Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін», (Бақара, 2/184) – дейді. Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят — кәрі адамдар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен, кейбір қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмайтын жүкті бермейді» (Бақара, 2/186.3).

Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның уәжіп болғаны жайлы Ислам фақиһтері арасында ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық жасаған емес» (Хажж, 22/78).

Ислам ғылымхалы кітабынан

30 thoughts on “Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

  1. Сұрағым бар еді: кедей адамның орнына ата-анасынан алыста жүрген студенттерді тамақтандыруға болады ма екен? рахмет

  2. үйлерінен ұзақта жүрген студенттерді (намаз оқып, ислам шарттарын орындайтын болса) ораза кезінде тамақтандырса болады. өзіміз студент күнімізде бір жақсы кісі отыз күн бойы сәресі, ауызашар беріп кәффаратынан құтылған болатын.

  3. Oraza kuninin uahitin beresizderme Auiz ashar jane Auiz bekiter uahittarin men 10 jilihta jurgende ustaitinmin odan kein koooop jil bolipti hazir 23temin sonda janadan bastap ustagali jurgen adamdarga handai kenes beresizder !

  4. Аллаһ тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді орындауымыз керек:
    1. Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды.
    2. Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлықты бұзбай, керісінше оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Аллаһ елшісі с.а.с. «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаһқа оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ1»,-деп айтқан (әл-Бұхари).
    3. Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Әйтпесе түтқан оразамыз зая кетеді. Аллаһ елшісінің с.а.с.: «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін2, айғай-шу шығармасын3, ал егер біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын» десін»,-деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет (әл-Бұхари, Муслим).
    4. Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын темекіні тастауға ораза кезді пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтай, ұстамдылық жасап, темекіні күндіз шекпегендей, түнде де шекпеу қажет. Сонда денсаулығымызды
    сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз.
    5. Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын кемітеді әрі денсаулыққа зиян тигізеді.
    6. Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар мен фильмдерді қарамау.
    7. Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы.
    Аллаһ елшісі: с.а.с. «Аллаһым! Үмбетім үшін ерте таңдарын берекелі еткейсің!» – деген (Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ахмад; сахих хадис).
    Пайғамбар с.а.с. құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды ұнатпайтын. Ол кісі с.а.с. ерте жатып, ерте тұратын.
    8. Туған-туыстар мен мүқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар алу және араздасқандармен татуласу.
    9. Аллаһты жиі еске алу, Құран оқу, оны тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Аллаһ елшісінің с.а.с. сүннеті бойынша рамазаниың соңғы күндерінде мешітте иғтикафқа отыру.
    10. Пайғамбарымыздың с.а.с. сүннетіне сай ауыз ашу. Аллаһ елшісі с.а.с. «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер кепкен құрма таппаса, сумен (ашсын), өйткені ол-таза» (әт-Тирмизи).
    «Адамдар ауыз ашарды асықтырған сайын игілікте болады4»,-деген (әл-Бұхари, Муслим).
    Аллаһ елшісі с.а.с. ауыз ашарда: «Аллаһумма ләкә сумту уә ъалә ризқикә әфтарту, зәһәбәз-замә-у уәбтәлләтил-ъуруқу, уә сәбәтәл-ажру инша Аллаһ5»-деп айтқан (Әбу Дауд).
    11. Сәресіні ішу. Аллаһ елшісі с.а.с.: «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар»,-деген (әл-Бұхари, Муслим).
    12. Оразаның үкімдерін білу үшін ол жайлы жазылған кітаптарды оқу. Ол кітаптардан ұмытып тамақ жеп, су ішіп қою оразаны бұзбайтыны, түнде жүніп болу ораза тұтуға кедергі жасамайтыны және т.с.с. нәрселер баяндалған.
    13. Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше ораза түтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бүзудан сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және рамазан айында күндізгі уақытта әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын өтейді .
    14. Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау Аллаһқа қарсы келу, Исламға ат үсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді, ал ораза тұтпаған адам бұл қуаныштан мақрұм қалады.
    —————————————————————————————————————————————
    Сілтемелер:
    1.Бұл сөздерді тікелей мағынасында қабылдамау керек, онсыз да Аллаһ тағала ешнәрсеге мұқтаж емес. Бұл жерде мұндай жағдайда оның оразасына сауап жазылмайтыны туралы айтылған.
    2.Бұл жерде ораза тұтушыға тыйым салынған нәрселер ғана емес, бейауыздық, әдепсіздік сияқты бұзықтықтың барлық түрі туралы айтылған.
    3.Яғни, ешкіммен жанжалдаспасын.
    4.Яғни, күн бата салысымен тез ауыз ашу керек.
    5. Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым және Өзің берген ризықпен ауыз аштым, шөл басылды, қан тамырлары нәр алды және сауап берілді, инша Аллаһ!

  5. Assalaumagaleikum!
    Al egerde tan saride uiktap kalip, oiangan kezde ari karai auizi bekituli retinde orazasin jalgastiesa bola ma???

  6. Уа алейкум салам,
    Әлбетте болады. Оразаңызды жалғастыра бересіз.
    Сәресіне күнделікті тұрып жүруге тырысыңыз

  7. Ассалаумағалейкүм!
    Мен бүгін бұйырса бірінші рет ораза ұстап жатырмын,
    Егерде мен Намаз оқып білмесем де жұмыстан келе жатып, мешітке Екінді намазына қатыссам болама?

  8. Ассалаумағалейкум, ораза баршаңызға құтты болсын!
    Менің екі сұрағым бар еді, соған жауап берсеңіздер:
    1) Таң алдында, сәресі мезгілінен бұрын міндетті түрде дәрет алу керек пе?
    2) Ораза айында ерлі-зайыптылар арасында жақындасу мүмкін бе?
    Рахмет!

  9. Уағалейкумсалам,
    1) Жоқ, дәрет алу шарт емес.
    2) Иә болады, бірақ түнгі уақытта сәресіне дейін

  10. Алланың нұры жаусын, жауаптарыңызға рахмет!

  11. Assalamu alekum Ua rahmat allah ua barrakatu!!!

    Kyrmetti pikir bolsushiler, senderge syragym bar edi.

    Zhakynda bir Arab zhigitimen kezdesken edim, ozi orazany ustap zhyr birak auzyn ashkannan kein temeki shegeti eken. Bygan men ol bolmaidy desem ol temeki sheguge bolady dep zhauap kaitardy.

    Sonymen, menin syragym temeki shegu ge bolady ma eken eger kinalyp zhyrsem?!

    OZim bilemin byl syrakka zhauabyn, sizderin oilaryndy bilei degenmin.

    Eger temeki sheip odan kein karyz bolyp kalymyn ba orazada?!

  12. Ассалаумағалейкум!!! Оразаларыңыз мубарак болсын!!!
    Сұрағым: Көзге су тамызуға бола ма? Өйткені мен контакт. линза тағамын, сондықтан арнайы суды пайдалануға тура келеді.
    Және қақырықты жұтуға бола ма? Алдын ала рахмет жауабыңызға!

  13. Kyrmetti myslyman kauym!

    Sizder menin syraganyma zhauap kaitarmadynyzdar goi?!

    Men ozi temeki shegetin bolganmyn birak ramazan aiynda shekpei zhyrmin. Onyn ornyna Temeki ingaliatiory men nikotin sagyzdaryn shainap zhyrmin. Byl dyrys pa eken?!

  14. Құрметті Ерлан мырза!
    Дінімізде сағыз шайнау оразаны бұзады. Ал шайналып тәттісі кеткен ақ сағыз болса онда, оны шайнау – мәкрүһ (әл-Мухит Радиуддин Сарахси, Фатауа-и Хиндия).
    Ал сіз айтқан (никотин) сағызының өзіндік дәмі болса, ол да жоғарыдағы үкімге сай оразаны бұзады.
    Темекі тастауға байланысты денеге жабыстырылатын никотин банттарын қолдануыңызға болады. Ғұламалар мұндай бантты қолдану оразаны бұзбайтындығын айтқан.
    Темекі туралы мына сайттан да кеңінен мәлімет ала аласыз:
    http://muftyat.kz/1034-shylym-shegu-…-m1240kr11981210-pa.html

  15. Assalamu alekum Ua rahmat allah ua barrakatu!!!
    men bugin naukastanyp kaldym (auruymnyn atyn aityp jatkanyma kewirim suraimyn, birak suragym sol auruyma bailanysty), gemoroi wykkan. dariger magan dari iw degen jok, tek maz’ jaksan bolady dedi. men auzymdy awyp jibersem bolady ma? eger auzymdy awyp jibersem kazasyn oteimin ba? otinem suragyma jauap berinizwi

  16. Құрметті abdullah, егер белгілі бір жерге маз жағу керек болса онда ол оразаны бұзбайды. Егер амал жоқ болса, яғни дәрі ішу керек болса ол кезде ашарсыз.
    Егер қиналмасаңыз аузыңызды ашпасаңызда болады.
    Сондай ақ егер науқасыңызға керек болып, укол салу керек болса, онда құрамында қоректік заты жоқ укол қабылдай аласыз. Себебі, қоректік зат болып табылмайтын укол ораза тұтушының асқазанына түспейді және оған күш-қуат бермейді.
    ал дәрі ішу керек болса аша жатарсыз.

  17. Ассалаумағалейкум барша мұсылмандар!
    Мен ораза ұстайын деп едім, бірақ 3 мезгіл дәрі ішетін едім. Ұстауға бола ма?! Болса қалай? Өтінемін жауап беріңіздерші?

  18. Ассалаумагалейкум!!!!!! сайттарыныз машаллах керемет, озиме керек мағлұматтарды ала алдым!!!! сиздерге улкен алғыс білдірем!!!! Аллах риза болсын!!

  19. Баласын емізетін әйел адамның ораза ұстауына шариғатымызда рұқсат. Оның баласын емізуі оразасын бұзбайды. Дегенмен баласына не өзіне зиян тию ықтималы болса ораза тұтпаса да болады. Кейін қазасын өтейді.
    Қазасын өтерде: «Алла разылығы үшін уақытында тұта алмаған мүбарак Рамазан айының қаза болған оразасын өтеуге ниет еттім» деп ниет етеді.

  20. Ассалаумагалейкум уа рахматтуллахи уа баракатух
    Menin bir suragim bar edi oraza ustagan kezde 3 ret basinda 3 ret ortasinda 3 ret soninda ustauga bolama eken? Jauapti asiga kutemin!!

  21. Уагалейкумассалам Мадияр,
    Олай ұстауға болмайды. Рамазан айын толық ұстау керек.

  22. Сиздерге жумыстарыныз ушин улкен рахмет, конилдеги сурагымызга жауап алып жатырмыз. Жумыстарын жемисти болсын, Аллах тагалла сиздерге Нур жаудырсын! Бир гана стилегим ол кейбир Куран создерине тусине алмай жатырмын сол создердин касына кандай магына екенине сипат берсениздер. Улкен Рахмет.

Comments are closed.