1. Себепсіз бір нәрсенің дәмін тату немесе шайнау — мәкрүһ*. Бұл оразаның бұзылуына себеп болуы мүмкін. Бірақ көп кісіге пісірілген тамақтың дәмін қадағалау үшін, тамақтың дәмін көріп, түкіріп тастауға болады. Дәмін татқан уақытта тамаққа кетпеуі шарт.
2. Аузы берік кісіге сулы мисуакты қолдану – мәкрүһ.
3. Дәрет алған кезде аузына, мұрнына суды көп пайдалану – мәкрүһ.
4. Бал немесе май секілді сатып алатын нәрселердің қандай екенін білу үшін дәмін татып көру – мәкрүһ.
5. Шайналып тәттісі кеткен ақ сағызды шайнау – мәкрүһ. Ал, жаңасын шайнауға мүлдем болмайды.
6. Аузы берік адам әлсіреп өзін сақтай алмайтындай болса, қан алдыруы – мәкрүһ. Егер көтере алса, мәкрүһ емес. Ең жақсысы, күн батқан соң қан алдыру.
7. Рамазанда қатты ыстықтап салқындау үшін ауыз бен мұрынды сулау және суық сумен жуыну – Әбу Юсуп бойынша, мәкрүһ емес. Өйткені, мұндай уақытта адамға жеңілдік туады. Фәтуа осы үкімге берілген.
8. Өзіне сене алмаған аузы берік жанның әйелін сүюі мәкрүһ. Өзіне сенсе, мәкрүһ емес. Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) зайыбын сүйгені және әзілдегені жайлы айтылады (Ибн Мажә, Сиям, 19).
9. Аузы берік адамның жүніп күйінде таң атыруы немесе күндіз ихтилам болуы оразаға зияны жоқ.
10. Аузы берік жанның гүл не әтір секілділерді иіскеуі, сүрме жағуы, мұртын майлауы – мәкрүһ емес.
Ислам ғылымхалы кітабынан
Мәкрүһ: Жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет. (Шариғат бойынша харам етілмеген, бірақ зәру жағдай болмаса жасауға рұқсат етілмеген нәрсе.)
Салеметсіздерме!1 күн қаза болған күнді,неше күнмен өтейді?
Сәлеметсіз бе Жансая,
https://oraza.info/sanat/zhalpy/oraza-kestesi
осында барлық қалалардың кестесі бар.
Дұғалар мұнда:
https://oraza.info/138-oraza-ustagandar-ushin-mustahap-jaksy-narseler
Ораза қабыл болсын !
Айгерім,
Түкірік жұтуға болады.
Сәлеметсіздерме,
2Айгерім: Бір күнді бір күнмен өтейді. Түкірік жұтуға болады.
2Бибигуль: ия ұйықтауға болады.
2Жансая: https://oraza.info/sanat/zhalpy/oraza-kestesi осында барлық қалалардың кестелері бар. Дұғалар мұнда: https://oraza.info/138-oraza-ustagandar-ushin-mustahap-jaksy-narseler
Көп рахмет!тағы бір сұрағым туыстарыммен бетінен сүйіп амандасуға боладыма?
Сәлеметсіздерма! Ораза кезінде туыстарыммен бетінен сүйіп амандасуға боладыма?
Ассаламуағалейкум! Айтып жіберіңіздерші, ауыз берік кезінде шаш Алдыра беруге болады ма? Алдын ала рахмет!
Ассаламуағалейкум! Айтып жіберіңіздерші, тырнақ алуға болама???
Руслан, тырнақ алуға болады. Рамазан айында да басқа уақыттағы тәрізді таза жүру керек.
Ораза кезінде тырнақ алуға болама?