Ораза ұстағандар үшін мұстахап (жақсы) нәрселер

Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау — мұстахап*:

1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар» (Бухари, Саум, 20). Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» (Ахмед ибн Ханбәл, III, 44), – дейді.
Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру де — мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта» (Бухари, Саум, 45), – деген.

2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу — мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу — сүннет:
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

(Ауыз бекітерде айтылатын дұға. Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!». “Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!”)

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарга шақырып тамақ берген — ораза ұстаган адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48).

5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес» (Ахмед ибн Ханбәл, VI, 34). Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды» (Ибн Мажә, Сиям, 21). Сонымен қатар, Рамазанда «Мен оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін» (Бухари, Саум, 2).

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда «Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, тыңдасатын» (Бухари, Бәдул-Уахи, 5).

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын (Муслим, И’тиқад, 8).

* мұстахап – жақсы көрілген амал деген мағына береді, істесе сауап, істемесе күнә емес.

Ислам ғылымхалы кітабынан

99 thoughts on “Ораза ұстағандар үшін мұстахап (жақсы) нәрселер

  1. рахмет сиздерге! мен шын журектен куаныштымын!

  2. Сау саламат, мұсылман қауым! Оразаларыңыз қабыл болсын!

    Менің сүйікті жолдасым бар еді, алайда әлі тұрмыс құрмағанбыз.
    Күн атып, күн батқанға дейін еріннен сүюге болмайтынын жоғарыда оқыдым. Ал ауыз ашқаннан кейін еріннен сүюге бола ма?

    Жауабыңызға алдын ала рахмет!

  3. Тағы бір сауалым: ауыз ашардан кейін мейрамханаларға баруға бола ма? (айналамдағы адамдардың спирттік ішімдіктер ішуі оразаға кері әсерін тигізеді ме деп қорқамын)

  4. Құрметті, Адми, берген сілтемеңізге рахмет. Екінші сұрағыма жауап таптым. Алайда бірінші сауалым жауапсыз қалды.

  5. Иә, барша Мұсылман қауымы! Оразаларыңыз мүбәрак болсын! Пікірлеріңіз бен ойларыңызды оқып отырмын. Өте керемет. Қазағымның дінге деген қызығушылығын көріп, іштей қуанып отырмын. “Admin”-ге де нақты жауаптыр үшін көп-көп рахмет! Өзім ораза ұстап келе жатқаныма биыл 10 жыл болды (9сыныптан бері). Намазға жығыла қоймағаныммен, даретімді алып, ниетімді таза ұстап жүрем әрдайым!

  6. ал намазды окысамба деген ойым бар, бирак али сати туспей жур, сол билейн дегеним ол куна болып есептелмейма екен?

  7. 1) Жылаган кезде дарет бузыла ма? Tан алдындагы намазды калай окиды?
    Сиздерге Алла разы болсын!

    2) Жел шыкса адамнын дарет1 де, оразасы да бузылады деген рас па? Сол себепт1 ораза устамаймын дейд1. Осы дурыс па?
    Ауыз бер2к кезде т1с пастасымен ауыз шаюга бола ма? Алде ораза бузылып кете ме?

    Барлыгынызга ораза кабыл болсын!

  8. Құрметті Жақсынұр,

    1) жас шықса дәрет бұзылмайды. Намаздың оқу үлгілері мұнда бар:
    http://www.muftyat.kz/namaz/namaz_ulgisi/

    2) жел шықса тек дәрет қана бұзылады. Оның оразаға еш қатысы жоқ.

    тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.

    Оразаңыз қабыл болсын !

  9. Құрметті Амандық,
    иә солай.
    Намаз оқу керек екенін біледі екенсіз, бірте-бірте үйрене беріңіз.

  10. жауаптарынызга коп рахмет! Алла разы болсын!

    Зекетт1н сомасын калай есептеуге болады? Коктемнен бер1 жиналган акшам болса, жиналганына 1 жыл толмаса да, зекет беру1м м1ндет пе?

    Кез1нде б1реу берген карызыма пайыз косып берген. Сол к1с1ге кайтара алмасам, баска кедей адамдарга тараткан дурыс кой?

  11. Құрметті Админ!
    Рұқсат болса, бір ұсыныс жасайын деп едім:
    Пікірлердің барлығын бір бетке/айдарға жинауға болмас па екен?
    Себебі мен қызықты тақырыптар болып қалады ма деп барлық тақырыпшаларды ашып қарап жүрмін.
    Көп-көп рахмет сіздерге !

  12. Құрметті Алия ханым,
    ол біздің де ойымызда бар еді,
    қолдан келіп жатса Алла қаласа жасаймыз.
    Сізге де көп рахмет

  13. Әкімшілікке коп-коп рахмет жауаптарынызга!
    Аллах нурын жаугызссын осы енбектериниз ушин!
    арине сати тусип Аллах калап жатса намазданда тыс калмаспын деген ойдамын алдагы уакытта, соган озимдиде жаймен дайындап журген жайым бар еди!

    Ендиги бир сурак Маша Аллах деген создин магынасы?

  14. Құлшылықтарыңыздың арта түсуіне біз де тілектеспіз, Амандық! Келісемін, бұл сөздер сөздік қорымызда қазір белсенді рөл ойнауда. Бұған дейін көбіне “ИншаАллаһ” пен “Әлһамдулиллаһты” көп еститінбіз. “МашаАллаһ” сөзінің әдеби мағынасы “Аллаһтың қалауы (орындалды)” дегенді білдіреді. Көп ретте мұсылмандар әлдебіреудің жақсы амалын көргенде соған қатысты өздерінің қуаныштарын кейде таңқалуларын білдіру үшін қолданады. Мәселен, әлдебір жан қиын бір істі атқарып болса, “МашаАллаһ” деп айтады. Яғни, Аллаһтың тілеуімен аяқталды деген сөз.

  15. Құрметті Админ!
    Діни түсініктердің сөздегі бар сайт болса сілтеме бересіздер ме?
    Алдын-ала рахмет!

  16. Әс-салаумагалейкум-уә-рахматуллахи-уә-бәрәкәтух!Алланың нұры жаусын сіздердің еңбектеріңізге!!!Сіздерге сұрағым оразаны қай уақытта,қашан ұстайды?Қашан ауыз бекітеді уақыты бар ма?Рахмет!!!

  17. Уағалейкумассалам уа рахмтуллаһи уа баракатухи! Назерке, қасиетті Рамазан айының кестесін сайтымыздың “Кестелер” бөлімінен таба аласыз.

  18. Ассаламуъалейкум уа рахматуллухи уа баракатух! Мүмкіншілік болса сұрағыма жауап берсеңіздер: ораза уақытында өзің жолдасыңды не болмаса жолдасың өзіңді беттен сүйіп, құшақтауға бола ма? (адамның нәпсісін қоздырмайтындай жағдайда)

  19. Ассаламу алейкум уа рахматулахи уа баракатух!!!! Мен арабша кишигирим уйренгим келеди,,,, Осы бизде арабша уйрететин сайттар бар ма??? Админ алдын ала улкен рахмет! Алла разы болсын!!!!

  20. Уағалейкумуссалам уа рахматуллахи уа баракатуху!!! Мулдир, ниетіңе тәнтіміз!

    Бұл сайттың мақсаты Оразаға байланысты мәліметтермен бөлісу болғандықтан, тақырыпқа орай пікір қалдыруыңызды өтінеміз. Арабша үйрететін сайттар болуы әбден мүмкін, бірақ мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймыз. Іздеу тораптарына сұрау салып, қарап көрсеңіз болады.

  21. Иә, барша Мұсылман қауымы! Оразаларыңыз мүбәрак болсын! Менин сизге сурагым, Ораза кезинде Ауы берик болганда кыз бала калай киіну керк (кандай киім киу керек)

  22. Ассаламу алейкум уа рахматулахи уа баракатух!!!!Менің сіздерге бір сурағым бар Оразаны не ушін устайды?

  23. Ассаляму алейкум уа Рахматулахи уа баракатух!!!
    Бириншиден Барша Мусылмандарды Касиетти Рамазан айымен куттыктаймын..жане де баринин де Оразасы Кабыл болгай!!!!
    Мен оразаны биринши рет устайын деп жур едим…Осы сиздердин сайттарыныз аркылы коптен бери окып,карап уйренип журмин..Тек тусинбегеним Саресиде турып тамак ишу дейдиго…Сол саресинин озинин накты уакыты болама ??? Сол туралы бир тусиндирип айтып жиберсениз…Аллаh Баримизге разы болсын!!!!

  24. Алейкумассалам Райымбек !
    Әр қаланың ораза кестесінде таң намазы (сәресі) уақыты көрсетілген. Сол уақытқа дейін тамақтанып болуыңыз керек. Ораза қабыл болсын !

  25. Ассалаумагалейкум құрметті мұсылман бауырлар! Оразаларыныз мубарак болсын! Аллах дұға-тілектерінізді кабыл етсін!
    Сурағым: Ауыз ашу және сәресін бітіру дұғаларын арабша айту керек па? Қазақша мағынасын айтсам, қабыл болмайма?

  26. уағалейкумассалам SGA,
    дұғаларды қазақша оқысаңыз да, арапша оқысаңыз да болады. Бірақ түпнұсқасы әрқашан да жоғары қала бермек

  27. Сәлеметсізбе ! Оразаларыныз мубарак болсын ! Сиздерге Аллах разы болсын ! сиздердин сайттарыныз аркылы коп нарсени билип окып журмин . Менин бир коятын сурагым бар еди , ауыз ашарда тамак ишип алганнан кейн мен уйктар кезде бир шыны су ишип алып жур едим , ауыз ашарда тамак ишип болганнан кейн тан саресине дейн ауызды кайта бекиту керек деп естидим бул дурыспа ?

  28. Ассалаумагалейкум! Меным 3 сурагыма жауап берсеныз риза боламын Админдер: 1. Оразанын сонгы куны 8 куркуйек, 9,10,11 кыркуйек Ораза Айт мейрамы! сонда 9 кыркуйек айт басталганда Кадымгыдей тамак жей беруге бола ма? Ораза бытедыго да? 2. Егер куна болган кундерды отеу ушын сонда Айттан кейын 12,13 кыркуйектерде отеу керек па? Сонда 3 кун айт кезынде кайтып тамак жейберуге болады ма? сосын 12,13 кундеры тагыда Ораза устау мысалы. 3. Кумалак аштыру бул куна бола ма? толыгырак тусындырсеныз! Жауабынызды кутемын! Алла разы болсын!!!

  29. Ассалаумағалейкум!

    Айзат, “сәресіде береке бар” деген. Сондықтан сәресіне тұрып, ауызыңызды бекіткеніңіз жөн. Рамазан айы өте тез өте шығады. Сондықтан осы уақытта мүмкіндігінше өзіміздің нәпсімізді тәрбиелеп, сәресінен кейін бірден ұйықтап қалмай, бір ауық Құран оқып немесе тыңдап, діни сауатымызды аша түскеніміз абзал.

    Айдар, Аллаһ тағала ниетіңізді қабыл етсін. Құптан намазынан кейін Тарауих оқылатын мешітке барып, жамағатпен бірге оқысаңыз, иншАллаһ, тез үйреніп кетесіз. Намаз уақытының кестесін Ораза кестесінен таба аласыз.

    Жаке, сауалыңызға рахмет. Тұтып жатқан оразаңыз қабыл болсын! 1) Айт мейрамында елмен бірге қонаққа барып, өзіңіз де қонақ шақырып тамақ жесеңіз болады. 2) Қаза оразаңыздың күндерін келесі жылдың Рамазан айына дейін өтеу керексіз. Тек айт мейрамында ораза тұтпаңыз. Себебі бұл мейрам күндері мұсылмандар ауыз бекітпейді. 3) Құмалақ аштыру, балшыға бару – күнә.
    Аллаһ тағала һайырлы амалдар жасап, тақуа құлдарының қатарынан болуды жазсын!

    Оразаларыңыз қабыл болсын!

  30. Курметты Админ! Барлык жауаптарынызга улкен рахмет! Мен жалпы Оразаны бырыншы рет устагалы отырмын! Барлык ереже малыметтерды осы сыздын керемет сайтыныздан алдым! Алла Разы болсын! Ораза Кабыл болсын! Жане Админ сонгы быр тагы сурактарыма жауап берсеныздер: Жалпы Ораза устаган адам темекы, арак, насыбай секылды нарселерден аулак болу керек! Меным досым бар, ол да Ораза устап жур ода мынадай окигалар болды: 1. Быр куны ол колына арак устап койды. Устаганда арине ышкен жок оны магазинге амалсыздан сатып акелуге адамдар жумсап жыберды! Мен Оразамын маган арак устауга да болмайды деседе улкендер урыскасын аракты магазиннен алып келды! Жане насыбайдыда быр куны солай алып келды! БУЛ КУНА БОЛЫП САНАЛАДЫ МА? Алде жок па? Ораза бузыла ма? Бузылса кундерын отей ма? Оз еркынымен барган жок ко амалсыздан барды. 2. Жане быр досым бар ол Насыбай деген нарсены аузына салып ататын еды! Ораза кезынде болмайды десем, ол баска быреулерден естып болады деп быр куны Ауызашканннан кейын кешке 1-2 рет насыбай атып койды! Бул куна ма? Ораза бузыла ма? бузылса тагы кундер отей ма? ЖАУАБЫНЫЗДЫ КУТЕМЫН! УЛКЕН РАХМЕТ!!!

  31. Assalaumagalikum. Men Mongoliada turam. Al bauirlarim kazakstanda. Olar biylgy jyldn pitir sadakasn yagni bizdnde sadakamizdi kosip sala salgan. Surain degenim: biz kaitken kunde turgylyhty jerden saluymyz kerek pe? Rahmet

  32. Пітір садақасын беру – уәжіп. Егер де сіз үшін пітір садақасы берілгендігін нақты білсеңіз онда уәжіптік міндет мойныңыздан түскені. Ал тағы да берем десеңіз бола береді. Тек ол садақа болып саналады.

  33. Ассалаумагалейкум Админ!!! Ораза кабыл болсын!!! Мен!м ес!м!м Рахат болады. С!здерге койар б!р сурагым болып отыр. Осы тангы сарен! !шкенде кай уакытка дей!н !шу керек.
    Мысалы мен кеше тангы сар!мд! 04:10 !ш!п болуым керек ед!. б!рак мен кеше сагат 05:00 турып калдым. Ораза кестес!нде дугада айтылган “Тан атканнан кун батканга дей!н, Алла Тагаланын ризалыгы уш!н мубарак рамазан айынын оразасын устауга ниет етт!м” деп айтылган. сонда ауыз бек!ткен кезде кун!н шыгуы 06:00. сонда 05:30 бек!туге болама.
    Осы сурак маган мазалап тур.
    2 сурагым п!т!р садаканы беру кез!нде б!рет бергенде ек!нш!рет беруге бола ма. п!т!р садаканын куны канша болады кейб!рлер 100 ал баскалар 140 тенге адам басына.
    3 суракгым коз дар!с!н тамызуга болама.
    Алдын ала алгысымды б!лд!рем!н ! ! !

  34. Рахат,
    Жауап: Негізі сәресін таң намазына 10 минут қалғанша ішу керек. Ал таң намазы күн шықпай тұрып таң ағарғанда кіретін намаз. Ал дұғадағы таңның атуынан күннің батуына дейін дегені күннің шығуын емес таң намазының кіруін меңзеп тұр. Яғни 04.10 минут кеткенге дейін сәресін ішуді бітіру керек еді. Ал осы уақытта ұйықтап қалған жағдайда сол күні ештеме ішпей кешке дейін оразаңызды жалғастырып ұстайсыз. Егерде білместіктен 05.30 да сәресін ішкен болсаңыз айт өткен соң бір күн қазасын өтейсіз. Алла қабыл етсін.

    Жауап: Пітір садақа әр облыста әртүрлі. Яғни, жергілікті жердің бидай немесе ұнның бағасымен есептейді. Пітір жан басына бір рет берілетін садақа. Биыл Алматыда 100 теңге Астанада 140 теңге. Ал шамаң жетсе оданда көбірек берсеңде болады. Бұл көрсеткіш ең аз мөлшер. Алла қабыл етсін.

    Жауап: Көзге құлаққа дәрі тамызса ораза бұзылмайды.

  35. Ассаламагалейкум курметты Админ! жакында мен быр такырып окыдым, онда “ораза намазсыз бекер” деп жазылган, ол такырып орысша еды: “по словам многих сподвижников, ораза без намаза, лишь голод и жажда”, буган не далел болады, ол солай ма? жауабын былсеныз жауап беруынызды отынемын.
    Актлек

Comments are closed.