Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: – Қане, балам, – дейтін, – бүгінгі несібемді түсіре ғой? Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Бұл көрініс дәл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі «баласы» қарттың көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына дәл осы жолы көңілі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт бойы бұл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да аласарып, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені, есіне бір нәрсе түскен болатын.
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бірден әлгіндегі алма ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт: – Күнім, әшейін, – деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі, – айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..
Ислам ғылымхалы кітабынан
Маш-Аллах, керемет окига
Тәлім-тағылымы мол оқиға екен. Келе жатқан қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын
АллаҺу акбар!!!
Ote ademi angime!!! 🙂
Жақсы оқиға! 🙂
Ote keremet okiga! Tipti kozime jas kelip ketti.
Мағынасы зор, түсінген жанға өте пайдалы әңгіме екен!!!
Тіпті соңында ағашқа соооондай риза болдым!!!!!!! Өте керемет әңгіме!!!!!!!
МашаАллах! кандай керемет!
MASH ALLAH! NETKEN KEREMET
Керемет ангіме екен. Рамазан мубарак болсын!
Ассалау мағалейкүм? мұсылман бауырлар! ЯКеле жаткан Рамазан айы мубарак болсын! ниеттерин кабыл етсин Алла тағала№ Осындай өсиет аңгімелер? біздер сиякты пенделерге коп жазыла берсін. өте жаксы. керемет сөздер
Ассаламалейкум мусылман бауырлар!
Алла баршанызга разы болсын!!!
оте магыналы ари пайдалы осиет, окып отырып кокейим жаска толды, келе жаткан касиетти Рамазан мубарек болсын!!! Осындай рухани азык беретин осиеттери мол сайттар кобейе берсин!!!
Асыга кутип, кимай коштасатын Ораза айы баршанызга мубарак Болсын !!!
Ораза кабыл болсын!
Осы окиганы арбир мусылман баласы кокейине туйсе екен деп тилеймин…