Ораза бұзылғанда қазасы ғана өтелетін жағдайлар

Емдік мақсатта денеге бір нәрсе кірсе, ораза бұзылады. Қазасын өтеу керек.

Қателесіп, бір нәрсе ішіп-жеу оразаны бұзады. Яғни бір адам ораза екенін біле тұрып, қателесіп бір нәрсе ішіп-жесе оразасы бұзылады. Мысалы, дәрет алып жатқан кезде байқаусызда тамағына су кетіп қалса, қарды аузына салып, ол да тамағынан өтсе, оразасы бұзылады. Қазасы өтеледі. Егер де ораза екенін ұмытып істесе, ораза бұзылмайды. Тістерінің арасынан шыққан қан түкірікпен бірдей немесе одан көп болып тамақтан өтсе ораза бұзылады. Аз болса, бұзыл­майды. Өйткені, көлемі аз қаннан сақтану қиын.

Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеу немесе ұмытып ерлі-зайыптылардың бір-біріне жақындауымен ораза бұзылмайды. Өзінің ораза екенін білмей бір нәрсе жеген адамның есіне ораза екендігін салмау – мәкрүһ. Егер әлсіз, кәрі біреу болса, есіне салмау абзал. Сол секілді өздігінен іштен келген ауыз толмаған құсық өздігінен қайта кері қайтса, ораза бұзыл­майды. Бірақ адамның өзі жұтса, ораза бұзылады. Және аузы берік адам өз қалауымен ауыз толтырып құсса, ораза бұзылады. Өйткені, бұл дәретті бұзумен қатар, аз немесе көбі ішке қайта кетеді. Бұның қазасы керек. Яғни, мейлі аз, мейлі көп, әдейі ішке құсық жұтылған кезде ораза бұзыла­ды.

Ауыз толы құсық қақырық болса, Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммед бойынша, оразаға ешқандай зиян тигізбейді. Жоғарыдағы мәселеге мына хадис дәлел: «Аузы берік адам құсқысы келіп, өзіне ие бола алмаса, оган қазасын өтеу міндетті емес. Өз қалауымен құсатын болса, оразасын қаза етсін» (Әбу Дәәуд, Саум, 33; Тирмизи, Саум, 24).

Жеуге жарамайтын әрі ұзақ тұру мүмкіндігі жоқ нәрселердің тамақтан өтуі оразаны бұзбайды. Мысалы, ауаға жайылған түтін, шаң оразаны бұзбайды. Көз бен құлаққа сұйық дәрі тамызса, ораза бұзылмайды. Ал, мұрынға тамызылса, бұзылады. Қазасы өтеледі.

Сонымен қатар мына жағдайдағылар бұзылған оразасының тек қана қазасын өтейді:

1. Дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен тамаққа су кету.
2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу.
3. Ауыр жұмыста жүрген кезде ауырып қалу немесе өзіне бір зиян тиюінен қорқып оразасын бұзуы.
4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.
5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниет еткен адамның бұған көңілі толмай ішіп-жеуі.
6. «Күн батты» деп жаңылысып, аузын ашса, бірақ күннің одан кейін батқанын білсе, оразасын бұзғаны үшін, тек қана қазасын өтейді. Сәресіде тамақ ішіп отырған кезде таң уақыты кірсе дереу аузындағысын шығарса, ораза бұзылмайды.
7. Түнде оразаға ниеттеніп, бірақ таң ертең жолға шығып, жолда оразасын бұзатын болса.
8. Түнде ораза ұстауға ниеттенген жолаушының тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін жеуі.

Бір адам Рамазан айынан тыс біле тұра оразасын ішіп-жеу, зайыбына жақындау арқылы бұзса, Рамазан айында болмағаны үшін тек қана қазасын өтейді.

Ислам ғылымхалы кітабынан

18 thoughts on “Ораза бұзылғанда қазасы ғана өтелетін жағдайлар

  1. Егер оразада ауыз бекитип,содна кейн басынды жусан оразам бузылама????

  2. Құрметті Галия аузыңызға су кіріп кетуден абай болыңыз, су кірмесе бұзылмайды. дегенмен лажы болса ауыз бекітпестен бұрын жуып алсаңыз жақсы.
    керек жағдайда шомылуғада болады. мысалға ғұсыл құйыну т.б.

  3. Ассаламу уағалейкім! Менің сұрайындегенім, өткен жылда бір күн оразамды бұзып алдым, біле-тұра аузымды аштым, сол оразамды өтеу үшін, 60 адамды тамақтауға, әсіресе балалар үйіне балаларды тамақтауға болама? Рақмет!

  4. Ассаламу уағалейкім! Ауыз бекиткеннен кеин куйеуммен жакындастык (куштеп мажбур етти деуге болады). Мундай жагдайда казасын гана отеуге болады ма?

  5. Әссәләму әлейкум! Мен сіздерден сұрайын деп едім, егер адам біреуге айқайлап ұрысса аузы ашылып кетеді ма?

  6. кейде ренжип калам, кейде катты сойлеп коямын, (артыннан кеширим сурап жатамын Аллах тан) сонда меним оразам бузылады ма?

  7. оразанын тек казасын отеу дегенди тусиндире аласыздарма? Алдын ала рахмет,Сиздерге Алла разы болсын!

  8. Салеметсізбе Мен Талдыкорганнан хабарласып отырмын! Мен 1-ші рет ораза устадым! Кестени тусінген жокпын!
    Кестеде сарени ішу тан намазына кіруіне 10 мин калганда токтатылады делинген мен осыны тусінбедім!
    Кун шыкканда тамак ішпеу керек па?
    Мен кун шыгу бойынша саремди токтаттым! Намаз оку білмеймін! Намазсыз ораза устага бола ма?

  9. 2Айнур:
    қазасын өтеу деген белгілі себептермен ұстай алмаған күндеріңізді, рамазаннан кейін өтеу. қанша күн қарыз боп қалсаңыз, сонша ұстайсыз.

    2Назым:
    Ауызды таң намазына 10 минут қалғанда жабады. Мысалы: кестеде таң намазы 3:55 деп тұрса, сіз аузыңызды 3:45 ке дейін жабуыңыз керек. Иә, намаз оқымасаңыз да, ораза ұстауға болады. Оразаңыз қабыл болсын !

  10. Бүкіл мұсылмандардың Рамазан айы Мүбәрәк болсын! 2007 жылы жол апатына түсіп, басымды жарып, қабырғаларымды сындырғам осы уақытқа дейін оразаны ұстамай клдім. Дәрігерлер де тиым салды, міне биыл дәрі-дәрмектерді ішпегендіктен аузымды бекіттім, бірақ ата-анам білгенде қарсы болды. Енді екі оттынң арасында қалдым. Бұрыннан ораза ұстағым келген, бірақ ата-анамды да ренжіткім келмейді. Осы ата-анаммен арамыздағы түсініспеуншіілікті Алла кешіреді деген ойым дұрыс па?

  11. Сәлеметсіздер ме, Ораза кабыл болсын баршаңызға…Сәресіде ауызды 10 минут бұрын емес, дәл кесте бойынша бекітсе есептелмей ме, кешіккен болып саналады ма? алдын-ала рахмет

  12. Ғазиза, Аллаһ Тағала сабырдан айырмасын!

    Ислам дінінде Аллаһ тағаладан кейін ата-анамыздың ризалығын алуға талпыну керектігі айтылады. Сондықтан оларды ренжітпегеніміз жөн. Ата-анаңызға дәрігерлердің өздері де ораза ұстауға рұқсат бергенін айтсаңыз, олардың да көңілдері орындарына түсер, иншАллаһ!

    Оразаңыз қабыл болсын!

  13. Ассаламун алейкум сайт администраторлары. Осы сайт арқылы ораза ұстаған қауымға көп көмектеріңізді тигізіп жатырсыздар. Сіздерге үлкен рахмет. Аллаһу та’ала сіздерге разы болсын!!!

  14. Касиетти рамазан айы барлыктарынызга кутты болсын! Ораза кабыл болсын! орза кестеси болмай саресини билместен кеш ишип койыппын, бирак кун шыкканга дейн, ораза бузылды деп саналады ма? Рахмет!

  15. Сәлеметсіздер ме, мен ораза устаган едім, сол оразаны менің жолдасым осыдан 10-ай бурын кайтыс болган еді, сонын атынан устасам, жолдасым устагандай болама, кешіресіздер сурагыма,

  16. Ассаламуғалейкум! Ораза қазасын өтеу айттан кейін бе?Мерзімін айтсаңыз? Рахмет, оразаңыз кабыл болсын!

  17. Уағалейкумуссалам!
    Жансерік, болады. Бірақ қарыз мойныңыздан түспейді.

    Айнаш, күмәніңізді сейілту үшін Аллаһтан кешіріп тілеп, айт мейрамынан кейін бір күн қосымша ораза ұстағаныңыз абзал.

    Назира, жолдасыңыздың иманы саламат болсын. Аллаһ тағала қазаның артын қайырлы қылсын! Мүмкін болса, сауалыңызды жақын жердегі мешіт имамына қойғаныңыз дұрыс немесе muftyat.kz сайтына қойып көріңіз.

    Нұрлан, уағалейкумуссалам! Айт мейрамы күндерінен кейін келесі Рамазан айына дейінгі уақыт аралығында биылғы ораза қазасын өтеуге болады.

    Оразаларыңыздың қабыл болуына тілектеспіз!

Comments are closed.