Оразаның шарттары

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)

2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Ислам ғылымхалы кітабынан

69 thoughts on “Оразаның шарттары

  1. Ораза ұстау, барлық мұсылманға парыз. Бірақ денсаулығы жетіп тұрып, ата анасы қарсылық білдірсе, денсаулығына зиян, көтере алмайсын деп, тусіндіргенге конбесе қандай шара қолдануға болады? Рамазанға дейін санаулы күндер калды. Қайтып амалын жасауға болады? Дұға етем, бірақ уақыт тым жақын қалды.

  2. Рамазан айының өзіне тән ерекшелігі бар. Осы ерекшелікке байланысты күндіздері ішіп-жеу сияқты адамдық қажеттіліктеріміз бұл айда күн батқанға дейін тыйым салынған. Сонымен қатар кейбір жағдаяттарға байланысты бағзы адамдарға ораза ұстамауларына рұхсат берген. Олар:
    1-Әлі балиғат жасына толмаған,
    2-Ораза тұта алмайтындай қарт яки әлсіз адамдар (Егер де бұл адамдар ораза ұстайтын болса одан да әлсіреуі мүмкін),
    3-Аурулар (Егер де бұл адам ораза ұстаса ауруы одан да асқынып кетуі мүмкін немесе басқа ауруға тап болатын болса. Сонымен бірге салихалы дәрігер «аштық денсаулығыңа зиян тигізеді» десе онда оны тыңдаған жөн. Өйткені адамның өмірі маңызды.),
    4-Емзулі баласы бар әйел (Ораза ұстаған жағдайда баласына сүт шықпай оған зияны тиетін болса онда аузын бекітпегені жөн.),
    5-Сапардағы адам (бұл адам тоқсан шақырым ұзаққа сапарға шықса оразаны тұтпауына да болады. Сонымен қатар сапарда аса қиындық болмайтын болса онда ораза тұтса оның да өзіндік сауабы бар екендігін білген жөн.),
    6-Жүкті әйел адам (Сәбидің дүниеге келу күні жақындап әзер жүрген әйел адамға ораза тұтпауына рұхсат етілген).
    Мынаны да ұмытпағанымыз жөн: Бұл адамдар дендерінің саулығы түзелгеннен кейін қарыз болған оразаларын өтейді. Ал ғұмыр бойы ораза ұстауға шамасы келмегендер фидия береді. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Осылайша борышынан құтылған болып саналады.
    Құранда Аллаһ Тағала: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,(Бақара, 184, Бақара, 186)- дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмайтын жүкті бермейді»( Бақара, 186, Хаж, 78).
    P.S. Бәлкім ата-анаңыз сізді ойлап «ораза тұтса денсаулығы болмай қала ма? онсыз да әлсіз» деген секілді жақсы ойда болуы мүмкін. Сонымен қатар денсаулығыма қарамастан тұтамын да тұтамын деу надандық тақуалық екендігін де ұмытпағанымыз жөн. Ал «жоқ, ораза ұстамайсың. Ол қайдан шыққан нәрсе. Өз-өзіңді қинап» десе онда ол басқа мәселе. Онда ата-анаға рамазан айын дұрыстап түсіндіріп, көңілінен шығып (оларды ренжітпестен) тұтқан жөн.

  3. Ауызашардың (адамдарды ауыз ашуға шақыруды айтамын) да өзіндік шарттары болады ма? Мүмкін болса, сол жайлы жаза кетсеңіздер екен.

  4. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
    «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді″, деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).
    Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Жора жолдастарымызбен жақын туыстарымызды ауызашарға шақырған сияқты, біз де олардың қонағы боламыз. Осылайша адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі.
    Бірақ адамдарды ауызашарға шақырамын деп қатты шығындалмау да керек. Әрине дастарханның сәнді әрі мол болғаны жақсы ау, бірақ сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ойсырата түспеуі керек. Пайғамбарымыздың хадистеріне үңілер болсақ бір жұтым су, сүт немесе құрмамен де ауызашар беруге болатындығын меңзеген. Егер де сіздің жағдайыңыз мол дастархан жасауға келіп жатса онда оған да рұхсат. Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз мүлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді.
    Рамазанда ауызаш беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін де орындаған болып саналады. Ал ауызашарға келген адамның да дұға жасауы сүннет.
    Абдулла ибн Зүбейрдің (р.а.) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйінде ауызашарға барады. Сол жерде дастархан басында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» (Мүснәд, 3/138) деп дұға жасаған еді.
    Әбу Шейх Ибн Хиббанның риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды…» деген.
    Сонда риуаят етуші: Уа, Расул Аллаһ! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? деді.
    – «Бір тілім нан берсін» деді.
    – «Ол да болмаса ше?»
    – «Онда қара су берсін» деді.
    (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431)

    Олай болса ауызашар берудің қатып қалған шарты жоқ екен. Шамаңызға қарай аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктерге қарасып, кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап.

  5. Мен 7 жыл бойы ораза тұтқанмын, ал қазір Англиядамын, оқып жатырмын. Ораза кестесі бұл жаққа қалай болар екен, комектессеңіз….

  6. Ассалаумагалейкум мусылман бауырлар касиетти рамазан айы мубарак болсын истеген кулшылыктарымызды Аллах кабыл етсин!!! Коятын сурагыма жауап берсениздер Алла разы болсын менин баурым кытайда окуда сонын ораза жане намаз уакыттарынын кестесин жазып жиберуге комектессениздер

  7. Ассалаумагалейкум мусылман бауырлар! Оразаларын мубарак болсын! Менин койайын деген сурагым мынадай: танертен ауыз бекиткенде жане кешке ауыз ашканда не окуым керек? Калай жауып жане ашу туралы айтып кетсениз! Алдын – ала рахмет!

  8. Салеметсиздер ма. Ораза кабыл болсын! Менин сурагым, мен Караганды каласында турамын, ораза устаймын. Тангы саресин 04.40 уакытка дейин ишип журмин, осы дурыс па? Жауап кутемин. Рахмет

  9. Саламатсыз ба,администратор.Алдында қойылған сұрағыма қосымша сұрайын деп едім,айтып кеткендей мен ораза кезінде жол үстінде боламын,ауыз бекітер уакытта Арыс,Темір станциясында болады екенмін ал ауыз ашар уақыт шамасын да отар станциясында болады екенмін,ал бұл жерлердін ораза кестелерін таппадым, қай жерлердін кестесіне қарасам болады? жауабынызға алдын ала рахмет.

  10. Cәлеметсіздерме мұсылман бауырлар! Оразаларыңыз мүбәрәк болсын! Менің сұрайын дегенім, Ислам дінінде Ән тыңдауға тыйым салынған ба?

  11. Құрметті Жанна,
    Арыс станциясы Шымкентке, Отар станциясы Алматыға жақын, және қолымызда сол қалалардың ғана ораза кестелері бар. Сәресінде аузыңызды Шымкент уақытымен бекітіп (яғни ертерек), және кешке ауызашарда Алматы уақытынан сәл кешірек ашсаңыз (10-15 мин) Алла қаласа дұрыс болады.

  12. Agmin рахмет. Сонда меники дурыс болмады ма, мен енди карыз болдым ба?

  13. Мерует,
    иә қарыз болдыңыз, аузыңызды кеш жауып жүрген күндердің қазасын өтеуіңіз керек болады.

  14. Жезқазған қаласының оразага арналган кестеси бар ма? Рахмет

  15. Assalaumagaleikum
    menim minadai suragim bar edi: sebepsiz 1 kyn orazani zhiberip algani yshin 2 ai oraza ustau kerek al endi oraza ainan kein kelesi aida 6 kyn oraza ustasa onisi 1 zhyl oraza ustaganmen ten keledi eken. Sonda menim suraganim kariz bolgan kyndi sol 6 kynmen kaitaruga bola ma alde 2 ai bolek ustau kerek pe eken.
    Alla rizza bolsyn sizderdin isterinizge

  16. Құрметті Ермек!
    егер де ниеттенбей аузыңызды жаппаған болсаңыз онда күнге күн тұтасыз. ал ниет етіп аузыңызды жауып сосын әдейі бұзсаңыз соның қазасы 60 күн.
    ———-
    Біріншіден Рамазан айының тысында ұсталған нәпіл оразаның парыз оразаның қазасын өтей алмайды.
    Екіншіден Құранның асыл аятында: «Бір жақсылық жасаған жан оның сауабын он есе көп көреді» (Әнғам, 6/160) және Пайғамбарымыздың хадистерінде рамазан оразасын ұстағаннан кейін алты күн ұстаған адамның бір жыл ораза ұстағандай сауап алатындығы айтылған. Яғни, Рамазан оразасын ұстаған адамдарға арналған сауап. Мұны былай деп те түсіндіруге болады. Исламда әр жақсылыққа он сауап жазылады. Рамазан айы отыз күн десек онда әр күніне он сауаптан жазылғанда үш жүз күннің оразасының сауабына қол жеткізеді деген сөз. Ал қосымша ұсталатын оразаның әр күніне он сауаптан жазылатынын қоссақ 360 күннің сауабына тең болады. Айттарды шығарып тастағанда бір жыл ораза ұстағандай болады.

  17. Ораза қабыл болсын!!! 2002 жылы ораза қай айда болды, білетін адам барма екен? Маған өте қажет болып тұр!

  18. 2002 жылы ораза 6 караша кунi басталды. 5-7 желтоксан айт кундерi болды

  19. Ассалаумағалейкум!!! Рамадан айынан кейінгі шавваль айында Пайғамбарымыз с.а.с. алты күн ораза ұстаған екен. Мен жолда жүріп жолаушы (мусафир) кезімде ораза ұстамай жіберіп алған қаза күндерім бар еді. Мен осы жылы шавваль айындағы сунна оразаны ұстайын деп едім, енді ораза кезінде жіберіп алған күндерді шавваль айының алты күнінен кейін ұстасам болады ма? Яғни Ораза Айттан кейін.

  20. Assaliamu’aleikum! bauirlar aytip jibersender? taharat alganda auizga su kirip ketti deik. sonda auzimdi awip tastaimba alde kun batkanwa ustap juremba tamak jimei???

  21. Assaliamu aleikum! kewirersiz. musilmanda urpak kalu kerek deidi. eger ayelim bala kotere almasa 2-ayel alu kerek bolip kalama? ne isteuge boladi?

  22. Уағалейкум ассалам, Әлібек! Сауалыңызға рахмет. Мүмкін болса, бұл сауалыңызды мүяфтият сайтындағы сұрақ-жауап бөліміне қойсаңыз жақсы болар еді. Аллаһ тағала тұтқан оразаңызды қабыл етсін!

  23. Сәлеметсіздерме! Сіздерден сұрайын дегенім мынадай сұрақ: мұсылман қауымында еркек адам 40-қа толған мерейтойын тойлауға болмайды деген рас па? Тезірек жауап беріңіздерші

  24. жалпы туған күнді тойлау шарт емес, дініміз туған күнді жасауды міндет қылмаған.
    жиын болып туыстарыңыз келген жағдайда арақ, шарап, шошқа еті секілді Аллаһтың тыйым салған нәрселерін дастарханға қоюдан аулақ болыңыз…

  25. Ассаламуалейкум!

    Сізге қояр сұрағым бар еді. Аяғы ауыр әйелге ораза ұстауға болама екен? Босануға әлі ерте

  26. Уағалейкум ассалам! Құрметті, Алия! Аяғы ауыр әйел, яки емізулі әйел, баланың және өзінің денсаулығынан қауіптенсе, ораза ұстай алмайды екен.

  27. Ассалаумағалейкум Алматы қаласы бойынша ораза ұстау ережесі жазып қойсаныз 2010 жылға рахмет!!!

  28. Ассалаумаfалейкум, коятын келесi сураfым бар : Оскемен каласы бойынша сiздерден кестенi алуfа болама? Жауабынызfа рахмес!

  29. Ассалаумағалейкум!!!! менин сурағым: мен 1 жылы ауызымды бекиткенде 3 кунимди каза кылып алдым соны келеси жылғы оразага дейін 3 кунди отей алмай калдым! енди 2 жылы устайын деп отырмын Алла каласа!! алдынгы устаганым не болады??? жауап жаза аласыщдарма??? Алла раза болсын!!

  30. Уағалейкумсалам Даулет !
    Биылғы ораза айын толық ұстап болған соң өтейсіз. Қаза ораза өтелмейінше қарыз болып қала бермек.

  31. Ассаламу алейкум!
    Ораза қабыл болсын!
    Ораза устағанда түкірікті жұтуға немесе түкіруге болмайды дейді қайсысы дұрыс?

  32. Саламатсыздарма !!!!!!!!!!!!!! Оразаларыныз кабыл болсын!!!!!! сурак——–ораза устап отырып интернет аркылы достарыммен хат жазысуга болама

  33. Салеметсіздерме. Менің бір сұрағым бар еді: ішінді 1 айлық нарестесі бар екіқабат әйелге ораза ұстауға бола ма? Қатты ораза ұстағысы келгенімен нәрестеге зияны тимеспекен деген күдік бар…

  34. Сәлеметсіз бе Гаухар,
    бұл сұрақты докторларға қойғаныңыз жөн. Шешімді олар айтады. Егер ұстауға болмайды десе, ұстамайсыз. Кейін қазасын өтейсіз.

  35. салеметсiбе! мен бугын ауыз ашар уакытын 10минутка кешыктырып алдым,бул оразамды бузады ма,отынемын жауап жазынызшы

  36. Ораза устайтындарга интернетте отыруга бола ма?
    ораза устайтынга саби баланы басынан иіскеуге бола ма?

  37. Сіздердің кестелериниз дурыс екенине сенидисиздер ме? Ойткени мен баска кесте кордим уакыты сиздердикинен озгеше.

Comments are closed.