Әлһамдулиллаһ, Рамазан айының соңғы санаулы күндерін өткеріп жатырмыз…
Қанша сауап істеп үлгердік, жүрек түкпірімізге қаншалықты үңіліп, оразаның дәмін тата білгеніміз бір Аллаһқа аян. Мұсылман баласы амалдарымыз ниетке байланысты екенін жақсы біледі. Бастысы ниетіміз кірлей көрмесін!
Бұл жазбаны Қадір түніне арнағым келіп еді. Бірақ www.oraza.info жобасына біраз өзгерістер енгендіктен олармен бөлісуді жөн санап отырмын. Себебі әр жазбаның астына пікір қалдыру қызметін шектегелі бері байланысымыз үзіліп қалғандай көрінді.
Не себепті бұрынғыдай жазбалардың астына пікір қалдыру мүмкіндігін алып тастадық? Жақсы сұрақ! Сұрауға да хақылысың. Себебі бұл жоба өзіңе арналған.
Пікір қалдырудың орнына сұрақ қойылып кете беретіндіктен, әрі кейбір бауырларымыз дәл сол сұраққа сайт ішінде жауап бар екенін байқамай, асығыс сұрақ қоятын кездер де кездесті. Әрине, білмеген бауырларымызға көмектесу – бізге міндет. Сондықтан оразаға байланысты арнайы сауалдарды бір жерге топтастыруды жөн көрдік.
Бұл жобаны үш жылдан бері жүргізіп келе жатқандықтан, әрі арнайы діни білім иесі болмағандықтан оқырман сұрақтарына жауап бермегеніміз орынды болар деп шештік. Себебі дұрыс білмеген – білмегеннен де жаман.Біз де пендеміз. Ісімізде кемшіліктер болуы әбден мүмкін. Оларды өздеріңнің көмегімен бірлесе отырып, иншАллаһ, дұрыстаймыз деп ойлаймыз.
Әлһамдулиллаһ, көптеген мұсылман бауырларымыз сайтты көріп, жылы пікірлерін білдірді. Арасында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының қызметкерлері де бар. Өткен жылдан бері біраз сұрақтарға осы ҚМДБ қызметкерлері жауап бергенін байқаған да боларсың. Биыл да олар сұраққа жауап беруге қуана келісті. Тек сұрақтарды арнайы форманы толтырып жіберген жөн.
Oraza.info жобасы оразаға байланысты дұрыс дереккөздерден жинақталған мәліметтерді бір жерге топтастыруды, әрі жаңадан ораза ұстаған жандарға көмектесуді көздейді. Бұл ісімізде кетіп жатқан кемшіліктер болса, түсіністікпен қарап, алдағы уақытта жәрдемші боларсың деген үміттеміз. Оразаңыз қабыл болсын!
P.S. Алдағы күндері пікір қалдыру формасы қайтадан іске қосылады. Тек сұрақты сұрақ қоятын жерге қалдырып, жазбаның астына көкейдегі пікірлеріңізді қалдыруларыңызды өтінеміз.
Құрметпен, oraza.info редакциясы
МашАллах!!! Алла разы болсын!!! Оразаларыныз мубарак болсын! Кадір түні тілеген тілектерініз періштенің құлағына шалынсын! Қадір түні қабыл болғай!
Қасиетті Қадір түні мүбәрәк болсын!!! Алла тілектеріңізді қабыл етсін!!!
Bukil isterinizge Allah razi bolsin! Asirese alista jurgen bauirlariniz ushin saittyn paidasi kop boldy, biraz gibratty angimelerdy okip, janaliktardy bilip otyrdik. Musulman jamagattyn dini demekshi arkashan bir-birimizdy demep jureik, InshAllah.