Тамыз, 2009 айының мұрағаты

“Сөмкесін әзер сүйреп жүр деп бекіттірмейтін”

26 Тамыз, 2009 5 пікір

1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Сірнесі сыртына шыққан қытай кәмпиті, қауынішек, халуа, науат… деп тәттілер тізімін қайта тізсем, ең алғаш Ораза ұстап жүрген жылдарым есіме түседі. Аңсары тәттіге ауған баланың санасына ол кезде сауап-күнә арасалмағы деген сияқты түсініктер қайдан жетсін. Ауыл. Үйелмен мүшелерінен нағашы әжем мен ағам ғана […]

Санат: 5 сауал Толығымен

Екі қыздың оразасы

25 Тамыз, 2009 10 пікір

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады: – Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: – Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. […]

Санат: Өсиет әңгімелер Толығымен

Салауат…

25 Тамыз, 2009 1 пікір

Аты-жөнін SSS деп көрсеткен бір оқырманымыз “Бес сауалдың” бір сауалына өзінің жауабын пікір ретінде қалдырған екен. Бөлек жазба ретінде шығарғанды жөн көрдік. Бисмиллахир Рахманир Рахим Салауат… Аллаһым, Сені хамд және мадақ етеміз. Сен көктер мен жерді және оның ішіндегілерді тік ұстаған «Қайюмсың», бүкіл жаратылыстың нағыз Иесісің. Сен Хақсың, Уағдаң Хақ, Саған қауышу Хақ, Сөзің Хақ, […]

Толығымен

«Ораза айы келді болып қонақ» немесе бабаларымыз оразаны қалай насихаттаған?

23 Тамыз, 2009 4 пікір

Құранда парыз етілген оразаға ата-бабаларымыз ешқашан бей-жай қарамаған. Ауыз бекіткен жанның сауабын жомарттығы мол Жасаған иенің өзі өлшейтіндігін, бес күндік тіршіліктің мәні құлшылықта екендігін, бұ дүниенің – бейнет, ақыреттің – зейнет екенін жақсы түсінген. Сол себепті ғапылдыққа ұрынбай, мұсылмандық парызды өтеуді міндет деп қараған. Жылына бір келер отыз күн оразаны барынша құрметпен қарсы алған. Рамазан […]

Толығымен

Ораза ұстаушыға 15 кеңес

22 Тамыз, 2009 12 пікір

Аллаһ тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді орындауымыз керек: Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды. Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен […]

Толығымен

Дін деген не, көксегені қандай мақсат?

21 Тамыз, 2009 Пікір жоқ

«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен […]

Толығымен

Тарауихтың не екенін білмеппін…

20 Тамыз, 2009 2 пікір

“Бес сауалдың” бүгінгі қонағы – Тимур Бектұр, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Бұл сұраққа былтырғы ораза туралы айтқым келіп отыр. Өйткені, одан бірнеше жыл бұрын ұстаған оразаларым онша есте қалған жоқ. Шамасы, бұл теңдесі жоқ ғибадаттың мәнісін қатты сезіне қоймаған болуым керек. Ал былтырғы […]

Толығымен

Қасиетті Рамазан құтты болсын !

19 Тамыз, 2009 Пікір жоқ

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау мен мадақ Әлемдердің Раб­­бысы Алла таға­лаға болсын! Жыл бойы күт­кен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар! Баршамызды мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушы­ның пенделеріне тартқан тең­дессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сан­сыз сезімдер мен толып тасыған ізгі […]

Толығымен

Жапониядағы оразам

18 Тамыз, 2009 Пікір жоқ

“Бес сауалдың” кезекті авторы – Жанна, бізге Жапонияда өткізген оразасының әсерлерімен бөлісіп, біраз мәліметтер жіберген екен. Сайтымыздың қолданушысына алғысымызды білдіре отырып, жауаптарын жариялаймыз. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Ең алғашқы ораза туралы аса есте қаларлық нәрсе есімде жоқ. Ол кезде мектепте 7 әлде 8 класта оқыған болатынмын. Алғашқы […]

Толығымен

Пайғамбарымыздың оразаны түсіндіруі

16 Тамыз, 2009 4 пікір

Құлшылықтың пайдалары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірген Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйҺи уә сәлләм) үмбетін де соны орындауға ынталандырған. Әбу Һұрайра риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһ Тағаланың былай деп бұйырғанын жеткізген: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін жазылады. Алайда оразаның жөні бөлек. Оның қарымын тек Мен беремін. Өйткені ол тек менің разылығым […]

Толығымен

Рамазанның бірінші күнінде “Асыл арна” іске қосылмақ

13 Тамыз, 2009 9 пікір

Аллаһ қаласа, биылғы жылдың қасиетті Рамазан айында Қазақстанда тұңғыш рет ислами ағартушылық бағыттағы «Асыл арна» телеарнасы өз жұмысын бастамақ. Телеарна Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының қолдауымен және Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей қамқорлығымен ашылуда. Тамыздың 20-шы жұлдызы күні сағат 10:00 де Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының бас ғимаратында телеарнаның ашылу салтанаты өтпекші. Аллаһ қаласа, 21-ші тамызда, […]

Толығымен

Ашығу – дауасы мол дәрісіз шипа!

12 Тамыз, 2009 1 пікір

Дәрісіз денсаулық Ашығу емі деген не? Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану […]

Толығымен