Ораза сабырлылық пен төзімділікке үйретеді

Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Неге? Өйткені, өткінші фәниде діттеген мақсатына қолы жете бермейді. Кейде жылдар бойы өз мақсатына қарай қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді. Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді. Міне, ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арманына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізгінін салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет әлеміндегі асқақ шыңнан көз айырмау. Оразаға тезе білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады. Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендермен бірге», – дейді. «Асыр» сүресінде де Аллаһ Тағала: «Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне ақиқатты айқындап, сабырлықты насихаттағандар ондай күйге душар болмайды», – деп баян етеді.

Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали оразаның үш түрі бар екендігін айтады:

Жалпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан аулақ тұру.

Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза. Бұл – көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін күнәдан сақтауы.

Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі мен ой-сана әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк болуы. Осылай ораза ұстағанға Аллаһ пен ақыреттен өзге ой келсе, оразасы бұзылады. Бірақ діннің байрағын желбіретіп, көкке қадау үшін дүниені ойласа болады. Бұл – толық адамның бейнесі.

Ислам ғылымхалы кітабынан

4 thoughts on “Ораза сабырлылық пен төзімділікке үйретеді

  1. Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
    “Көпті жығып жеңген мықты емес, ашуланғанда сабыр сақтай білген мықты”
    Allahім barshamyzga mykty iman, шексіз сабыр,қулшылықтарға толы күн мен түн bersin…..

  2. Ассалаумагалейкум! Рамазан айында аманшылык ушын киелы аулие жерге барып быр мал садака беруге бола ма? Жане айт намазына жане Тарауих намазга бару мындет пе? ОРАЗА КАБЫЛ БОЛСЫН!!!

  3. Сәлеметсіздер ме ! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын ! Зекет пен пітірдің қандай айырмашылығы бар? Зекет пен пітірді кімдерге беруге болады? Зекетті де ораза айында беру керек пе, зекеттің мөлшерін қалай анықтаймыз және оны қандай адамдар береді?

Comments are closed.