отыр. Мақсатымыз, Ораза айына қатысты әсерлерімізбен, білгендерімізбен бөлісу. Сауалдар төмендегідей!
- Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны есіңе алғанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?
- Егер ертең Оразаның алғашқы күні болатын болса, бүгін не істер едің?
- Оразаны ұстау барысында басыңнан өткен қандай да бір қызықты оқиғамен бөліссең?
- Ең жақын досың Ораза ұстағысы келмей сылтау айтып жүрген болса, яки теріс жолға түсіп бара жатса, қандай шара қолданасың?
- Оразаға орай Сені ауызашарға шақырсақ, соңынан бата тілесек, қандай бата берер едің?
Жауаптарыңызды urimtal[at]gmail[dot]com поштасына жолдасаңыздар болады
эххх… Алғашқы оразамды қалай ұстағаным есімде болмаса да, ойға тек жақсы естеліктер ғана келеді
1) Менің емес әжемнің ұстаған оразасы түседі. Қызықболатын. Тіпті, сәресіге тұру үшін үйдегі балалардың арасында талас болып, кезекпен тұратынбыз.
3) ешқандай қызық болмаған сыңайлы
4) Дінде зорлық жоқ. Досым емес, мені де ешкім қинамас
5) Еее, қайдан 🙁 ол жағынан 0
Мен алғашқы оразамды еске алғанда, анамның ұстамдылығына таңырқап, ораза ұстауға деген ықыласым күшейіп, маған өзгелер “қиын болады, ұстама” деп аяушылық білдірсе де тұтқаным есім түседі. Таң сәріге асыға оянып, кештің батуын тосу мен үшін үлкен бір ғанибет боп көрінетін. Шындығында сонда менің тілегім, даусым тәңірге жетету мүмкіндігіне ие болғаным ба деп таңырқайтынмын. Ниеттеріңіз қабыл болсын, мұсылман бауырлар!
Мусылман кауым Ораза кабыл болсын!
Мен озым север жактан боламын, Алматыга келгенымде мешытке баруды да былмейтынмын. Оразаны шынымды айтсам ата-анам тугел ата-ажемде алы кунге дейын устамайды! Ен алгаш устаганда ораза басталып кеткенен кейын 2 кун нен сон бастаганмын. Сонда кызык болды гой маган. Ал казыр Аллага шукыр оразага улкен жауапкершылыкпен карап устаймын!
Соны оз Жерлестерыме де тылеймын! Мусылман болайык!
абайсызда жаман сөз айтып қойса не істейді?
Азат, абайсызда жаман сөз айтып қойсаңыз, Аллаһтан кешірім сұрағаныңыз жөн.
Асалаумагалейкум мұсылман бауырлар, Ораза кабыл болсын менің білейін дегенім, Слекей, тукрікті жұтуға болама екен,
Құрметті, Даурен! Ораза кезінде түкірік жұтса ораза бұзылмайды. Тек ауызға толтырып жұтпау керек.
1) бір жұтым қара су сондай дәмді көрінді
2) ұйқымды қандырып, ауыр жұмыстарды бітіріп, киетін киімдерімнің бәрін жуып тазалап қояр едім
3) автобуста кетіп бара жатып бөтелкедегі сумен ауыз ашқаным бар
4) айтып түсіндіруге тырысамын
5) екі дүниенің абыройын берсін!
Пікір білдіріп отырғаныңызға рахмет!
Қазіргі кезде ораза туралы мағлұматтар өте көп қой. Бірақ та оразаны Рамазан айының басында, ортасында және аяғында үш күннен ұстап жүрген бауырларымызға оның қате екендігі туралы қалай түсіндірсек болады?
Ассалаумагалейкум