Аты-жөнін SSS деп көрсеткен бір оқырманымыз “Бес сауалдың” бір сауалына өзінің жауабын пікір ретінде қалдырған екен. Бөлек жазба ретінде шығарғанды жөн көрдік.
Бисмиллахир Рахманир Рахим
Салауат…
Аллаһым, Сені хамд және мадақ етеміз. Сен көктер мен жерді және оның ішіндегілерді тік ұстаған «Қайюмсың», бүкіл жаратылыстың нағыз Иесісің. Сен Хақсың, Уағдаң Хақ, Саған қауышу Хақ, Сөзің Хақ, Жәннәт та Хақ, Жәһәннәм да Хақ, Пайғамбарларың және Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбар Хақ, Қиямет күні де Хақ.
Аллаһым, Саған берілдік, Саған иман еттік, Саған тәуекел етіп, жүзімізді бұрдық. Біздің болашақ және өткен күнәларымызды кешіре гөр. Бізді харамнан және күнәлардан жер мен көктей алшақ ұста. Бізге бұл дүниеде және ахыретте жақсылықтар бер және тозақ отынан сақта. Сенің атыңмен өліп, Сенің атыңмен тірілуімізді нәсіп ет. Бізге көтере алмайтын жүк берме, жасаған ғибадаттарымызды, амалдарымызды, жақсылықтарымызды қабыл ет және Сенің көзіңде дұрыс болуын нәсіп ет! Бізге және әке шешемізге мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімізді, әрі Өзің разы болатын іс істеуімізді нәсіп ет те; Өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!
Жақын адамдарыңыздың есімдері әкесінің атымен бірге….
Аллаһым, қиямет күні есептескенде әкемізге, анамызға, бауырларымызға, туыстарымызға, жауапты болған адамдарымызға, есімдері оқылған адамдарға, бүкіл мұсылмандар мен адамзатқа мейірімің мен рақымыңды төгіп, оларды кешіре гөр. Бұл дүниеде оларға кәміл иман нәсіп ет, хидаяттарын кешіктірме, Аллаһым!
Иә, Аллаһ! Өміріміздің қорғаны болған дінімізді, тіршілік еткен мына дүниемізді және қайтар орнымыз болған ақыретімізді дұрыстап, жақсарта гөр. Өмірдің бізге игілік арттыруын және өлімді біз үшін барлық жамандықтардан арылып, дем алатын жер ете гөр!
Иә, Аллаһ! Біз Өзіңе қорықпайтын жүректен, естілмейтін дұға тілектен, тойымсыз көңілден, пайдасыз білімнен пана сұраймыз. Осылардан бізді сақтай гөр!
Иә, Аллаһ! Біз сенен жақында және келешекте болатын, өзіміз білетін және білмейтін барлық жақсылықтарды сұраймыз, әрі өзіміз білетін және білмейтін барлық жамандықтардан Өзіңе сыйынамыз. Иә, Аллаһ! Сенің құлың әрі Пайғамбарың (с.а.с) сұраған жақсылықтардан біз де сұраймыз және Сенің құлың әрі Пайғамбарың (с.а.с) сыйынған жамандықтардан біз де сыйынамыз. Иә, Аллаһ! Жәннатты және оған жақындататын іс амалдарды сұраймыз. Иә, Аллаһ! Тозақтан және оған жақындататын барлық сөз бен іс амалдардан Саған сыйынамыз. Иә, Аллаһ! Тағдырымызға жазғаныңның барлығын біз үшін хайырлы етуіңді сұраймыз!
Иә, Аллаһ! Бізге күналардан қайтаратын қорқыныш, жәннатқа апаратын бағыныштылық, бұл дүниедегі ауыртпашылықтарды жеңілдететін айқын иман нәсіп ет!
Иә, Аллаһ! Тіршілігімізде құлағымызды, көз, күш қуатымызды пайдалануды нәсіп ет. Ұрпақтарымызға да соны нәсіп ет! Бізге зұлымдық еткендерден кегімізді ал, бізге дұшпандарымызға қарсы жәрдем бер! Дінімізді сақта! Бұл дүниені басты ауыртпашылығымыз және біліміміздің шегі ете көрме. Бізге мейірімділік етпегенді үстімізден басшы етуден сақтай гөр!
Аллаһым, қиыншылықтардағы, ауру сырқаудағы, сапардағылар мен ренжіскендерге мейірімің мен рақымыңды төгіп, оларға жәрдем бер және кешіре гөр.
Бізді көркем мінез иесі қыла гөр және ішіміз бен сыртымыз тен нағыз мүминдерден болуымызды нәсіп ет! Саған ғана шүкір етуді және зікір етуді, Саған ғана ғибадат етуді нәсіп ет және бізге жәрдем ет.
Раббым, тек Сенің разылығың бар істерді жасауды, Құран және Сүннет жолында қызмет етуді, Өзіңе лайықты сүйікті құлдарыңнан, Пайғамбарымызға (с.а.с) лайықты хайырлы үмметінен болуымызды нәсіп ет! Бізді Сенен еш айырма, бізге жәрдем бер.
Ей, Рақымдылардың ең Рақымдысы, ашуыңа тұтылғаннан немесе разы болмауыңа ұшыраудан Сенің Нұрлы жүзіңе сыйынамыз. Азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан разылығыңа сыйынып, Сенен пана сұраймыз. Біздің күнәларымызды кешіре гөр. Сенің разылығыңа ие болғанға дейін кешіріміңді күтеміз, Сенің кешіріміңе ынтызармыз, мұқтажбыз. Барлық күш пен құдірет тек қана Сенің қолыңда, Аллаһым!
Иә, Аллаһ! Көместі білгендігіңмен және жарату құдіреттілігіңмен, егер тіршілікті біз үшін хайырлы деп білсең бізге өмір бере гөр, ал егер өлімді біз үшін хайырлы деп білсең, жанымызды ал деп сұраймыз! Иә, Аллаһ! Шындығында бізді әшкере және көмескі істерімізде Өзіңнен қорқатын пенделерден етуіңді сұраймыз. Әрі риза болғанымызда да ашуланғанымызда да шын сөзді айтуымызды нәсіп ет және бай дәулетті болғанымызда, әрі жарлылық шағымызда да бірқалыпты орта болуымызды сұраймыз. Сенен таусылмайтын нығмет, бақ, әрі үзілмейтін қуаныш сұраймыз. Сенің дидарыңды көру ләззаты, зиянды қайғыларсыз, адастыратын бүліктерсіз Өзіңе жолығуға құштарлықты сұраймыз! Иә, Аллаһ! Бізді иман көркемдігімен көркемдендіре түс, әрі бізді тура жолды ұстанған жетекшілерден ете гөр!
Иә, Аллаһ! Біздің жүректерімізді жарастыр, біздерді бір бірімізбен жарастыр, біздерді бейбіт жолдармен жүргіз, қараңғылықтан арылтып жарыққа шығар! Анық және жасырын арсыздықтан біздерді сақта. Біздің құлақтарымызды, көздерімізді, жүректерімізді, жұбайларымызды, ұрпағымызды берекелі етіп, тәубемізді қабыл ал! Шындығында Сен тәубені қабыл алушы аса Мейірімдісің және бізді Өзіңнің берген нығметтеріңе шүкір етуші, оны қабыл алушы, Өзіңді мақтаушы құлдарыңнан ете гөр! Иә, Алла, бізге нығметтеріңді толықтыра түс!
Иә, Аллаһ! Біз Сенен сұрағандарымыздың қайырлысын, тілек дұғаның қайырлысын, амалдың қайырлысын, сауаптың қайырлысын, тіршіліктің қайырлысын, өлімнің қайырлысын сұраймыз. Бізді орнықтыр, амал таразымызды ауыр ет, иманымызды күшейт, дәрежемізді көтер, намаздарымызды қабыл етіп, күнәларымызды кешіре гөр! Иә, Аллаһ! Әр істің басы мен аяғы әуелден қайырлы болсын. Сондай ақ, жәннаттың биік дәрежелерін нәсіп ет! Иә, Аллаһ! Адамдардың бізді жақсылықпен еске алуын жоғарылат. Мойнымыздағы жүгімізді жеңілдет, істерімізді ретке келтіріп, жүрегімізді тазарт, арымызды сақта, жүрегімізді нұрға бөле, күнәларымызды кешір! Өзіңнен жәннаттың биік дәрежелерін сұраймыз. Иә, Аллаһ! Біздің жанымызды, құлағымызды, көзімізді, рухымызды, жаратылысымызды, мінезімізді, отбасымызды, тіршілігімізді, өлімімізді, амалымызды берекелі етіп, жақсылықтарымызды қабыл етуіңді сұраймыз. Сондай ақ, Сенен жаннаттың биік дәрежелерін сұраймыз!
Сүйікті құлың әрі Елшің Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с), Оның отбасының, сахабаларының және разы болған барлық құлдарыңның құрметіне дұғаларымызды қабыл ет, бізді кешір және бізден разы бол!
Раббәнә әтинә фид дуния хәсәнәтән уә фил әхирәти хәсәнәтән уә қинә азабән нәр.
Аллаһ разылығы үшін Фатиха және Пайғамбарымызға (с.а.с) Салауат…
авторы: SSS
Аллах Тагала насип етсин!!! Кул не каласа Жаратушы Жаббар ием соны береди екен!!!
Пайгамбарымыз с.а.у. айткан: касиетти Хизр мен касиетти Ильяс екеуи рамазан айында кагбада… Аллах Тагаланын Улылыгын айтып мадактайды екен… “Во имя Аллаха! Ма ша-а Аллах! (Как прекрасно все, что пожелал Аллах!) Только Аллах дарует благо! Ма ша-а Аллах! Только Аллах способен отвести зло! Ма ша-а Аллах! Все блага и дары только от Аллаха! Ма ша-а Аллах! Нет мощи и силы ни у кого, кроме Аллаха!”