Әрі қаза, әрі кәффарат қажет еттірген жағдайлар

Бұлар екіге бөлінеді:

1. Ешқандай себепсіз азық немесе азықтың ерекшелігі бар барлық заттарды әдейі біліп жеу. Мысалы: әдейі жеу, ішу, темекі шегу. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен кезде әрі қаза, әрі кәффарат керек. Бірақ азықтар ауызда езіліп, жұтылмайтын болса, дәмі де тамақтан өтпесе, ораза бұзылмайды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттағаны үшін қан алдырғаннан кейін немесе сүйіскеннен кейін ораза бұзылды деп ойлап, әдейі жеу де кәффаратты қажет қылады. Сол секілді аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту кәффаратты қажет еттіреді. Тұз жеу де осындай. Бұл жайлы Хазіреті Әлидің риуаят еткен мына хадисі дәлел: «Ораза кіргеннен ғана бұзылады, шыққаннан емес».

2. Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы. Мұның дәлелі Рамазанның күндізінде әйелімен жақындасқан бір адам Пайғамбарымызға (с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей ораза ұстау керектігін яки оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттілігін айтады (әш-Шәукани, IV, 214). Екі ай ораза ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру мүмкіндігін кәффарат жолына пайдалана алмайды.

15 thoughts on “Әрі қаза, әрі кәффарат қажет еттірген жағдайлар

  1. Әссәләму әлейкум! ораза устаған ерлі зайыптылар, тунде жакындасуға бола ма? Аллах разы болсын !!!

  2. Ассаламугалайкум! Оразада жакын туысыма кан керек болды, тапсырганан кейн бас айналып есимнен танажаздадым маган шай ишу керек деген сон ауыз ащтым маган каффарат тиис па?

  3. Уағалейкум ассалам! Абзал, Аллаһ тағала жақын туысқаныңызға шипа берсін әрі сіздің жасаған амалыңыз сауаптан жазылсын. Оразаңыз бұзылған екен, Ораза айттан кейін келесі Рамазан айына дейінгі уақыт аралығында қазасын өтеу керексіз. Аллаһ тағала Рамазан айын берекеге толтырсын! Аллаһ разы болсын сізге!

  4. Ассалаумагалейкум! Ауыз бекиту кезинде жане ашарда дарет алу парыз ба?

  5. Уағалейкумассалам! Айдын, пікіріңе рахмет. Парыз емес, бірақ үнемі дәретті болып жүру абзал. Дұғаңыздың қабыл болуына дәретті болуыңыз себеп болуы мүмкін.

  6. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза ұстауы харам. Тұтқан оразасы іске аспайды. Қазасын кейін өтейді.

  7. Ассалаумағалейкум!
    Ораза қабыл болғай!
    Оразаны енді бастап ұстауға болады ма? Егер болған жағдайда, осы өткен жеті күнді қалай өтеуім керек? Рахмет, АЛЛА РАЗЫ БОЛҒАЙ!

  8. Уағалейкумассалам! Зәмзә, қалған күндеріңізді Ораза айт намазынан кейін өтейсіз.

  9. Assalaumaghaleykum! Orazalariniz kabil bolsin!
    tanerten uiktap kalgan edik, Allah ozi kewirsin, uy jagdayina baylanisti tez sharshaysin, sondiktan auzimizdi ashuga tura keldi! ! endi osi kundi keyin kaza kilip otese bola ma?! orazani erten jalgastira berse bola ma?

Comments are closed.