Аузы берік кісіге мәкрүһ және мәкрүһ емес нәрселер

1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау — мәкрүһ*. Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін қадағалау үшін, тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.

2. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – мәкрүһ.

3. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану – мәкрүһ.

4. Бал немесе май секілді сатып алатын нәрселердің қандай екенін білу үшін дәмін татып көру – мәкрүһ.

5. Шайналып тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау – мәкрүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.

6. Аузы берік адам әлсіреп өзін сақтай алмайтындай болса, қан алдыруы – мәкрүһ. Егер көтере алса, мәкрүһ емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.

7. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшін ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну – Әбу Юсуп бойынша, мәкрүһ емес. Өйткені, мұндай уақытта адамға жеңілдік туады. Фәтуа осы үкімге берілген.

8. Өзіне сене алмаған аузы берік жанның әйелін сүюі мәкрүһ. Өзіне сенсе, мәкрүһ емес. Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) зайыбын сүйгені және әзілдегені жайлы айтылады (Ибн Мажә, Сиям, 19).

9. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ.

10. Аузы берік жанның гүл не әтір секілділерді иіскеуі, сүрме жағуы, мұртын майлауы – мәкрүһ емес.

Ислам ғылымхалы кітабынан

Мәкрүһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет. (Шариғат бойынша харам етілмеген, бірақ зәру жағдай болмаса жасауға рұқсат етілмеген нәрсе.)

59 thoughts on “Аузы берік кісіге мәкрүһ және мәкрүһ емес нәрселер

  1. Сәлеметсіздер ме!
    Келе жатқан Ораза айы баршамызға мубарак болсын!
    мен намаз оқығыныма 7 ай болды. Аллаһ қаласа оразаға ниеттеніп жүрмін. Сұрағым: Тарауих намазын оқу міндет пе? Оны үйде отырып оқу керек пе, әлде мешітке барып жамағатпен оқыған абзал ма?
    алдын ала рахмет

  2. Тарауих намазы – бекітілген сүннет, оқысаңыз сауабы мол. Оқымасаңыз сізді біреудің кінәлауға ақысы жоқ. Ал егер оқылмаса тарауих намазының қазасы өтелмейді.
    Бірақ ол намазды ер кісілер ғана мешітке барып оқуына болады, ал әйел кісілер үйінде оқуы керек. Дегенмен әйел кісіге мешітке баруға болмайды деген сөз емес. Әйел кісінің үйінде оқыған намазы абзал.
    Хадисте:
    “Кiм Рамазан айын шын иман және ықыласпен өткізсе, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.”
    (Бухари, Муслим, Ибн Мажә, Тирмизи)
    Имам Нәуәуи бұған тарауих намазы да кіретінін айтқан.

  3. Ассалаумагалейкум,
    сурайтын сурагым, тарауих намазында 20 ракат оку шарт па? 8 ракат окуга болатыны туралы естигеним бар, каншалыкты рас екенин айта кетсениз…
    Аллах разы болсын

  4. Жалпы тарауих намазы – Рамазан айында құптан намазынан кейін оқылатын намаз. Тарауих намазы – бекітілген сүннет, Рамазан айының сүннеті. Яғни бұл намазды тек ораза тұтқандар ғана емес, белгілі себепке байланысты ораза тұта алмағандар да оқуына болады.
    Ханафи мәзһабы, тарауих намазын Хазіреті Омардың (р.а.) амалын негізге ала отырып, жиырма ракағат оқиды. Хазіреті Омар (р.а) Пайғамбарымыздың мешітінде тарауих намазын жамағатпен жиырма ракағат оқытқан.
    Төрт халифаның дәуірінен кейін де бұл тарауих намазының жиырма ракағат оқылғанына ешкім қарсылық білдірмеген. Ғұламалар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менен кейін менің және Хулафа-ур Рашидиннің сүннетінен айрылмаңдар» (Тирмизи, Илим, 16; Ибн Ханбал, IV/126) деген хадисі бойынша әрекет еткен.
    Имам Әбу Ханифадан Хазіреті Омардың (р.а.) бұл туралы ұстанымы сұралғанда: «Тарауих намазы – күмәнсіз бекітілген сүннет. Хазіреті Омар (р.а.) да Пайғамбарымыздың сүннетіне сүйене отырып, тарауих намазын жамағатпен жиырма ракағат оқыған» деп жауап берген (әт-Таһтауи, Хашия, 334).

  5. Ораза қабыл болсын, ұстаған жан! Менің сауалым: Ораза ұстаймын деп қанша күн бұрын ниет етіп жүріп, тура сол күні таңғы сәресіне тұра алмадым. Сонда да жалғастыра бердім. Ал екінші күні оянып, ауыз бекіту уақыты 6:04 деп ойлаппын. Себебі қолымдағы кесте орысша болғандықтан дұрыс түсінбеппін. (Фаджр деген жерге қарау керек екен, мен восход солнца деген жерге қараппын…) бірақ кесте астындағы ескертуді оқып түсіндім де бірден 4:40 та тоқтаттым. Сонда оразам бұзылғанға жата ма, әлде жалғастыра берейін бе? Тағы бір сауал: түкірікті жұтпа деген сайын аузыма толып қала береді, түкіріп тастау үшін минут сайын жүгірем, не істеймін? Қазір сайтты қарап отырмын, бірақ түсінбедім жұта берейін ба сонда?

  6. Құрметті Нури
    1) сәресіне дейін (фаджр) ауызыңызды бекітіп үлгерген болсаңыз, оразаңыз дұрыс саналады.
    2) түкірікті жұтуға болады, ауызға жинай бермеңіз, күнделікті жүргенде жұтып жүргеніңіздей жұта беріңіз

  7. Әссәләмуалейкум! Ораза ұстаушыға рұқсат етілетін нәрселердің ішінде “Ораза ұстаушы кісі мисуакты пайдалана алады” делінген ал мұнда “Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – мәкрүһ.” деп жазылған, бұны қалай түсінуге болады?

  8. сулы мисуакты қолдану мәкруһ.
    яғни тамағыңызға судың кетіп қалуынан абай болыңыз делінген

  9. Сәлеметсіз бе Кунсулу,

    Мейлі Ораза айы болсын, немесе басқа уақыт болсын:
    Аптасына бір рет тырнақты алу – Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті. Дінімізде тырнақ өсіру мәкрүһ (яғни, ұнамсыз). Тырнақтың астында кір жиналады. Уақытылы алып тұру тазалық жағынан өзіңізге жақсы.

    Тырнақты боямағаныңыз абзал. Өйткені ол дәрет немесе ғұсыл алуға кедергі болады. Бояған болсаңыз, дәрет алардың алдында лакты кетіресіз

  10. kewirersiz baikamai kalyppyn. rahmet. bizdin suraktarymyzga jauap berip jatkanynyz uwin sizge Allah Tagala razy bolsyn!

  11. Ассалаумағалейкум! Баршаңызға ораза айы мүбәрак болсын, мұсылман бауырлар!
    Менің сұрайын дегенім, ораза ұстап жүріп, жуынуға(душ қабылдау, сабынсумен бас жуу деген сияқты), қырынуға, әтір себуге болады ма? Және де мен оразаның алғашқы екі күнінде сәресіге тұра алмай қалып едім. Бірақ күн батқанша ауыз бекітіп жүрдім. Ол екі күн қарыз болып қалмайды ма немесе сәресіге тұра алмай, ұйықтап қалған жағдайда не істеу керек? Алдын ала рахмет!

  12. Құрметті Данабек,
    барлығын да істеуге болады. Тамағыңызға су кетіп қалмауын қатты қадағалаңыз.

    Сәресіне тұра алмай қалсаңыз, оразаңызды жалғастыра бересіз. Қарыз болмайды.
    Сәресіне күнде тұрып жүруге тырысыңыз.

  13. Рахмет, Аллах разы болсын, админ, бауырым! 🙂

  14. Рамазан айыннын биринши куни уйыктап калдым, кешке ауыз ашарда ертерек ашып койыппын , себеби мен алган кесте баска каланын кестеси болып шыкты, мен оны кешкисине кордим, абден болганнан кейн. Одан кейн меним жакын досымнын тойына бардым, тамак жеген жокпын, ауызымды жолда машинада келе жатканда аштым. жалпы жиын отырыста отыруга бола ма, ишип-жемей? Аллах разылыгы ушин, комектесиниздерши.

  15. Құрметті Тілекші,
    той-томалақ болса қажет емес. Ал жұмыста ұйымдастырылып жатса, отыруға болады.

  16. Құрметті админ менің сұрағым мынадай еді: аузым берік дегенмен жұмыста түскі үзілісте шашымды қысқартсамба деген ойым бар еді осы ораза шарттарына қайша емес пе екен? рахмет!

  17. Ассалямуагалейкум. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ. Осы жердеги ихтилам деген не?

  18. Уағалейкум ассалам, Ернар! “Ихтилам” дегеніміз ұйқыда ғұсылдың бұзылуы, яғни жүніп болу.

  19. Allaxu tagala sizden jane de islamdy nakty uirenuge umtylgan bauyrlardan riza bolsyn!

  20. Ораза кезінде білмей күнә зат жасап қойса не істеу керек? Ауыз берік кезде спортпен шұғылдануға бола ма?

  21. Ассалауму Алейкум! Ауыз бекиту тан намазына ма алде тан намазына азан шакырылуына 10 минут калганда жабылама? Аузыды кай уакытта бекиту керек? Рахмет!

  22. Ассалямуагалейкум. Сізге қояр сұрағым ауызды ашып болғаннан сон жубайынмен жатуға болама. Кешірім сұраймын

  23. Құрметті Ерболат, әрине некелескен жұбайыңызбен ауыз ашып болған соң сәресіге дейінгі уақыт аралығында қосылуға болады.

  24. Құрметті Жанпейіс істеген күнәларға байланысты пәтуалар айтылады, яғни жауап бере аламыз. спортпен шұғылдануда тұрған ештеңе жоқ. дегенмен спортпен шұғылданға терлеп денеден су шыққан соң адамның су ішкіс келеді. өзіңізге ауыр тимесе болды. ыстық күнде шөлдеген адамға ораза ұстауда оңай емес.

    Құрметті Мухтар ауыз таң намазының азан шақырылуына 10 минут қалғанда жабылады.

  25. Ассаламу Алейкум! Сурагыма жауап жазганынызга улкен рахмет! Аллах СубаханАллаху Таола жар болсын! Сизге бул суракты койган себебим иним менен спорласып калып едик, : мен – тан намазына 10 минут калганда ауыз берик болу керек деп, ал ол – тан намазына 10 минут калганда, деди, Алгашкы кундери ол аузын меннен 40-мин, 1- сагаттан сон жауып журген. Ол кисинин оразасын Аллах кабыл етсин. Сиз не акыл айтасыз! Улкен рахмет сиздерге! (сайт акимшилигине!)

  26. Ассаламу Алейкум! Баршаңызға ораза айы мүбәрак болсын, мұсылман бауырлар!Менің сұрайын дегенім, парыз намазынан кейін тасбих тартып сонан сон суннетін оку керек пе? тасбих тартып суннетин окимын дегенше тарауих намазы басталып кетеди, сосын кешігіп қаламын, егерде кешиксем карызымды отеуім керек пе? Бірақ кешіккеніңді окиын десең екіншісі басталып кетеді. Осыған жауап айтатын адам бар ма ?

  27. Рукуғқа барғанда және рукуғтан тұрғанда қолды иық деңгейіне дейін көтеру туралы, қолды байлағанда көкірек тұсынан ұстау туралы айтсаңыздар екен . Менің намаз үйренгеніме 6 ай болып қалды, мен осылай үйренген едим

  28. 1. қаза мен кәффарат жайында бір сұрағым бар еді.
    менің қатынаста болған қарсы жынысты өкілмен болған сәтімді еске алуымды қоймадым 🙁 ораза кезінде, бұнымды қаза ретінде 10 күн ораза ұстау керек пе әлде кәффарат(60 күн) ұстауым керек пе?
    ал былай барлық талаптарын сақтап жүрген сияқтымын…

    2. Тарауих намазын – намазға жығылмаған адамда оқи береді ме?

  29. Құрметті Лейка:
    Бірінші сұрақ: Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы.
    Рамазанның күндізінде әйелімен жақындасқан бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей ораза ұстау керектігін яки оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттілігін айтады (әш-Шәукани, IV, 214). Екі ай ораза ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру мүмкіндігін кәффарат жолына пайдалана алмайды.

    Екінші сұрақ: тарауих намазын оқу, намаз оқу ғой. Намаз білген адам тарауих намаз оқи алады. егер білмесе аурлық болуы мүмкін. себебі тарауих намазы жиырма ракат. кем дегенде бір саған шамасында оқылады.

    Үшінші сұрағыңыз: оразада ғұсыл алуға, моншаға түсіп шайынып алуға болады. бірақ сауна, булы баняға түсуге болмайды.

  30. Assalam aleykum! Menin saualym mynaday: Gusylsyz, saresine uyiktap kalgan adam balasy, gusyl alyp orazany jalgastyrsa kabyl bola ma?

  31. Құрметті Дос, егер ұйықтап қалсаңыз, оянған уақытта ғұсыл екендігіңіз білінсе, ғұсыл алып оразаны жалғастыра бересіз. Ұйықтап жатқанда ихтилам болу яғни, ғұсыл құйынатын жағдайға келу оразаны бұзбайды.

  32. Салеметсизбе! Мен 2-3 кун саресин 6:30-да бекиттим, ойткени билмей калдым 4:30-га дейн бекиту керек екенин, ол енди каза болмайды ма? Сосын бир кун уйыктап калыппын. Осы сурактарыма жауап жазсаныз.

  33. егер гриппен аурып, мурнын битилгенде, мурын ташыларын колдануга болады ма?

  34. Әссәләмуалейкум бауырлар! қаза болған намазды калай оқиды? және қашан?:(

  35. Ассалаумагалейкум, астана каласында жексенбi кунi Айт намазы каншада окылады?
    рахмет

  36. Қайырлы күн! Ораза ұстағаннан кейін тағы 6 күн ұстаса сауап болады деп естідім және солай істеп жүрмін. Ол қалай аталады, қысқаша айтып берсеңіздер!Оразадан айырмашылығы бар ма? Рахмет.

  37. Саламатсыз ба Kunsulu! Мусылман кунтизбеси бойынша Рамадан айынан кейн Шауаль айы туады. Осы айдын алгашкы 6 кунинде ауыз бекитуге болады, Ораза айттан сон. Ойткени биздин суйикти пайгамбарымыз Мухаммед с.а.с. осылай истеген, бирак бул миндетти емес, ягни парыз емес, бирак устасаныз улкен сауапка кенелесиз! Оразаныз кабыл болсын!!!

  38. Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!кеширерсиздер,мумкин болса “мәкрүһ” сөзінің мағынасын түсіндіріп жібересіздерма?!(((Рахмет, Алла разы болсын сиздерге!

  39. Алейкумассалам Бибигуль,
    Мәкрүһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет. (Шариғат бойынша харам етілмеген, бірақ зәру жағдай болмаса жасауға рұқсат етілмеген нәрсе.)

  40. Сәлеметсізбе! Мен бугин ораза устаган жокпын, ертеннен бастап устагым келеди. Ертеннен бастап устайын десем, кесте жок, сонымен катар ауызды бекитер кезинде окылатын дугалар жок. (Семей қ.,) Кесте Оскемен қ., арналган.

Comments are closed.