1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?
Сірнесі сыртына шыққан қытай кәмпиті, қауынішек, халуа, науат… деп тәттілер тізімін қайта тізсем, ең алғаш Ораза ұстап жүрген жылдарым есіме түседі. Аңсары тәттіге ауған баланың санасына ол кезде сауап-күнә арасалмағы деген сияқты түсініктер қайдан жетсін. Ауыл. Үйелмен мүшелерінен нағашы әжем мен ағам ғана Ораза ұстайтын. Алғашында мені де қыстап көргенімен, анам байғұс «өзі әлжуаз, сөмкесін әрең сүйретіп жүр, құлап қалар көзі қарауытып» деп, алуан аргументпен «қорғап» қалатын. Алайда, сәресі мен ауызашарда дастарханға қойылған дәм мені еліктіріп әкетті. «Ауыз бекітем дедім бе, бекітем» деп, айтқанымнан қайтпай, ақыры Ораза ұстадым, түсіме кірген тәттілерді «тірідей» жедім, иә алғашқы Ораза десе ойыма түсетіні осылар.
2. Егер ертең Оразаның алғашқы күні болатын болса, бүгін не істер едің?
Рамазан айы қайта айналып келген сайын, өзімен орасан күш, көтеріңкі көңіл-күй, мол шаттық алып келетін сияқты. Сияқты емес, солай. Содан да, ауыз бекітпестен бір күн бұрын алдымен мұқият жуынып-шайынамын. Өмірге қайта келердей сезімде, барлық адами қарым-қатынастарымды жаңаша деңгейде, бұдан да жоғары сатыда қарастыруға, жарастыруға тырысам, талпынам.
3. Оразаны ұстау барысында басыңнан өткен қандай да бір қызықты оқиғамен бөліссең?
Қызықты оқиға дегенде… ақылды болуға ұмтылған ақымақтығымыз еске түседі. Қайбір жылы Қадір түнінде Николай Носовтың «Дымбілместің Айға саяхаты» атты қияли ертегісін оқысам, енді бір Қадір түнінде «Жас техниктің энциклопедиялық сөздігін» жата-жастанып кеміргенім бар. Сонда бұл түнді, әйтеуір әтеш шақырғанша көз ілмей өткізу деп түйсініп жүрдік қой көбіне.
4. Ең жақын досың Ораза ұстағысы келмей сылтау айтып жүрген болса, яки теріс жолға түсіп бара жатса, қандай шара қолданасың?
Қазір біреуді құлағынан бұрап тұрып, жаны қаламаған дүниеге жетектеп апара алмайсың. Бірақ, егер әлгіндей досым болса, басқа да намазхан достарыммен таныстырып, кешке шай ұйымдастырып, жылы-жылы әңгімелер арасынан оның жүрегіндегі мұзды ерітуге тырысар едім.
5. Оразаға орай Сені ауызашарға шақырсақ, соңынан бата тілесек, қандай бата берер едің?
Тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Көк айыл қатыннан сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Өркен КЕНЖЕБЕКОВ,
«Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси газетінің саяси шолушысы
Барлық мұсылман қауымға амандық тілеймін. Мен Рамазан айында ораза ұстағанда күн қарыз болып қалдым. (белгілі себептермен). Ал енді сол қарызымды Шәууал айында да қайтаруға реті келмеді. Сол қарыздарымды енді кез келген күннен бастап қайтаруға боладыма. Оның ешқандай бұрыстығы жоқ шығар деп үміттенемін. Әйел қауымы болғандықтан үйдегі біраз шаруа бізге қарап тұрады. Оның үстіне денсаулығым біраз сыр берген ұстай алмадым. Енді қазыр дұрысталған сияқты, қалған күнімді қаза қылмай ұстасам боладыма
Құрметті Айнұр қарыздарыңыз болса осы күндері тұтып алсаңыз болады. сүннет бойынша дүйсенбі, бейсенбі күндерде қазаларды ұстасаңыз болады. дінімізде жұма күні ораза ұстауға болмайды. бірақ бейсенбі және сенбі күндері ұстайтын болсаңыз арасында жұма күнінде де ұстап жіберсеңіз болады. тек жұма күнін жалғыз қылып ораза ұстауға болмайды. осы секілді жайттарды ескере отырып қазаларыңызды ұстап алыңыз. Аллаһ қабыл қылсын….
ауыз жабық кезде бас жууға, яғни жууынуға болмайды, ал тырнақ алуға бола ма, осылар туралы толық айтып берсеңіз. Ауыз жабық кезде не істеуге болмайды , не істеуге болады. РАХМЕТ. Мен бірінші рет хат жолдап отырмын.
Сәлеметсіз бе Мария,
ауыз берік кезінде жуынуға болады, басты да жууға болады, тырнақты да алуға болады. Жуынған кезде тамағыңызға су кетіп қалмасын, әйтпесе ораза бұзылады. Оразаны бұзбайтын нәрселер: https://oraza.info/159-orazany-buzbaityn-jagdailar
Жауабыңызға рахмет. Кешіріңіз, сонда моншаға баруға да бола ма, әлде ол жер қайткенмен де таза жер болып есептелмей ма, өйткені көп адам жуынған жер ғой. Маған 1 үлкен кісі айтып еді ауыз жабық кезде жуынуға болмайды деп, сонда ол кісінікі дұрыс емес пе. РАХМЕТ