Шәууәл оразасы…

“Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей болады.”
(Риазу’с-Cалихин)

Ғұламаларымыз “жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей” сөзінің мағынасын былай түсіндіреді:
Рамазан бойы ораза ұстаған адам, әр оразасына он сауаптан алған болса, үш жүз болады. Шәууәл айында ұстаған алты оразасына он сауаптан алатын болса (алпыс болады), барлығы үш жүз алпыс шығады, яғни бір жыл… Осылайша, хадистің ишарат еткен сырына жеткен болады.
Бұл оразаны айттан кейін сол айдың ішінде үзбей немесе кез келген күні үзіп-үзіп ұстауға болады.
“Кім Аллаһ ризалығы үшін бір күн ораза ұстаса, Аллаһ сол күні үшін ол адамды тозақтан жетпіс жылға алыстатады.” (Нәсаи, Сиям, 44)

12 thoughts on “Шәууәл оразасы…

  1. Саламатсыздарма !!! Менің сұрағым мынадай? мен Шәууәл айында ораза ұстағам, бірақта 2 кун ұстап 3 куни бир себептермен аузымды ашып жібердім. Енді 4-ші куні оны ары қарай жалғастырсам болама мен бір кунге ғана аштым аузымды алде олай ұстауға болмайма?

  2. Салеметсіз бе! Менің сұрағым Шәууәл айы деп қай аралықты айтамыз! Жауап беріңізші өтінем.Рахмет.

  3. Сәлеметсіз бе Алия !
    биыл шәууәл айы 20 қыркүйектен 19 қазанға дейін жалғасады

  4. Сонда түсінуімше, 19-шы қазанға дейін қай күні болмасын 6 күн оразаны ұстауға болады екен ғой. Солай емеспе?

  5. Шәууәл айында ұстаған оразаларыныз қабыл болсын!

  6. Мүмкіншілік болса сұрағыма жауап берсеңіздер: Шәууәл айы қыркүйектің 20 да басталады депсіздер. Ал білетініміздей Шәууәл айы Рамазаннан кейінгі ай. Ал Рамазан айы 8-де бітеді. Сонда екі ай ортасында күндер қалатын болып тұр ғой. Бір жерден қарағанымда Шәууәл айының бірінші күні ораза айтына сәйкес келеді депті. Сонда қалай болғаны?

  7. Құрметті Салтанат!

    Өткен жылғы шәууал айына орай жарияланған мақалаға пікір қалдырып отырғаныңызды ескеруіңізді өтінеміз.

  8. Биылғы жылдың шәууал айы ораза айтының бірінші күнінен басталады. Яғни 9-қыркүйек шәууал айының бірінші күні.

  9. Кыздарда айлык кезинде ораза бузылады,ол ораза айтынан кейин жалгастырылама?

Comments are closed.