Ескерту: Жолдаған сауалыңызға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы қызметкерлері жауап берген соң, ол осы жерде жарияланады. Қандай да бір себеппен (сұрағыңыз ораза туралы емес болса немесе біз түсінбейтін тілде келсе) сұрағыңызға жауап ала алмасаңыз, www.muftyat.kz және www.muslim.kz сайттарының сұрақ-жауап бөлімдеріне де хабарласуларыңызды өтінеміз. Аллаһ тағала оразаларымызды қабыл етсін!

Сұрақ: Саламатсыздар ма? Оразаларыныз кабыл болсын! Мынадай сурак кояйын деп едім “Депозитке акша салып одан пайда табуга исламда куна болып есептеле ма екен?”. Себебі білуімше пайыз беруші мен алушы бірдей кунаһар болып есептеледі емес па еді хадис бойынша? Алдын ала алгысымды білдіремін. Эльмира

Жауап: Дінімізде пайыз харам. Сондықтан банкке пайыздалсын деп ақша салып қою дұрыс емес.

***

Сұрақ: Қайырлы кеш мұсылман бауырлар! Оразаларыныз кабыл болсын!!!Менин кояйын деген сурагым казир ораза устап журмин, енди кешке ауыз ашардан кейин етеккирим келип калды..оразам бузылганын билем,бирак енди саресине турып ниет ету керек пе?Казасын кашан отеймин? Бота

Жауап: Ететккір кезінде ораза ұсталмайды. Ішіп-жей бересіз. Тоқтаған кезден бастап қайта тұта бастайсыз. Ал қазасын Рамазан айынан кейін өтейсіз.

***

Сұрақ: Ассаламу алейкум уа рахматуллах! Алматыда окып журип Актобе каласына куйеуге шыктым,2-ши семестр бойы сабактан калдым,сессияга барганда кей сабактарды акшамен жабуга тура келди,ойткени курсовойларды аз уакытта битиру мумкин емес болатын,сырттай окуга ауысу да жыл аякталганда мумкин болмады,енди сол берген акша парага жата ма?Али сонгы курсым бар,окуды тастауга еки жак та карсы,битиргенимди калайды,не истейин? Дәурен

Жауап: сурак накты ашылмаган. озиниздин билиминизбен тапсырыныз. ал сабакка келмегендиктен акы толеу болса казирги тандагы кредиттик жуие бойынша келмеген сабактарга , оте алмай жазда окыганга акы толейсиз. ол билим жуйесинин зандылыгы. кез келген адам маман иеси болса жаксы. сондыктан да аса киын болмаса сабагынызды алып тамамдаганыныз жаксы. ал ертенги куни маман иеси болмаймын кажет емес деп жатсаныз, отбасы ушин киын болады. деп жатсаныз онда осы жерде токтайсыз. арине ерик сизде.

***

Сұрақ: Ассалаумағалейкум! Осы таң ертең таң намазына азан шақырғанда неге иттер ұлыйды? Жаман естіледі екен! Менен де осы сұрақты таныстарым, жора-жолдастарым сұрайды. Рахмет. Алла Тағала ардайым жар болсын!  Айдын

Жауап: Азан мұсылман баласын бір жерге жинау, жамағатпен намаз оқып, Алланын әмірін орындауға шақырады. Сонымен қатар азан айтылғанда шайтандардың қашатыны туралы хадистер бар. (Бухари, Азан, 4; Муслим, Салат, 19; Насаи, Азан, 30)  ал Шайтанның басты міндеті адамдардың басын бір жерге қоспау. Мәселен қораздар периштені көргенде шақырады. Жануарлар біз көрмеген дүниені көруі мүмкін. Дәл осы секілді иттердің де ұлуы бәлкім шайтандарды көргеннен болар.

***

Сұрақ: Мен оразаның соңғы он күнінде тақ күндері қадір түнін күтуге болады деп естіп едім. Биыл ол қай күндерге келеді? Рақмет! Оскен

Жауап: Биылғы жылдың қадір түні қыркүйектің 5-нен 6-на қараған түн. Көптеген ғұламалар Рамазан айының 27-не тоқтаған. Дегенмен, өзіңіз айтып кеткендей соңғы он күнді де құлшылықпен өткізсеңіз сүннет.  Рамазан айының ең соңғы он күнінде әдетте иқтиқафқа  (мешітте болып, құлшылыққа берілу) кіру  – сүннет. Пайғамбарымыз (саллаху алайхи уа саллам)  Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын.

***

Сұрақ: Саляматсыздар ма?Оразаларыныз кабыл болсын!!!Менин кояйын
деген сурагым казир ораза устап журмин ,кешке жигитиммен кездессем
болады ма?Ауыз ашканан кейин? Амангул

Жауап: Шариғатта неке қиылмай қыз бен жігіт белгілі бір қашықтықты ұстауы керек. Қастарында жора жолдастары не туыстары болғаны жөн.

***

Сұрақ: 2009 жылға пітір садақа құны қанша? Перизат

Жауап: Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің жауабы http://muftyat.kz/1206-pitir-sada1179a-turaly-1199kim.html

* * *

Сұрақ: Қайырлы кеш мұсылман бауырлар! Рамазан айында әрбір жанұя мешітке барып, құран оқытып, пітір садақа беретінін білеміз. Сол пітір садақаны көшеде қайыр сұрап отырған мүгедек жандарға беруге бола ма? Алде мешитке болек, кошедеги мугедек жандарга болек беру керек пе? Markizat

Жауап: Пітір садақасын беру әрбір мұсылман баласына бір рет беру уәжіп. Тағы да беріп жатсаңыз ол да бола береді. Тек ол садақа болып саналады.

* * *

Сұрақ: Қасиетті Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын ! Ораза қабыл болсын ! Сұрақ: 2 жыл бұрын ораза уақытында қаза күндер қалып қойды, өтелмеді. Сол өтелмеген қаза күндерді қалай өтеуге болады? Рахмет. Айнагүл

Жауап: Парызды Рамазан айынан тыс уақыттарда өтеуге болады.

* * *

Сұрақ: Ауызашардың (адамдарды ауыз ашуға шақыруды айтамын) да өзіндік шарттары болады ма? Мүмкін болса, сол жайлы жаза кетсеңіздер екен. Ansar

Жауап: Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40). Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Жора жолдастарымызбен жақын туыстарымызды ауызашарға шақырған сияқты, біз де олардың қонағы боламыз. Осылайша адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі. Бірақ адамдарды ауызашарға шақырамын деп қатты шығындалмау да керек. Әрине дастарханның сәнді әрі мол болғаны жақсы ау, бірақ сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ойсырата түспеуі керек. Пайғамбарымыздың хадистеріне үңілер болсақ бір жұтым су, сүт немесе құрмамен де ауызашар беруге болатындығын меңзеген. Егер де сіздің жағдайыңыз мол дастархан жасауға келіп жатса онда оған да рұхсат. Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз мүлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді. Рамазанда ауызаш беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін де орындаған болып саналады. Ал ауызашарға келген адамның да дұға жасауы сүннет. Абдулла ибн Зүбейрдің (р.а.) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйінде ауызашарға барады. Сол жерде дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» (Мүснәд, 3/138) деп дұға жасаған еді. Әбу Шейх Ибн Хиббанның риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расул Аллаһ! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді. – «Бір тілім нан берсін» деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» деді. (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431) Олай болса ауызашар берудің қатып қалған шарты жоқ екен. Шамаңызға қарай аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктерге қарасып, кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап.

* * *

Сұрақ: Мен 7 жыл бойы ораза тұтқанмын, ал қазір Англиядамын, оқып жатырмын. Ораза кестесі бұл жаққа қалай болар екен, комектессеңіз… Айнұр

Жауап: Құрметті Айнұр, Англияның ораза уақыттарын мына сайттардан қарай аласыз: http://www.namazvakti.com/StateList.php?countryID=204 немесе http://www.islamicfinder.org/cityPrayerNew.php?country=United_Kingdom

* * *

Сұрақ: Саламатсыз ба, администратор. Алдында қойылған сұрағыма қосымша сұрайын деп едім, айтып кеткендей мен ораза кезінде жол үстінде боламын, ауыз бекітер уақытта Арыс, Темір станциясында болады екенмін, ал ауызашар уақыт шамасын да Отар станциясында болады екенмін, ал бұл жерлердін ораза кестелерін таппадым, қай жерлердін кестесіне қарасам болады? жауабынызға алдын ала рахмет. Жанна

Жауап:Құрметті Жанна, Арыс станциясы Шымкентке, Отар станциясы Алматыға жақын, және қолымызда сол қалалардың ғана ораза кестелері бар. Сәресінде аузыңызды Шымкент уақытымен бекітіп (яғни ертерек), және кешке ауызашарда Алматы уақытынан сәл кешірек ашсаңыз (10-15 мин) Алла қаласа дұрыс болады.

* * *

Сұрақ: Жезқазған қаласының оразаға арналған кестесі бар ма? Рахмет. Меруерт

Жауап: Қазақстан қалаларының ораза ұстау кестелері мұнда бар http://www.oraza.info/sanat/zhalpy/oraza-kestesi

* * *

Сұрақ: Ассаламу алейкум! Ораза қабыл болсын! Ораза ұстағанда түкірікті жұтуға немесе түкіруге болмайды дейді қайсысы дұрыс? Фариза

Жауап: Алейкумассалам Фариза ! Түкірікті жұтуға болады. Бірақ әдейілеп ауызға толтырып түкірік жинап, оны жұту оразаны бұзады. Оразаны бұзбайтын жағдайларды мына жерден көріңіз: http://www.oraza.info/159-orazany-buzbaityn-jagdailar

* * *

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Жалпы оразаның кезінде түкірікті жұту дұрыс па, әлде бұрыс па? Содан кейін ораза кезінде тіс жууға бола ма? Галымжан

Жауап: Сәлеметсің бе, Ғалымжан! Ислам – тазалық діні. Сондықтан тіс жууға болады. Тек тіс жуып жатқан кезде тамағыңыздан су өтіп кетпесін. Су өтіп кетсе, оразаңыз бұзылады. Түкірікті де жұтуға болады. Тек жинап жұтуға болмайды.