Оразаның дұрыс орындалу шарттары

17 Шілде, 2009 46 пікір

1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін оразаның қазасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу – абзал.

2. Ниет: Барлық оразаға жүрекпен ниет ету – жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету – абзал. Рамазан оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл – фақиһтердің басым көпшілігінің пікірі.

Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші – түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл оразаның қазасы және кәффәрат оразасы мен жалпы атау (нәзір) оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып ниет ету шарт. Ақшам уақы-тында шешім қабылдау мен сәреге тұру да ниетке жатады. Екінші – түнде ниеттену мен анықтау шарт емес оразалар: Бұған Рамазан оразасы, уақыты белгіленген атау оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл оразалар жатады. Мұндай оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай оразаға ниет ететін адам екінші шапақтан бері еш нәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі бір күні Айшаға былай деді: «Бесінге тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», – деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», – деді.

Кісі түнде қандай да бір оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып саналады.

Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егерде шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл оразаға ниет етсе, ол Рамазан оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді бір оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл оразаға ниет етсе, оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір оразамен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл оразаға айналады. Бip әйел хайыз кезінде түнде оразаға ниеттенсе, екінші шапақтың атуынан бұрын хайыз мерзімі аяқталса, оразасы жарамды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле алмай күмәнданса, өздерінің иштиһаттар-болжамдары бойынша, шешім қабылдап, бір ай ораза ұстайды. Бұл – құбыла мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды. Кейіннен рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай қалған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан бұрын ұстаған болса, бұл тек нәпіл оразаға жатады.

Ислам ғылымхалы кітабынан

Санат: Ғылымхал

46 пікір

  1. Айгерім says:

    Сіздердің сайттарыңыздан керекты барлық ақпаратты алдым. Аллаһ разы болсын

  2. Есбол says:

    Алла тағала сіздерге разы болсын. Иншаллах сіздердің көмектеріңізбен ислам дінін ұстанатын яғни мұсылман болам дегендер көбейеді деп ойлаймын.

  3. Қайрат says:

    Ассалаумағалейкум!
    Бір сұраққа жауап берулеріңізді өтінемін:
    Хайыз жағдайындағы әйел ораза ұстауын жалғастыра берсе бола ма екен?
    Рахмет.

  4. islam-nury says:

    Хайыз бен нифас кезінде әйелдер ораза ұстамайды. Кейін Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін оразаның қазасын өтейді.

  5. Қайрат says:

    Жауабыңызға рахмет, Алланың нұры жаусын!

  6. Б says:

    Әссәләму әлейкум!
    Мен бір сұраққа жауап берулеріңізді өтінемін?
    Егер бір адам аузын бекітіп қойып, күндіз ұйықтап жатқанда жүніп болса, ғұсыл алама?

  7. admin says:

    Құрметті Б,
    кез-келген жағдайда жүніп болсаңыз ғұсыл алуыңыз керек.

  8. Малик says:

    намаз окымаймын бирак ораза устагым келеди. болады ма?

  9. admin says:

    Әрине болады, Мәлік! Ниетіңіздің қабыл болуына тілектеспіз!

  10. Ерканат says:

    Жүніп деген сөздін мағнасын түсіндіріп берсеңіз?

  11. admin says:

    “Жүніп” деген сөздің мағынасын мына жерден оқып, таба аласыз.

  12. Айгул says:

    Ассалям уалейкум уа рахматтулахи уа баракатух . хиджап кимей ораза устаганым кабыл бола ма?

  13. Арман says:

    Ассалаумагалейкум!
    Берген ақпараттарыңыз үшін рақмет!
    Менің сұрағым: ауызды кестедегі таң намазы деген уақытқа дейін бекіту керек па, әлде Күннің шығуы деп көрсетілген уақытқа дейін бе?
    Рақмет!

  14. admin says:

    Уағалейкум ассалам!

    Арман, аузыңызды кестедегі таң намазына дейін (таң намазынан он мину бұрын) бекіту керек.

  15. Рита says:

    ораза устап , тунде жыныс катнасуга боладыма

  16. Канат says:

    Ораза устаганда ерлизайптер бирге болса ораза бузылама?

  17. admin2 says:

    Сәлеметсіз бе Канат, Рита,
    ауыз берік кезінде болмайды. Ауызды ашқан соң сәресі уақытына дейін болады.

  18. Рита says:

    Рахмет. Сурғымыз үшін кешірініз. Ораза қабыл болсын.

  19. Саят says:

    Ассалаумағалейкум құрметті мұсылман бауырлар, барлығымызды осы қасиетті ұлық болған Рамазан айына аман-есен жеткізген Аллах тағалаға сансыз шүкіршіліктер болсын. Иншаллах ұстайтын оразаларымыз, ниеттеріміз, дұғаларымыз қабыл болсын. Ата-аналарымыз, бауырларымыз, отбасымыз аман болсын. Ислам діміз көркейе берсін, Аллах тағала сіздерге разы болсын.

  20. Ботагоз says:

    Ораза уакытында душ кабылдауга болады ма? Одан оразам ашылып кетпейди ма?

  21. admin2 says:

    Сәлеметсіз бе Ботагоз,
    әрине душ қабылдасаңыз болады. Бірақ мұрныңыз бен тамағыңызға су кетіп қалмауын қатты қадағалаңыз.

  22. Fariza says:

    салеметсыз бе,менын сызге тагы быр сурагым бар еды,ораза кезынде кас жылуга болады ма?

  23. admin2 says:

    Сәлеметсіз бе Fariza,
    толығырақ жауапты мына жерден оқи аласыз: http://www.muftyat.kz/index.php?do=faq&op=ShowCat&id_cat=22&categories=%D8%E0%F0%E8&howorder=asc#508

  24. Нурислам says:

    ассаламагалекум сізге коятын сурагым ораза уакытында түкірік жұуга бола ма???

  25. Гиззат says:

    Mұсылман бауырларым оразаларыныз қабыл болсын!!!!

  26. Санат says:

    Сәресін ішерден бұрын немесе кейін қандай да бір дұға оқыла ма?

  27. Алмагуль says:

    Жүніп деген сөздің мағынасын білесіз бе?

  28. Атыңыз says:

    Аузым берік кезде бассейнге тусуге болама? оразам бузылып кетпей пе? Рахмет!

  29. admin says:

    @ Санат, сәресін ішіп болған соң, сайттың оң жақ бағанындағы Ауыз бекітердегі дұғаны оқысаңыз болады.

    @ Алмагүл, “Жүніп” деген сөздің мағынасын мына жерден оқып, таба аласыз.

    @ Бассейнге түсуге болады, тек тамағыңыздан су өтіп кетсе, оразаңыз бұзылатынын ұмытпаңыз.

    Оразаларыңыз қабыл болсын!

  30. Макпал says:

    сәресін ішетін уақытта ұйықтап қалса бірақ алі де күн шықшаған жағдада, жүрек жалғап алу үшін тамақ жесе бола ма?

  31. admin2 says:

    сәлеметсіз бе Макпал,
    ауызды таң намазының уақытына дейін бекітуіңіз керек. Одан кейін ішуге болмайды. Күнделікті сәресіне тұруға тырысыңыз

  32. Атыңыз says:

    Ассаламуалйкум! менын есымым Женис болады! Ораза устап журген адам музыка тындауга болама?

  33. Акбота says:

    Салеметсіз бе!Ораза кабыл болсын!Тан ертен саресіне тура алмай калган жагдайда ораза бузылады ма?1-кун карыз болады ма?

  34. Арай says:

    Саламатсыз ба!Менин сиздерге 1сурагым бар еди: ауыз ашарда немесе ауыз бекитерде Ыкылас немесе Фатиха суресин окыса болама?

    Тагы 1 сурагым:адам оразаны умытып кетип,ауыз ашып койдым!Оразаны ауыз ашып койган сон кайта жалгастыра берсе болама???

    Рахмет.

  35. Турсынай says:

    Салеметсиздерма курметты мусылман жолындагы ораза устаушы кауым! Ораза кабыл болсын! Менин сурагым ауыз бекиткеннен кеин ауыздан жагымсыз иис шыгады, содан калай арылуга болады?
    Рахмет!

  36. admin2 says:

    Сәлеметсіз бе Турсынай,
    тісті мисуакпен тазаласаңыз болады:
    http://www.islam.ru/science/miswak/
    http://hunnyshop.ru/product/miswak/
    Мешіттердің маңайындағы дүкендерден сатып алсаңыз болады.

    Пайғамбарымыздың (с.а.с) сол туралы хадисінде : “Аузы берік адамның аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін миск әтірінен де тамаша.” делінген.

  37. Дана says:

    Сәлеметсіз бе!Ораза кезінде мисуак қолдану, менің естуімше – мәкрүһ

  38. Гульшат says:

    ассаламагалекум сізге коятын сурагым ораза уакытында, (кандай жагдайларда) түкірік жұуга болады не болмайды ма ?

  39. Жазира says:

    Оразаны үш күн басында үш күн ортасында және аяғында ұстауға рұқсат етілеме?…

  40. admin says:

    Құрметті, Жазира! Рамазан айының оразасын үш күн басында, үш күн ортасында, үш күн соңында ұстауға рұқсат етілмейді. Толық Рамазан айы бойы ораза ұстау керек.

  41. admin says:

    Уағалейкумассалам! Гүлшат, ораза уақытында түкірікті тек жинап жұтуға болмайды.

  42. admin says:

    Сәлеметсіз бе, Дана! Пікіріңізге рахмет. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану мәкрүһ. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.
    https://oraza.info/142-auzy-berik-kisige-makruh-jane-makruh-emes-narseler

  43. Динара says:

    Ассаламагалекум сізге коятын бiр сурагым бар едi.Ораза уакытында iнiме айкайлап урыссам оразамнын бузылганы болып есептеледi ма?

  44. admin says:

    Уағалейкум ассалам! Динара, ініңізге айғайлап ұрысқаннан оразаңыз бұзылмайды. Тек Рамазан айында сабырлы болғаныңыз жөн. Қазақ атамыз “Ашу – дұшпан…” деп бекер айтпаса керек.

  45. Ербол says:

    Ассаламагалекум сізге коятын бiр сурагым бар ед.
    Ораза тұту үшін тұрганнан кейін кайтып жатамыз ұыктаймыз
    одан кейін жүніп болып калса не болады!!

  46. Ербол says:

    Ораза бұзылама???