Ораза-2010

16 Мамыр, 2010 23 пікір

Құрметті сайт қонақтары,

Рамазан айы да жақындап қалды. Ораза ұстаушы жандарға аз да болса, ақпараттық көмек болсын деген ниетпен ашылған сайт биыл да өз жұмысын жалғастырмақ.

Егер игі іске үлес қосқыңыз келсе, ораза тақырыбына байланысты қызықты мақалалар, әңгімелер, аудио-видео жазбаларыңызды жолдасаңыз болады.Сайт әкімшілігі мақұлдаған материалдар осында жарияланып, көпшіліктің назарына ұсынылады.

Ендеше, Сіздерден хат күтеміз 🙂

Ниеттеріңіз қабыл болғай!

e-mail: urimtal@gmail.com

Санат: Жалпы

23 пікір

  1. Z says:

    Кобирек жана кызыкты нарселерге толы болса 🙂

  2. Атыңыз says:

    Өз басым осы тек жаратқан Аллаға ғана сенемін, қазір менің отбасымда қатты қиын сәттер болып жатыр, онымен күресетін дәрменім қалмады, оны тек Жаратқан Аллам таразылап жатар, бірақ менің сіздерден сұрайтыным маған кішкене болса да ақыл-кеңестеріңізді берсеңіздер! Не істерімді білмей жүрмеймін, рахмет!

  3. urimtal says:

    Уағалейкум ассалам! Аллаһ тағала сүйікті құлдарын сынайтынын жақсы білетін боларсыз. Кезінде мұсылмандар өмірлерінде еш сынақ болмаса, қорыққан екен. Жиі-жиі дұға қылыңыз!

  4. Диана says:

    Ораза айының кестесін калай алуға болады?

  5. Асылбек says:

    Ассалаумуалейкум, еки кабат айелге ораза устауга болама екен, мен естигем 4 айлык жуктиликке дейин устауга болады деп?

  6. admin2 says:

    Алейкумассалам Асылбек,
    Рамазанда жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер өздеріне немесе балаларына зиян келуінен қауіптенген жағдайда ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Бұларды кейіннен қаза етіп орындайды. Бұған дәлел «науқас пен жолаушыға ораза ұстамауға рұқсат ететін» Бақара сүресіндегі 2-аят пен мына хадис: «Аллаһ Тағала жолаушыға ораза мен намаздың жартысын жеңілдеткен. Ал жүкті және бала емізетін әйелдерді оразадан босатқан» (Нәсайи, Сиям 50, 51, 62; ибн Мәжә, Сиям 3, 50; Тирмизи, Адахи 10; Ахмед бин Ханбал ІІ, 183).
    http://rahmetsamaly.kz/?p=105

  7. Сандуғаш says:

    Ассалаумағалейкум уа рхматуллах уа бәракатух! Жамағат!
    Ауыз бекітетіндерге кеңес
    Неліктен Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с ораза ұстағандарға сабыр сақтауға және ұрыс-керістен қашуға бұйрық берді?
    Ораза ұстаған адам ызаланғанда, оның брйын ашу сезімі кернеп кетеді немесе ширығып тұрады да, оның қанындағы адреналин құрамы көбейіп кетеді. Егер бұл жағдай күндіз болса, астың қорытылуы ж/е сорып алынуы бұзылады. Себеб адреналин ас қорыту жүйесінің бір тегіс бұлшық етін босаңсытып жібереді, өт қалтасының жиырылу жиілігін бәсеңдетеді, шеткері жатқан қан тамырларын тарылтып, жүрекке қан апаратын қан тамырларын кеңейтеді. Күре тамырдағы қан қысымын жоғарлатды да, жүрекке түсетін қанның көлемін ұлғайтып, тамырдың соғуын жиілетіп жібереді.
    Егер тәуліктің ортасында немесе соңында ұрыс-керс болса, гликогеннің қалдығы бауырда еріп кетеді. Белок құрамы амин қышқылдарына ыдырайды да, май бөліктерінің басым көпшілігі қышқылдануға ұшырайды.
    Сондықтан да Алланың елшісі ораза ұстаушыларға ұрыс-керістен және сезім толқуынан сақтануға бұйрық береді.

  8. admin says:

    Уағалейкумассалам уа рахматуллахи уа баракатухи! МашАллаһ! Сандуғаш, пікіріңізді бөлек жазба етіп жарияласақ, қарсы емессіз бе? Оразаға қатысты басқа да мақалаларыңыз болса, бізге жолдап тұрыңыз. Аллаһ разы болсын!

  9. Гаухар says:

    Ораза кезінде компьютер теледидар коруге бола ма ?Орысша олендер жане сойлеуге бола ма?

  10. admin2 says:

    2Гаухар,
    компьютер қолдануға да, теледидар көруге де, сөйлесуге де болады. Рамазан – Құран айы болған соң, біздер бос әндер тыңдағанның орнына Құранды тыңдағанымыз әлдеқайда жақсы болады. Құранды мына жерден тыңдауға болады: http://kuran.kz/mp3 Дауысы да қандай керемет

  11. Айнур says:

    Оразада еринге далап жакса ораза ашылып кетпей ма?

  12. Гаухар says:

    Ораза кабыл болсын

  13. Гаухар says:

    оразада ыкылык тисе не истеуге болады?

  14. Moldir says:

    салеметсіз бе, Админ! менін сұрағым: Ораза кезінде кешке көшеге шығып, қыдыруға бола ма?

  15. Жаке says:

    Сыздын сайтыныздан Ораза жайлы барлык акпараттарды тусындым! Енбектерынызге Коп Рахмет! Ораза Кабыл болсын!

  16. Мадияр says:

    Мен азанғы сәресін іше алмай қалдым, …. Осыдан кейін менің оразам бұзыла ма?

  17. admin2 says:

    Мадияр, оразаңыз бұзылмайды. Ораза ұстауға ниет етесіз де жалғастырып ұстай бересіз

  18. Мадияр says:

    Сәресін ішпей жатып, мұрыннан қан ақса. не болад? бұзылама әлде бұзылмайды ма.Ауыз бекіткеннен кейін қанаса не болад?

  19. Мадияр says:

    Сәресін ішпей жатып, мұрыннан қан ақса. не болад? бұзылама әлде бұзылмайды ма.Ауыз бекіткеннен кейін қанаса не болад?

  20. admin says:

    Мадияр, пікіріңізе рахмет. Сәресіде береке бар. Сондықтан сәресіне тұрып, тамақтанған орынды. Мұрыннан қан ағу дәретті бұзады, оразаңызды бұзбайды.

  21. Лима says:

    Салематсыз ба,
    ораза тұтып жүр едім. Екі күн бұрын жұмыстасым ауыз ашуға деп үйіне қыз-келіншектерді шақырды. Сол қонақтықта ең жасы үлкені мен болдым да (37 жастамын), тамақ ішіп болған соң ас қайырыңыз дегені. Қатты састым. Ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым, әйтеуір міңгірлеп күнделікті үйде сөйлеп жүргендерімді айттым.
    Рамазан айы ауыз ашарға шақырғанда не деп асқа бата берген дұрыс?

    Рахмет.

  22. Bekzat says:

    АССАЛАМУ АЛЕЙКУМ АУ РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУҺ!!!
    Мен ораза ұстап жүр едім, менің аллергиям болғандықтан мұрынға, көзге дәрі тамызамын. Дәрі кейде тамаққа кетіп калады. Одан ораза бұзылады ма?

  23. Bekzat says:

    АССАЛАМУ АЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУҺ!!!
    Мен ораза ұстап жүр едім, менің аллергиям болғандықтан мұрынға, көзге дәрі тамызамын. Дәрі кейде тамаққа кетіп калады. Одан ораза бұзылады ма?