Ораза ұстағандар үшін мұстахап (жақсы) нәрселер

Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау — мұстахап*:

1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар» (Бухари, Саум, 20). Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» (Ахмед ибн Ханбәл, III, 44), – дейді.
Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру де — мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта» (Бухари, Саум, 45), – деген.

2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу — мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу — сүннет:
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

(Ауыз бекітерде айтылатын дұға. Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!». “Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!”)

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарга шақырып тамақ берген — ораза ұстаган адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48).

5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес» (Ахмед ибн Ханбәл, VI, 34). Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды» (Ибн Мажә, Сиям, 21). Сонымен қатар, Рамазанда «Мен оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін» (Бухари, Саум, 2).

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда «Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, тыңдасатын» (Бухари, Бәдул-Уахи, 5).

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын (Муслим, И’тиқад, 8).

* мұстахап – жақсы көрілген амал деген мағына береді, істесе сауап, істемесе күнә емес.

Ислам ғылымхалы кітабынан

99 thoughts on “Ораза ұстағандар үшін мұстахап (жақсы) нәрселер

  1. Биыл алғаш рет ораза ұстамақпын. Жарияланған материалдан іздеген нәрсемді тауып қана қоймай, көп нәрсені түсіндім. Соған шексіз алғысымды білдіремін. Ораза ұстаушылардың, оразасы қабыл болсын!

  2. Ораза қабыл болсын!!!! Жүніп деген не мағына білдіреді

  3. Айнұр, жүніп деген ер азаматтарда болады, қыз балаларға еш қатысы жоқ. Егер турмыста болсаңыз күйеуіңіздің білуі абзал!

  4. Абдуллаһ жүніп деген ер адамдарда ғана болмайды ғой, ер мен әйел жақындасқаннан кейін екеуі де жүніп болады. Яғни ғұсыл құйынуға тиіс болады.

  5. Сәлеметтсіз бе? Мисуак не екенін түсіндіріп беріңізші. Рахмет.

  6. Ораза қабыл болсын! Жалпы дін деген не, көксегені қандай мақсат екен?

  7. «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», тіпті кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б.
    Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі.
    Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылыған жаратылысының алдындағы мақсат, міндеттерін айқындап береді.
    Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды.
    Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді. Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде.
    Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді.
    Тарихи деректерге көз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж.
    Аллаһ адамзатқа жаратылысқа дейін рухтар әлемінде Өзінің Жаратушы Ие екендігін үйретіп, бізден Өзін Жаратушы Иеміз деп танитындығымыз турасында уәдемізді алды. Атам қазақтың «әлмисақтан мұсылманбыз» деуінің төркіні де осында жатыр. Бұл жайында аятта былай дейді: «Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп; Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? – дегенде олар: «Әрине куәміз», деген. Қиямет күні: Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер» (7. Ағраф-172).
    Хазіреті Пайғамбарымыз да бір хадисінде адамның ислам дінімен дүниеге келетіндігін айтып өтеді: «Әрбір сәби (жаратылысында) мұсылман болып дүниеге келеді. Бірақ ол баланың әке-шешесі оны өз діндеріне кіргізеді. Яһуди болса яһуди, христиан болса хрстиан, мәжуси болса мәжуси етеді» (Бухари, Жәнайз 80; Муслим, Қадар 22; Тирмизи, Қадар, 5). Хазіреті Пайғамбарымыз осы хадисімен адамдағы діни сезімнің туа біткеннен болатындығын білдіреді.
    Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

  8. Су көмейден өтпегенше ораза бұзылмайды. Дәрет алғанда, моншаға түскенде ауызға алынған судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадалаған жөн.

  9. Ауыз берік болғанда баланың бетінен иіскеуге бола ма:

  10. Баланы иіскеуге де, сүюге де болады

    Еркек не әйел бір бірінің беттерінен сүйе алады. егер де нәпсілеріне ие бола алмаса онда сүю мәкруһ.

    Ал еріндеріне сүю тыйым салынады себебі, бір бірінің еріндерінен алынған түкірік не су бір біріне берілген нәр, ләззат болғандықтан ораза бұзылады

  11. Ассаламу алейкум. Рамазан мубарак болғай. Рамазан айында түннің уақытында адам жұбайымен жүніп болуға бола ма?

  12. Сәлеметсіздер ме!
    Баршамызға ораза кабыл болсын!
    Мен ғұсыл алу тәртібі туралы білейін деп едім
    Рахмет!

  13. Ассаламу алейкум! Ораза қабыл болсын!
    Танысым үшін мына сұрақтың жауабын білсем деп едім, иншалла. Жаз кезіндегі шаң-тозаңға аллергиясы бар, күнделікті мұрнына сұйықтық (бітіп қалған мұрнын ашу мақсатында) қабылдайды. Соған қарамастан оразаға ниеті болып, ұстады. Бірақ, бұл дұрыс па, бұрыс па білмей жүр.

  14. барлығыңызға ораза қабыл болсын!
    Абайсыз да жаман сөз айтып қойса не істеу керек?

  15. Менің сұрағы ма әлі ешкім жауап бермей жатыр. Ақнұр осы сайттағы материалдарды қара мұрынға сұйықтық тамызу кезінде ораза бұзылады. Ауыз бекіткенге дейін шыдай алса қайдан білейін, бірақ ол досыңа қиындау болар.

  16. Азат, таба алмай отырмын. Қай жерде жазылғанын нақты жазып жіберіңізші. Алла разы болсын!

  17. Ассаламу алейкум! Ораза қабыл болсын!
    Асказаны ауыратын, жалпы асқазанда жарасы бар мұсылмандар үшін ораза парыз бе? Рахмет!

  18. Barsha musilmandar ramazan ayi Mubarak bolsin! Ustagan Orazalariniz kabil bolsin!
    barshamizga Allah tagalanin nuri zhausin!

    enin surain degenim, ne sebebten bizdin Kazakhstan elimizde Oraza ustau, yagni ramazan ayi 21 Tamizdan bastaladi, al Misir, Sauid Arabiya, Itai, Ontistik Koreiya t.b elderde Oraza ustau, yagni ramadan ayi 22 ne bastaladi.
    Men otbasimmen Ont. Koreyada turamiz, Orazamizdi 22 nen 23 karaan tunde ustap zhatrmiz.
    Ne sebebten ar turli uakitta ekenin tusindirip berinizshi?
    rachmet!

  19. Құрметті Ләззат,
    Әлемде ай жылсанауын жүргізетін бірнеше үлкен институттар бар. Жаңа ай 20-ншы тамызда Мекке уақытымен түскі сағат 1:01-де туады.
    Көбінесе Рамазан Жершарының батыс бөлігінде 22-нде басталса, шығыс бөлігінде 21-нде басталады.

    Барлығы Астрономиялық санауларға байланысты, кейбір ғалымдар 21-нде бастау дұрысырақ десе, біреулер 22-нде бастау дұрыс дейді. әр түрлі пікірлер бар.

    Толығырақ:
    http://www.islamonline.net/servlet/Satellite?c=Article_C&cid=1248187552053&pagename=Zone-English-News/NWELayout (Difference)

    анығын Аллаһ біледі.

  20. Ассаламу алейкум! Барша мұсылман қауым ораза қабыл болсын! Аллаһ разы болсын!

  21. Алияның сұрағы: Ассаламу алейкум! Ораза қабыл болсын!
    Асказаны ауыратын, жалпы асқазанда жарасы бар мұсылмандар үшін ораза парыз бе? Рахмет!

    Құрметті Алия егер асқазанда жазылмайтын “язва” т.б. ауруы болса, онда ораза тұтпайды.
    Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін», (Бақара, 2/184) – дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят — кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен, кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмайтын жүкті бермейді» (Бақара, 2/186.3).

    Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық жасаған емес» (Хажж, 22/78).

  22. Ассаляму уағалейким! Ауыз берік кезінде түкірігін жұтқан кісінің оразасы бұзылама?
    Рахмет.

  23. Рахмет жауаптарыңызға! АЛЛАh разы болсын! Менде тағы бір сұрақ туындап отыр. Егер асқазанда “язва” болмай, тек асқазаны ауыратын жандар үшін қалай болар екен?

  24. Барлық мұсылмандықтарға ораза қабыл болсын. Мен, рамадан айынын басында үш күн ортасында үш күн аяғында үш күн ораза ұстауға болады ма білейін деп едім? Ұстауға ниетім бар бірақ денсаулығым жарамайды.

  25. Үш күндік ораза қайдан шыққан?

    Ораза негізі алты бөлімге бөлінеді:
    1.Парыз ораза – Рамазан айының оразасы, қазасы және кәффарат (жаза) оразасы.
    2. Уәжіп ораза – Бұзылған нәпіл оразаның қазасы мен нәдір оразасы.
    3. Сүннет ораза – Мухаррам айының 9-10-ы күндері ұсталатын ораза.
    4. Мустахаб ораза – бұл әр айда үш күннен тұтылатын ораза. Сіз сұрап отырған Рамазан айының әр кезінде «үш күндік ораза тұтуды» алға тартушылар, бәлкім, осы мустахаб оразамен шатастырып отырса керек.
    5. Нәпіл оразасын әр мұсылман баласының аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісінде орындай беруіне болады.
    6. МәкруҺ ораза, яғни ұстауға болмайтын кездер. Оған Ораза айттың алғашқы күнін, құрбан айттың үш күнін жатқызуға болады.

    Оразаның ең басты шарты – ниет. Олай болса, осы орайда түннен ниет ету парыз болып табылатын ораза жайында да айта кеткеніміз жөн. Рамазан айының ораза қазасын өтегенде нәпілден бұзылған және сөз берілген оразаларға түннен ниет ету парыз. Ал Рамазан оразасында түннен ниет ету шарт емес

  26. Kurmetti Admin!
    Zhauabinizga ulken rachmet!
    Ramazan ayi mubarak bolsin, Alla Tagalanin nuru zhauip, niet tileuleriniz kabil bolsin!
    Oraza kabil bolsin!

  27. Orazalariniz kabil bolsin ustagan zhan!
    Menin surain degenim, men 5 ailik kishkentai balamdi emizemin, birak osi Ramazan ayin kopten kutken edim, niettenip Oraza ustau ushin, sebebi biltirgi zhili da osi Oraza ayinda zhukti bolip ustai almagan edim Orazani. Kurandada zhazilgan “Emizetin ayielge oraza ustamai, kein ustasa boladi” dep. Birak men Alla Tagalanin rizaligi ushin Oraza ustap bekindim, eger sutim azayip zhatsa kalai, Orazamdi asha alaminba, zhok alde ol kuna bolama?
    soni aitinizdarshi?
    5 ailik balam kosimsha tamak zhemeidi tek emshek sutin gana emedi.

  28. Құрметті Lyazzat өзіңіз айтып кеткендей емізулі балаңыз болса, күндіз тамақтанбағандықтан сүтіңіз аз болып жатса аузыңызды ашсаңыз болады. Дініміз исламда зорлық жоқ. Аллаһ тағала бізге тек жеңілдікті қалайды.
    балаңызды емізіп, оның тоқ болуы бірінші орында болғаны дұрыс, бала денсаулығы маңызды.
    оразаңызды ашатындай болсаңыз кейін қазасын тұтып бересіз. ал егерде сүтім жетеді деп ойласаңыз, рамазан айында ораза тұтып, сауапқа кенелгеннен артық нәрсе жоқ шығар.

  29. Құрметті Шарафиддин ораза кезінде түкірік жұтса ораза бұзылмайды. тек ауызды толытырып жұтпау керек.

  30. Құрметті “Алия” Егер асқазанда “язва” болмай, тек асқазаны ауыратын адам болса, әрі науқасы рамазан уақытында қозып, ауырса және жазылу мүмкнідігі болса онда жазылған соң қазасын тұтып берсе болады. жазылмайтын болса жауабы жоғарыдағыдай.

  31. Курметти мусылман бауырлар! Устаган оразаларыныз кабыл болсын! Алла Тагала баршамызды шынайы ыкыласпен ораза устаушылар санатына косып, жаннаттын Раййан есигинен кириумизди насип еткей! Касиетти Рамазан кутты болсын!

    Мен осы сайттан бираз оте пайдалы маглуматтар алдым,сиздерге Алла разы болсын!

  32. осы сайтта былай жазылган. “Оразаны бұзбайтын жағдайлар” Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды”.-деп жазылган. Менде жыл бойы кайталанып келетин созылмалы аллергия,козге мурынга уакытымен тамызып турамын,жане ораза устагалы да тамызып келемин,жогарыда айтылганды окыганнан кейин,ал бир пикирде болмайды деген,калай истеген жон болады.

  33. Құрметті Алия! Рахмет жауаптарыңызға! АЛЛАh разы болсын! Менде тағы бір сұрақ туындап отыр. Егер асқазанда “язва” болмай, тек асқазаны ауыратын жандар үшін қалай болар екен?

    Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Алла тағала тұтқан оразаларыңызды қабыл есін.
    Мен өз басымнан өткен жағдайды айтайын: 2001 жылы язва жарылып кетіп операция жасады, содан араға 2 жыл салып яғни 2003 жылы қайтадан приступ ұстап , операция жасатуға жолдама берді. Содан операция жасап шығып бара жатқанымда дәрігер, сол кезде ораза айы тұспа тұс келді, маған ораза ұстауға болмайтындығын айтты. Бірақ мен дәрігердің айтқанын тыңдамай ораза тұттым. Сол Ораза арқылы Алла тағала шипа берді деп ойлаймын. Аллаға шүкір қазір бір кісідей тамақ ішемін. Алла разылығы үшін ораза тұту арқылы кеселден айығуға болады. Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі.

  34. Құрметті Жанна! осы сайтта былай жазылган. “Оразаны бұзбайтын жағдайлар” Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды”.-деп жазылган. Менде жыл бойы кайталанып келетин созылмалы аллергия,козге мурынга уакытымен тамызып турамын,жане ораза устагалы да тамызып келемин,жогарыда айтылганды окыганнан кейин,ал бир пикирде болмайды деген,калай истеген жон болады.

    Көзіне сүрме (көз ұнтағын) жаға алады және көзге тамызатын заттарды пайдалана алады. Бұл секілді заттардың дәмі көзге сіңген соң жұтқыншақа келіп жетсе де, жетпесе де оразаны бұзбайды. Бұхари өзінің «Сахихында»: «Әнәс, әл-Хасан және Ибраһим секілді сахабалар: «Ораза күйіндегі кісінің өз көзіне сүрме себуінде тұрған ештеме жоқ», – деген хабар жеткізген.

  35. Мен омиримде алгаш ораза устауга ниет кылдым, сурактарым коп болип тур,жакын уакытта мын шакырымдай жол журемин поездпен,90 кмден асып кетсе,ораза устамасам болады дейди,ал поездта мумкиншилик болса жалгастыра беруге бола ма жане жол устинде ауыз бекиту ауыз ашу уакытын калай билуге болады?

  36. Құрметті Жанна егер айтып отырғаныңыздай жолға шықсаңыз және өзіңізге жол ауыр тимейтіндей болса ауызды ашпай жалғастыра берсеңіз болады. ал енді кестеге келер болсақ, барар орныңыздың жүретін жолдардың (ондағы орналасқан қалалардың) кестелерін алдын ала біліп алып алғаныңыз жөн болар. сол жергілікті кестелерге қарап ауыз бекітіп, ауыз ашасыз.

  37. Жауаптарынызга улкен рахмет. Алла разы болсын!

  38. Кешіріңіздер! Сіздерден сурамақ болғаным құрбыларыммен кездескенде бет сүйіп амандасса ораза бұзылады ма?
    Алдын ала алғысымды білдіремін!

  39. Маржан,
    жоғарыда осы бетте сүю туралы пікір жазылған.
    ешқандай сезім оятпаса Құрбыларыңызды сүйсеңіз болады

  40. Құрметті Urimtal,

    Жауабыңызға рахмет!
    Ал дәрет алу тәртібі туралы қайдан білуге болады екен?
    Ораза ұстау кезінде дәрет алып жүру шарт па
    немесе сәресіне дейін немесе кейін /немесе күніне бір рет алу керек пе,
    осы туралы түсіндіре айтсаңыз

    Игі тілекпен, Әлия

  41. Құрметті Алия,
    дәрет не екені, қашан алынатыны, не үшін алынатыны туралы мына жерде кеңірек жазылған:
    http://nur-gasyr.kz/index.php?option=com_content&view=category&id=15&Itemid=42

    дәрет алу үлгісі:
    http://www.muftyat.kz/namaz/tazalik/

    Ораза ұстау кезінде дәрет алып жүру шарт емес. Бірақ әруақытта дәретті болып жүргеннің үлкен сауабы болады.

    Хадис:
    “Аллаһтың иманды құлы, дәрет алып
    бетін жуған кезде, оның бетінен судың соңғы тамшысымен көзімен көрген күнәләрі түседі,
    ал қолын жуған кезде, сумен бірге,
    оның қолымен ұстаған күнәләрі түседі,
    ал аяғын жуған кезде, сумен бірге
    оның аяғымен барған күнәләрі түседі,
    осылай барлық күнәләрінен арылғанша жалғасады.”

    (Әбу һурайрадан (р.а) Имам Муслим риуаят еттi)

  42. Барша мусылмандарга ораза кабыл болсын! Алланын нуры жаусын!
    менин сурагым; ауыз бекиткеннен кейн адам озинин силекейн жутуга бола ма?

  43. Маржан, аузыңызға жинап жұтпасаңыз болғаны 🙂 Бұған қатысты түсінік алдыңғы жазбалардың бірінде болған еді. Мұқият қарап шығуға кеңес беремін. Оразаңыз қабыл болсын!

  44. сосын тагы бир сурагым; Ораза устаганда намаз оку парыздарын орындамаса,бирак дарет алып жуынып озинди озин таза устап журсен, солай устауга болама? мен бирак бастап койдым !

  45. Құрметті Маржан,
    әлбетте болады. Барлық адамдар бірден намаз бастап кеткен жоқ қой. Солай бірте-бірте адам үйренеді.

    Оразаңыз қабыл болсын !

Comments are closed.