Оразаның шарттары

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)

2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.

3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Ислам ғылымхалы кітабынан

69 thoughts on “Оразаның шарттары

  1. 2Айгерім,
    интернетте отыруға болады. Уақытты пайдалы өткізсеңіз болғаны 🙂 Баланы иіскеуге болады.
    Кестені жергілікті мешіттерден алған болсаңыз, онда сол қолыңыздағы уақытқа қарап ұстай беріңіз

  2. салеметсизбе жалпы оразанын кезинде тукирикти жуту дурыспа алде бурыспа, содан кеин ораза кезинде тис жууга болама

  3. Сәлеметсің бе, Ғалымжан! Ислам – тазалық діні. Сондықтан тіс жууға болады. Тек тіс жуып жатқан кезде тамағыңыздан су өтіп кетпесін. Су өтіп кетсе, оразаңыз бұзылады.

    Түкірікті де жұтуға болады. Тек жинап жұтуға болмайды.

  4. Қайырлы кеш! Аузымды кателесіп 1 сағат бұрын ашып койыппын, ашканда суды ғана бір ұрттаым. Бұл бір күнімнің қатекеткені ме?

  5. Сәлеметсіз бе!!! Менінң сұрайын дегенім ауызды міндетті түрде ауыз ашу уақыты сағат 8-де (мысалы) ашу керек пе, әлде одан 1 сағат кеш ашуға болады ма?

  6. алдынгы койган сурагымнын жауабы ушин коп – коп рахмет!!! менин тагы бир сурагым бар еди ауызым бекітулі кезде іні – карындастарымнын бетинен суйуге болады ма??? Рахмет!!!

  7. алдынгы койган сурагыма коп коп рахмет!! тагы бир сурагым бар еди: ауызым берик кезде іні карындастарымнын бетинен суйуге болады ма?? ал суйіп койса оразанын бузылганы ма???

  8. алдынгы койган сурагыма коп коп рахмет!! тагы бир сурагым бар еди: ауызым берик кезде іні карындастарымнын бетинен суйуге болады ма?? ал суйіп койса оразанын бузылганы ма???

  9. салеметсыз бе! менын кояр сурагым саресын ышер кезде мен алдымен тамак ышып содан сон дуга окып артынан су ышетын едым осылай ауыз бекытуым дурыс па?

  10. Сәлеметсіздерме! Дұға оқу жайлы айтып берсеңіздер…
    көп рахмет!

  11. Сәресіні уақытында ішесіз, сосын ауызыңызды шайып, тазаланып аласыз да ауыз бекітетін дұғаны оқисыз. Мен бүгін таңнан кешке дейін ауызым берік деп. Одан кейін су ішуге болмайды.
    Суды кешке ауыз ашарда ең алдымен су ұрттап ашасыз. Сосын ауыз ашар дұғаны оқисыз.

  12. ОРАЗА кезінде әйеліңізді де, балаңызды да иіскеуге болады. . Негізінде кешке ауыз ашқаннан кейін барлық жағдайды жасай беруге болады.

  13. Салеметсіздер ме! Оразаларыныз кабыл болсын! Орза ұстаған адамға беттен сүйюге рұқсат па?

  14. Сәлеметсіздерме! Ауыз ашатын кезде алдымен дұға оқыла ма, әлде су ішіле ме? Тағы бір сұрағым: мен бір асханадан торт алған едім, оны сатып алғаннан кейін аты “Пьяная вишня” екенін чектен білдім. Кейін асханаға телефон соғып құрамында ішімдік барма екенін сұрасам, бар болып шықты. Мен оны асханадан жұмысқа дейін ұстап келдім сол күнәға жата ма? Сосын жолдасымыз екеуіміздің дүкеніміз бар еді, онда темекі мен ішімдік сатылады, ол заттарға тапсырыс берген кезде сол туралы екеуіміздің қайсысына беру туралы әңгімеміз күнәға жатама? Соңғы сұрағым: кеше мен қатты көлдеп сол туралы айналамдағыларға айтып қалдым сол күнәға жата ма? жауаптарыңызды асыға күтемін. Алдын-ала рахмет!

  15. Тағы да сәлеметсіздерме! Мен бүгін әйелдерді емдейтін дәрігерге бармақшымын. Дәрігерге аузымды ашпай тұрып барсам оразам бұзылама?

  16. Құрметті админ! Менин сұрақтарымды жауапсыз қалдырмауларыңызды сұраймын!

Comments are closed.