Ораза неге бұзылды?

12 Тамыз, 2010 8 пікір

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушы иенің разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған.

Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сәт Дыхләуи: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы» деп өкініш білдірді.

Әулиенің бұл тосын қылығына қасындағылар «Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе, алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?» деп таңырқағанда, ол «Ғайбат – айтушыға да, тыңдаушыға да ортақ» деген хадиспен жауап берді.

ҚМДБ сайтынан

Санат: Өсиет әңгімелер

8 пікір

  1. Асхат says:

    Ассалаумагалейкум. Менде быр сурак бар, Ораза устаганда, ауыз ашкан сон сагат тангы 4 ке шейын тамактануга бола ма?

  2. Мухсин says:

    уаалейкум ассалам,ия болады бауырым ауыз бекиткенше,

  3. Асхат says:

    Ораза устаганда не ыстеу керек?(толыгынан айтып бере аласызбе*)

  4. Жансая says:

    Сәлеметсіз бе!Мен оразаны 3 куннен кейін устадым да 1 күнді бұзып койдым .кайтадан устауыма бола ма?

  5. Кайсар says:

    Жансая болады, бирак айт биткеннен кейн кайтадан 4 устайсын

  6. Жансая says:

    Kop rahmet Kaisar

  7. Арай says:

    Сәлеметсіздер ме! Менің сұрайын дегенім, сәресі ішпей ұйықтап қалсаң ораза бұзылады ма? Мұндай жағдайда не істеуге болар екен?