Қонақ қылған үй иесіне Аллаһ сауаптан жазсын

Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады. Соған орай елімізде алғашқы ислам банкі де құрылды. Ислам қаржы құралдарын дамытумен айналысатын бірнеше мекемелер де қызмет етуде. Солардың бірі – Алматы Өңірлік Қаржы Орталығындағы ислам қаржы құралдарын дамыту бөлімі. Аталған бөлімнің маманы Айжан Қалқаева біздің “бес сауалға” жауап берген еді.

1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?

– Ең бірінші Сухур (сәресі) мен ифтар (ауызашар) кезіндегі дұғаларды араб тілінде жаттағаным және Тарауих намазына дайындалғаным еске түседі. Сонымен қатар Қазақстанда оразаны бүкіл мұсылман әлеміне қарағанда бір күн ерте бастағанына өте қызықтым.

2. Егер ертең Оразаның алғашқы күні болатын болса, бүгін не істер едің?

– Аср намазынан кейін Рамадан айында 30 күн бойы Аллаһтың разылығы және кешірімі үшін ораза ұстауға ниет қылар едім. Оразаның дұғаларын қайталап, еске алар едім. Рамадан айында жасайтын құлшылықтың кестесін жоспарлап қояр едім, Әлһамдулиллаһ.

3. Оразаны ұстау барысында басыңнан өткен қандай да бір қызықты оқиғамен бөліссең?

– Сондай оқиғалар әлі басымнан өткен жоқ. Бұл – құлшылық айы, күнәларды еске түсіретін ай.

4. Ең жақын досың Ораза ұстағысы келмей сылтау айтып жүрген болса, яки теріс жолға түсіп бара жатса, қандай шара қолданасың?

– Құран аяттары мен хадистерді айтып, ескерту керек деп ойлаймын.

5. Оразаға орай Сені ауызашарға шақырып, соңынан бата тілесе, қандай бата берер едің?

– Мағриб намазынан кейінгі дұғамда Аллаһтан сол үйдің мұсылмандарына сауап жазуды сұрайтын едім.

Leave a Reply