Ыстық күні ораза

Жаздың ыстық күнінде бір топ ауылдастар көрші ауылға жолға шығады. Белгілі бір уақыттан соң жақын жердегі өзен жағасына жайғасып, жүрек жалғамақшы болады. Араларында біреу “аш жүргенді дастарханымызға шақырып, оны тойдырып сауап жинайық” дегенді ұсынады. Сол кезде өзеңнің арғы жағында демалып жатқан бір кедейді көреді. Осы аш болар деп, қасына барып оятады.
– Біздің дастарханымыздан ауыз тиіңіз. Бірге тамақтанайық, – десе, кедей:
– Жоқ, сендердің ұсынынғандарынан да ұтымды ұсыныс жасалынып, керемет жерге шақырылғанмын. – деп еш ойланбастан бас тартады.
Адамның кедей әрі үй-жайсыз екенін көріп тұрған жолаушылар “Қай жерге шақырылдыңыз? Қандай ұсыныс ол?” деп таңдана сұрайды.
– Ол Аллаһтың ұсынысы мен шақыруы. Мен оразамын.
Жолаушылар осындай ыстық күнде қалайша ораза ұстайсың, қиын емес па деп таңдана сұрайды. Сондағы кедейдің жауабы:
– Иә, оразамын. Ақыреттің ыстығына шыдай алмай азап көргенше, ыстық күні ораза ұстағанды жөн көрем.

http://angime.blogspot.com/

17 thoughts on “Ыстық күні ораза

  1. Subhanallah,
    ma6allah
    aj jilap jibergin keledi.
    Ақыреттің ыстығына шыдай алмай азап көргенше, ыстық күні ораза ұстағанды жөн көрем.
    mina sozderdi okiganda korkini6ti eken.

  2. Ақыретін ойлаған адам астамшылдыққа бармайды деген рас. екі дүниеде де бақытты болу үшін Алла айтқандарын орындаған абзал. ИншАллаһ, мен де Рамазан айында Ораза ұстаймын. Күнә-кемшіліктерімді кешіруі үшін Аллаға ғибадат етіп, мол сауап жинауға тырысамын.

  3. МашАллах, шын мәнінде әрбір адам баласына үгіт насихат, үлгі болатын әңгіме екен. Оқып отырып терең ойға шомылып кетеді екенсін. Рахмет, маған қатты ұнады, Аллах Разы Болсын!

    З.Ы. Осыған байланысты бір сұрағым бар еді. Рамазан айында белгілі бір себептермен ұсталмай қалған оразаны келесі жылғы Рамазан айына дейін қаза қылып өтесе болады ма? Әлде міндетті түрде сондай қаза оразаларды өтейтін, әдейі белгіленген уақыт бар ма?

  4. Рамазан айының оразасын белгілі бір себептерге байланысты (себеп: өзіңіздің қалауыңыз емес. дініміздің рұхсат еткен шеңберінде) ұстай алмаған болсаңыз оны айт күндерінен басқа кез келген күндері қазасын өтей аласыз. Ал егер
    Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз ораза бұзылған болса, онда оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шама жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы (60 күн), егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыру керек. Құранда бұл жайлы: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар» – делінеді.

  5. Барлыгымызгада насип болсын, ыстык куни ораза устау.

  6. Машшаллах Алла иманымызды арттырсын.Аллах бізге сабыр беріп, жаннатты нәсіп етсін. Бұл мусылмандарға қандай үлгі алатындай оқиға. Субханналлах шын мәнінде мына дүниеде өте қатты сынақтарға ұшырап, сабыр етіп көп сауап алған үлгі боларлық қаншама адамдар бар. Алла бізді солардың қатарынан етсе екен ғой.Пайғамбарымыздың өзі кәпірлерден жапа көріп, олар Пайғамбарымыздың /с.а.с./ тісін канатса да, пайғамбарымыз /с.а.с/ сабыр етіп оларға Аллахтан кешірім етуін сурап дуға еткен. Машаллах Алла иманымызды арттырсын.

  7. Мен биыл бірінші рет ораза ұстағалы отырмын. Күн жақындаған сайын бойымдағы қорқыныштан арыла алмай-ақ қойдым. Бұл қорқыныш аш боламын-ау дегенім емес, дұрыс жолын көрсетіп, ақыл кеңес сұрайтын адам болмауына байланысты оразаны дұрыс ұстамай күнә арқалаймын ғой дегенім. Менің бойымдағы қорқыныштан арылуыма көмек сұраймын.

  8. Гүлзайра, бойыңыздағы үрей Оразаға үлкен жауапкершілікпен қарағаннан ғой. Ораза соншалықты қиын құлшылық емес. Өзіңіз білесіз, Аллаһ Тағала бізге ауырлықты емес, жеңілдікті қалайды. Мүмкін болса, Ораза айында діни білімі мол жандармен бірге болуға тырысыңыз. Аллаһ Тағала Сіз үшін Оразаны жеңіл қылғай! Пікіріңізге көп рахмет. Аллаһ разы болсын!

  9. Құрметті Гүлзайра ханым! Біріншіден тұтпақ болған оразаңыз қабыл болсын. Екіншіден ислам дінінің өте жұмсақ әрі рақым діні екендігін ұмытпағайсыз. Сіздің бойыңыздағы қорқыныш емес те, бәлкім қуаныш пен оразаға деген жауапкершілік болса керек. Ұлы Жаратушы бір құдси хадисте: «Ораза тікелей Мен үшін жасалатын құлшылық, оның қайтарымын Өзім беремін» деген. Олай болса Аллаһтың разылығы үшін тұтылған оразаның қарымын тек Аллаһ бермек. Сондықтан да қорықпаңыз. Егер де сауалыңыз болып жатса осында (интернетте) отырған кез-келген жанашыр бауырыңыз жауап береді деген ойдамын.
    Кейде Рамазанның келуімен, көкірек көзі ояу жандарды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезінеді. Тақуалықтан жүректері діріл қағып, өздерін «үміт пен үрей» аясынан табады.

  10. Кедеймен келiсемiн-агайын.
    Алла Ақыреттің ыстығына жеткiзбей-ак койсын,
    ыстық күні ораза ұстап ,Сiздерге де-Сабырдын салмагын тiлеймiн
    Ораза кабыл болсын!

  11. Рамазан айы мубарак болсын! Алла жар болып,Шанырак шаттыкка толсын! Ак мол болсын,уйге бакыт,Береке акелсін! Алланын нуры жаусын,Пайгамбардын шапагаты туссін! Мейірімді Алланын нуры жауып,арбір ісімiз тек жаксылыктан болсын! Журектерімізге мол иман,сабыр берсін! Осы жаксы амалдарымыз акіретте тозак отына корган болсын! Алла ниетінізді кабыл етсін! Аркез Алланын кам-корында болыныздар!

  12. Рамазан айы тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын мұсылман баырлар! мен откен жылы бірінші рет ораза тұтқан болатынмын, шыны керек білместіктен жіберген қателіктерім коп болды. Бұл білместіктен жасаған қателіктеріме не айтасыздар?

Comments are closed.