21 сағат ораза тұтатын Гренландиядағы жалғыз мұсылман

24 Тамыз, 2011 Пікір жоқ

Айналасы мұздықтарға толы Гренландия деп аталатын елде тұратын Ливан азаматы Уассам Азақир – 21 сағат бойы ораза ұстап, құлшылығын атқарып жатқан осы өлкедегі жалғыз мұсылман.

Гренландия – Солтүстік мұзды мұхит пен Солтүстік Атлантика арасындағы ең үлкен аралдың бірі. Данияға қарасты өзін-өзі басқаратын провинция.

Arab TV-ның хабарлауынша бірнеше жылдан бері Гренландияда тұрып жатқан Уассам Азақир “Араб Колумбы” деп аталып кеткен. Ол күннің ұзақтығы мен өмір сүрудің қиындығына қарамастан осы елде тұрып жатқан жалғыз мұсылман. Гренландияның астанасы Нуук қаласында күніне 200 қонақ қабылдайтын жеке мейрамханасы бар.

Биылғы жылы Рамазан айы жаз мезгіліне сәйкес келгендіктен Уассам 21 сағат ауыз бекітуде. Ауыз ашқан соң екі сағаттан кейін сәресіне дайындалады.

Осы 2 сағаттың ішінде Уассам ақшам және құптан намаздарын да оқуы керек. Ол осы мемлекетте тұрып жатқан жалғыз мұсылман екеніне әрі Аллаһ разылығы үшін ораза ұстап, намаз оқып жүргеніне шүкірлік етеді.

“Кей кездері Рамазан айын Ливанда өткізу жайлы да ойланамын. Бірақ мен кетіп қалсам, Гренландияда намаз оқып, ораза тұтатын ешкім болмай қалады ғой деген ой тежейді” дейді.

http://jazbablog.com сайтынан аударған Асхат Еркімбай

Санат: Жалпы
Бұл бетте пікір жазу мүмкіндігі өшірілген. Оразаға байланысты сұрағыңыз болса, алдымен жауабын Жиі Қойылатын Сұрақтар бетінен іздеп көріңіз. Ол жерден таба алмасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдасаңыз болады. Сұрағыңыз қайталанбаған жағдайда жауабы Жиі Қойылатын Сұрақтар бетіне жарияланады. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!