Зекет Пайғамбарымыз (с.а.у.) һижретінің екінші жылында оразадан бұрын парыз болған. Зекет мөлшері сауда-саттықтан немесе жиналған ақшадан яки мал-мүліктен беріледі. Бұлар дер кезінде берілуі тиіс. Өйткені Шайтан әр заман адам баласын пақыр болып қалуға қорқытып азғырып бағады. Сондықтан оның азғыруының қармағына ілініп қалмау үшін зекет дер кезінде, уақтылы берілгені жөн. Зекет Рамазан айында берілсе, сауабы молынан болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда қолындағы бар мал-мүлкін көк тиынына дейін қалдырмай кедей-кепшікке тарқатып беретін. Құран Кәрімнің Рамазан айында түсуі және Қадір түнінің де осы айда орын алуы, бұл айдың мерейі үстем екендігін одан әрмен арттыруда.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Аллаһтан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» – деген. Мінекей зекет беру арқылы әрі құлшылық жасаған боласыз, әрі мал-жаныңыз аман болмақ. Садақаның да материалды һәм рухани жағынан ем екендігі тағы бар. Зекеттің адам баласына көптеген пайдалары бар. Бұл пайдалардың бірнешеуіне тоқталып кететін болсақ:
– адамның мейірімі мен адамгер-шілік сезімдерін оятады;
– қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартып бақытты, құзырлы өмірсүруіне көптеген септігін тигізеді;
– Аллаһ Тағаланың берген нығ-меттерін еске алуға себепкер болады;
– бай мен кедей арасындағы суыққандылық пен алабөтендікті жояды;
– артық ақша жинаудың алдыналып, оны жұмсай білуге шақырады;
– әлеуметтік тепе теңдікті сақ-тайды;
– қоғамдағы бөлінушілікті жоя-ды;
– мал-мүліктің сақтандыру полю-сі болады;
– құлдардың құлдық мезгіліндегі Аллаһтың әміріне мойынсұнып құлақ салуына әкеп соғады. Сол үшін зекет кейде садақа деп те айтылады.
Осымен қатар садақа сөзі, зекетке қарағанда әлдеқайда кең мағынаны қамтиды. Өйткені садақа уәжіп амалдарды да, нәпіл ғибадаттарды да білдіреді. Зекет негізінде ашық түрде берілгені абзал. Өйткені ашық түрде берілсе, өзгелерге үлгі болып, оларды да бұл жақсы іс-амалға жұмылдырады. Өзі жайлы айтылып жататын, пәленше зекет бермеді деген тәрізді өсек-аяң жаман пиғылдардан аулақ болады.
Зекет парыз болғаны үшін бұлай ашықтан-ашық берілуінде бір ағаттық жоқ. Ал нәпіл садақаларда болса жағдай басқаша. Нәпілдердің жасырын берілуі керек. Олай болмағанда адамдардың мақтауына лепіріп, тәкаппарланып, аяғы жерге тимей дандайсып кетуі әбден мүмкін. Садақаны жасырын беру бұл қауіптің алдын алады. Зекет пен садақа Рамазан айында берілгені абзал. Атап айтқанда пітір садақасының Рамазан айында берілуі уәжіп амалға жатады. Рамазан айында берілетін пітір садақасы зекеттен де бұрын парыз етіп бекітілген. Пітір садақасы ораза айттың алғашқы күні, таң рай берген уақытта уәжіп болса да, одан бұрын да яғни Рамазан айында берілсе болады. Өйткені бұрынырақ берілсе, кедей-кепшіктер айтқа айттықтарын сайлап алар еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Зекет беріп, мал-мүліктеріңізді қорған ішіне алыңыздар» – деген. Мал жанын қорғағысы келген кісінің ең үлкен сақтандыру полюсі зекет болмақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларымен өзара әңгіме дүкен құрып отырса, жолдан өтіп бара жатқан бір христиан-араб Пайғамбарымыздың әлгі сөзін құлағы шалып қалса керек. «Мен қазір барамын да мал-мүлкімді есептеп зекетімді берсем, сенің айтқаның орындала ма, жоқ па көрейін» деген екен. Пайғамбарымыз езу тартып, күлімсірегенді. Әлгі кісі үйіне барып айтқандарын бұлжытпай орындайды. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін, бір күні Шамға сауда-саттықпен керуенмен жолға аттануы керек болатын. Бірақ, бұл кісі кейбір себептерге байланысты сапарға аттана алмайтындығын айтып, жолдастарынан, өзінің бір түйелік тауарын өздерімен бірге алып кетулерін сұранады. Бір аптадан кейін қала көшелерінде саудаға кеткен керуеннің қарақшылар тарапынан тоналғаны хабарлнады. Жолдастарынан «Керуенді қарақшылар тонады, тек тынығу үшін соңғы аялдаған жерімізде сенің түйеңнің аяғы ақсап, жүруге жарамаған соң, амал жоқ сол жерге тастап кетуге мәжбүр болдық. Біздің басымызға мынадай жайсыз жайттар келді. Бірақ сенің түйең мен тауарларың аман қалды» деген хабарды естіген христиан-араб қатты қуанып, қуанышы қойнына сыймай Пайғамбарымызға келіп «Мен Ислам дініне кіргім келеді, маған Исламды үйрет» – деген екен. Зекеттің адамдар үшін мал-жан сақтығы екенін осы оқиғадан анық байқауға болады.
Зекетті кімдер береді?
Төмендегі шарттарға сәйкес мына кісілер зекет беруге міндетті болып есептеледі:
1) Мұсылман болу;
2) Ақыл-есі дұрыс болу;
3) Балиғатқа жеткен болу;
4) Азат (бас бостандығы) болу;
5) Діни тұрғыдан алғанда әл-ауқатты (яғни негізгі өзіне қажеттіліктері мен қарыздарынан басқа «нисаб» мөлшеріндегі дүние-мүлкі немесе ақшасы) болу;
6) Зекет берілуі керек дүние-мүлік пен ақша болу, бұған:
а) Нисаб мөлшерінде (яғни 80,18 г. алтынның құнындай) болу;
ә) Бұл байлық бір қамари жыл бойынша (яғни 354 күн) иесінің қолында болу;
б) Қолдағы мал заттай немесе бағалай өсу күйінде болуы қажет.
Зекет кімдерге беріледі?
Зекет мына адамдарға беріледі:
1) Мұқтаждарға: діни мөлшер бойынша бай болып саналмайтын, нисаб мөлше-рінде дүние-мүлкі жоқ адамдар;
2) Кедейлерге: ештеңесі жоқ адамдар;
3) Қарызы болғандарға: қарызынан тыс дүние-мүлкі нисаб мөл-шеріне жетпейтін адамдар;
4) Жолаушыларға: өз елінде дүние-мүлкі болса да жолда ақшасыз қалған, қолында ештеңесі жоқ адамдар (бұл адамдарға үйлеріне жете алатындай зекет беруге болады);
5) Аллаһ жолындағыларға: бұлар – Аллаһ жолында жиһад етушілер немесе қа-жылық үшін жолға шығып, ақшасыз қалғандар мен бар күшін ілімге жұмсап, соның жолына берілген адамдар;
6) Зекет жинаушы қызметкер-лерге;
7) Муәллифәл-қулуб: көңілдері Исламға тән кісілер;
8 ) Құлдарға: құлдықтан азат болатындарға беріледі. Бірақ құлдық қазіргі күнімізде жойылған.
Зекет кімдерге берілмейді?
1) Перзент өз ата-анасы мен ата-әжесіне;
2) Ата-ана өз ұлына, немересіне, қызына, қызының балаларына және шөберелеріне;
3) Бай адамдарға;
4) Мұсылман еместерге;
5) Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне.
«Күш-қуатың бойыңда, денсаулығың орнында, сараңдығың ұстап, кедей болудан алыс болып, одан мықты бай болуды қалаған уақытыңда садақа берудің сауабы өте көп».
Салман Бүйікөз
2009 жылға пітір садақа құны қанша?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің жауабы
http://muftyat.kz/1206-pitir-sada1179a-turaly-1199kim.html
Аллаһ разы болсын
бүгін Жұма намазында да айтылды.
Алматы, Астана қалаларында 100 тг
Тараз, Шымкент қалаларында 70 тг
Ассалаумағалейкум!!! Зекет қалай саналады (пайыздық корсеткіш бойынша)? Зекет берілуі керек дүние-мүліктің ішіне не кіреді? Автокөлік пен үй не жер телімі санала ма? Бала неше жаста болуы керек? Алдын ала рахмет жауаптарыңызға!