Жаз бойы күн ұясына қонуға асықпайтын Скандинавия елдері ішінде Швеция, Норвегия және Финляндияның солтүстік аймақтарында тұратын мұсылмандардың оразасы қазіргі уақытта 20 сағатқа созылады.
Ал Швецияның солтүстігіндегі Кируна қаласында діни басқармасының интернет сайтында көрсетілген уақыт бойынша Рамазан айының алғашқы күні сәресі 03:48-де аяқталып, ауызашар уақыты 22.18 деп көрсетілген.
Тарауих намазы болса 23:33-те оқылды.
Еліміздегі уақыт белдеуінің айырмашылығына байланысты Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік, батыс пен шығыс аймағында тұрып жатқан мұсылмандардың да ораза тұту сағаттарында елеулі айырмашылықтар бар.