Бұл бетте пікір жазу мүмкіндігі өшірілген. Оразаға байланысты сұрағыңыз болса, алдымен жауабын Жиі Қойылатын Сұрақтар бетінен іздеп көріңіз. Ол жерден таба алмасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдасаңыз болады. Сұрағыңыз қайталанбаған жағдайда жауабы Жиі Қойылатын Сұрақтар бетіне жарияланады. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!
Ауызашар дұғасы
"Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір."Арапша нұсқасы
Ауыз бекітердегі дұға
"Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!"Арапша нұсқасы
Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған […]