Өсиет әңгімелер мұрағаты

Ораза – сауда

7 Маусым, 2016 9 пікір

Жұмыстан қайтқан бетім болатын. Күтпеген жерден көршімді кездестіріп қалдым. Ақыретте ақысы сұралатын жандардың бірі емес пе, аздаған уақытымды бөліп, амандық-саулық сұраса бастадым. Өзі сөзшең екен. Әрнәрсенің басын бір шалып, әңгіменің көрігін қыздырдық. «Осы айдың 18-і Хан Шатырда жеңілдік түні болады. Барасың ба?» – деді бір кезде. «Білмеймін» деген маған бір қарап алып: «Сен өзің сауданың […]

Санат: Өсиет әңгімелер Толығымен

Шеге мен сабыр

20 Тамыз, 2010 2 пікір

Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, – депті.

Санат: Өсиет әңгімелер Толығымен

Аллаһ Тағалаға қарай бір қадам аттаған болсаң…

18 Тамыз, 2010 Пікір жоқ

Армандауға қорқатындарды жек көремін. «Өз алдыңа кішкентай мақсат қойма!» дегенді қаншама рет естідім. Адамдар бізге осыны айтқанда: «Шынымен де, көтере алмайтын шоқпарды беліме байлағалы жүргенім жоқ па? Әлде бұл айтылып жүргені жай сөз бе? Асылында солай болар…» деген ойдың жетегінде қаламыз.

Толығымен

Ораза ұстаған жан намаз оқуға міндетті ме?

13 Тамыз, 2010 5 пікір

Ақын, дінтанушы, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабековпен сұхбат, “Алтын Орда” газеті Мың шақырым бір қадамнан басталады… — Мұхамеджан мырза, сауалымызды күні кеше ғана табалдырықтан аттаған ораза айының келуімен бастасақ.

Толығымен

Ораза неге бұзылды?

12 Тамыз, 2010 8 пікір

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген.

Толығымен

Мұсылмансың ба? Ендеше ораза ұстайсың ғой?

3 Тамыз, 2010 Пікір жоқ

Құрметті сайт оқырмандары! Қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Oraza.info сайты биыл да мүмкіндігінше ораза бойы мәліметтермен бөлісіп, жаңадан ораза ұстаушыларға ақпараттық қолдау танытпақ. Араларымызда біріміз оразаны бірнеше жыл қатарынан ұстап келе жатсақ, енді біріміз өміріміздегі алғашқы оразаны тұтқалы жатырмыз. Аллаһ тағала ниеттерімізді қабыл қылғай.

Толығымен

Мәулана және ораза

28 Шілде, 2010 Пікір жоқ

Сопылық ілімнің көрнекті өкілі, исі мұсылманға ортақ діни қайраткер, рухани алып Мәулана Жәлаладдин Руми – Құдайға ғашықтығымен, тақуа ғұмыр кешуімен, жалпақ жұртты рухани сусындатуымен әлемге танымал тұлғалардың бірі. Ғалымның көптеген шет тілдерге аударылған «Мәснәу-и шәриф» пен «Диуаны хикмет» еңбектері тұтастай ислам тағылымдарын, рухани тазалық пен имандылықты дәріптеуге арналған.

Толығымен

Екі қыздың оразасы

25 Тамыз, 2009 10 пікір

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. […]

Толығымен

Ауызашар

5 Тамыз, 2009 25 пікір

Көптен бері кездеспеген досымен ойда-жоқта базарда ұшырасты. Қасына әйелін ерткен Ғалымжан саудагерден құрма сатып алып тұр екен. Қолында аузы мұрнынан шыға тыңқиған екі сөмкесі бар. Асанды көргенде сәл аңтарылып қалды да, лезде қуанып ол да құшағын жайып амандаса кетті. Үшеуі қал-жағдай сұрасып қауқылдасып қалды. – Иә, қайдан сөмкелеріңді арқалап? – Оразаға дайындық қой, қонақтарды ауызашарға […]

Толығымен

Иләһи есеп

29 Шілде, 2009 Пікір жоқ

Мұсылман адам қашан да екі дүниенің тепе-теңдігін сақтай білуі тиіс. Яғни, тек қана ақыретті ойлап, бұл дүниенің тіршілігінен бас тартпауы керек. Сондай-ақ бұл дүниенің қызығына бас қойып, ақыретті ұмытпау ләзім. Мысалы, тек өз қарақан басын ойлап, халықтың мұң-мұқтажын өз пайдасына жарату мұсылмандыққа тән қылық емес. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» демекші, ел үстінен күн көру […]

Толығымен

Қойшы мен алма ағашы

23 Шілде, 2009 15 пікір

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай […]

Толығымен

Ыстық күні ораза

18 Шілде, 2009 17 пікір

Жаздың ыстық күнінде бір топ ауылдастар көрші ауылға жолға шығады. Белгілі бір уақыттан соң жақын жердегі өзен жағасына жайғасып, жүрек жалғамақшы болады. Араларында біреу “аш жүргенді дастарханымызға шақырып, оны тойдырып сауап жинайық” дегенді ұсынады. Сол кезде өзеңнің арғы жағында демалып жатқан бір кедейді көреді. Осы аш болар деп, қасына барып оятады. – Біздің дастарханымыздан ауыз […]

Толығымен