1. Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде – Аллаһ» (Муслим, Сиям, 171). Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» – делінген (Ибн Мажә, Сиям, 15). Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар» (Маида, 5/6), -дейді.
3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған (Бухари, Тыбб, 11).
4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.
7. Tiс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.
9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.
10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.
12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.
13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.
Ислам ғылымхалы кітабынан
Ассалам уағалейкум ағайын!
Ораза қабыл болсын!
Мұнда(сайтта) сөздік бар ма? кейбір сөздерді(жүніп, уәжіп…) түсіну қыйын болып тұр.
Терминдерге түсінікті мына сайттан қарай аласыз.
http://muftyat.kz/1234-terminderge-t1199sinik.html
Қайырлы күн!Егер таңертең сәресіне тура алмай қалса ол үшін не болады?
Кунсулу,
сәресіне тұра алмай қалсаңыз Оразаңызды жалғастыра бересіз.
Күнделікті сәресіне тұрып жүруге тырысыңыз. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с) айтқанындай сәресі тамағында береке бар.
Саламатсызба? Мен газеттегі уақытпен ауызымды бекітіп едім . Бірақ газеттегі уақыт таң атқаннан кейінгі уақыт екен. Мен оразам бұзылды ма алде бұзылған жоқпа?
Құрметті Маржан, қай газеттен қарап жүрген едіңіз? Ол газеттегі уақытыңыз қанша деп жазылған еді? Бұл – біріншіден.
Екіншіден, Аллаһ тағала білмей істеген, әдейі істемеген болса кешірем деген.
Үшіншіден, сәресі далаға шыққанда жерде жатқан ақ жіп пен қара жіп ажыратылатын уақытқа дейін ішіледі.
Үшіншіден, аузым ашылып кетті деп ашпай ақ қойыңыз. Әрі қарай жалғастыра беріңіз. Себебі ауыз берік кезде ұмытып ішіп жеп қоятын уақыттар болады. Сол кезде ол ораза ашылмайды, әрі қарай жалғастырыла береді. Әдейі істемегендігіңіз үшін қам жемеңіз.
Аллаһ тағала ниетіңізді қабыл қылсын!
Мен бүгінге дейін көршімнен алған кесте бар еді соған қарап ауызымды бекітіп жүргенмін. Сосын осы газеттен көріп ораза жайлы жазылғандықтан 04-57де ауыз бекіткен едім
Сәлеметсіздерме! Менін сіздерден сұрайын дегенім осы ораза басталғалы бері ораза кестесінін 3 нұсқасын көрдім. Ең қызығы 3 нұсқаның 3-інің де уақыт кестесі әр түрлі. Дұрыс кесте қайсысы екенің айтсаңыздар?
Qurmetti, Nazgul! Osy saittagy oraza kestesine suienseniz qatelespeisiz. Sebebi myndagy kestelelerding barlygy Muftiat tarapynan qaralgan. Ozgerisi bar kestelerdi bizge joldai alasyz ba?
Ассалам уағалейкум!
менде мынадай сұрағым бар еді: “сәресі далаға шыққанда жерде жатқан ақ жіп пен қара жіп ажыратылатын уақытқа дейін ішіледі” – деген шамамен айтқанда қай уақыт болады?
Таң намаз уақыты кіргені ме әлде одан кешірек пе?
Алла риза болсын жасаған істеріңізге!
Уа алейкумассалам,
сәресін таң намазы кірген уақытына дейін жеп болуыңыз керек.
“ақ жіп пен қара жіп ажыратылатын уақытқа дейін” деген соны білдіреді.
Әссәләму әлейкум! Менің сіздерден сұрайын деп едім, егер біреумен адам дауыс көтеріп сөйлессе оның аузы ашылып кетеді ма екен?
Әссәләму әлейкум!
Менің сұрайын дегенім: жақында қонақта болдым. Сол үйдің иесімен сәресі іштім. Сонда ол кісінің алдымен ниет айтып, су ішіп болып, содан кейін тамақ ішкенін көрдім. Мен өзім керісінше: алдымен сәресі ішіп, содан кейін ниет айтып, сумен ауыз бекітетін едім. Менің өзіме күдіктеніп қалдым. Қай рәсім дұрыс, соны айтып берсеңііздер екен.
Сәлеметсіздерме! Ал ауызышарда оқылатын дұғаны су ішпей тұрып алде ішкеннен кейін айту керек пе?
Сәлеметсің бе, Aiken! Ауызашар дұғасын су ішпей тұрып айтқаныңыз дұрыс.
Ассалам уағалейкум! Ұстап жатқан Оразаларыңды Алла Тағала қабыл етсін! Менің сауалым: “Оразада адамды құшақтап немесе бетінен сүйіп амандасу, оразаны бұзама?!”
Оразада жұбайының, балалардың, нәрестелердің бетінен сүйсе бұзылмайды. жұбайының ернінен сүйуге болмайды. қыздар бір бірінің бетінен сүйсе болады.
туыс емес адамдармен сүйісуге болмайды.
Ассалам уағалейкум! көкейімді тесіп тұрған сауалыма жауап беріңізші: “Ауыз ашқаннан кейін жақсы көретін жігітіңмен сүйісуге болама?”
Assalamualeikum. Eger nekede bolmasanyzdar muldem bolmaidy.
Әссәләму әлейкум! менин билейн дегеним 2010 жылгы касиетти рамазан айынын орза устау жане намаз оку кестесинин кашан шыгытындыгын билей дегеним,
Уағалейкум ассалам, Ереке! Әзірге Алматы қаласында биылғы Рамазан айының кестесін кездестірмедік. Қолымызға тие қалған жағдайда, сайтқа ілеміз, ИншАллаһ!
Әссәләму әлейкум! Сәресін ішерде айтатын дұғаны жазып берсеңіздер. Аллах разы болсын сіздерге !!!
Алейкумассалам Анар,
Ауыз бекітерде айтылатын дұға мына жерде бар:
https://oraza.info/138-oraza-ustagandar-ushin-mustahap-jaksy-narseler
Assalau aleykum! Kele jathan Ramazan ayi berekeli bolip ustagan orazalarinz habil bolsin…….. menin suaryin degenim: oraza ustap jurgende atir yagnu duhi sebu orazani buza ma? aldin ala Alla razi bolsin
Алейкумассалам Gul,
Ораза кезінде әтір қолдануға болады. Мүмкін болса, құрамында алкоголь жоқ әтірді қолдануға тырысыңыз. Келе жатқан Рамазан айы құтты болсын !
Саламатсыздар ма , барша мұсылман қауым! ОРАЗА ұстауға ниет еткендерге қабыл болсын деймін . Маған Ақтөбе қаласына арналған ораза кестесі керек еді.
Сәлеметсіз бе Zamzagui,
әзірге қолымызда Ақтөбе қаласының ораза кестесі жоқ,
қолға түскен жағдайда сайтқа жариялаймыз.
Сәлеметсіздер ме!
Туысың болмаса, Ораза ұстанған адамды құшақтауға немесе маңдайынан иіскеуге болады ма?
Алдын ала ризалығымды білдіремін!
Салеметсиздер ме? менин мынадай сурагым бар еди, Рамазан айында некеге отыруга бола ма?
Сәлеметсіз бе Ажар,
Рамазан айында үйленуге болады.
Ассаламу алейкум! Рамазан айының уақытысында ауыз ашқаннан кейін жүретін қызыңның ернінен сүйюге болады ма? (Некеде болмаса, некеде болса ше?)
Salemetsizderme, auiz bekitkennen kein uiktaiga bolmaidi deidi, ol ras pa?
Барлык мусылмандарга , оразаларын кабыл болсын дегим келеди!
Ораза қабыл болсын!
Ораза айында құрбыларымыздың ер достарымызыдң амандасқанда бетінен суйіуге болама?
Сәлеметсіз бе! Ораза баршаңызға қабыл болсын!
Менің уайымдап жүргенім, Ораза айында ораза тұтып жүрген кыз балага шашын бояуға бола?
Рахмет
Сәлеметсіздер ме! Ораза қабыл болсын!
ұят та болса қояр сұрағым бар еді, ораза айында ауыз ашылған соң жұбайыңмен жыныстық қатынасқа түсуге болады ма?
Assalaymalaikym ! Orazalariniz kabil bolcin!
menim koyayn degen cyragim: men ozim namaz okimin, birak hijap kimeimin,
ocilai namaz kabil boladima?
Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы. Құранның «Нұр» сүресінде:
وَقُل لِّلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларын да (яғни, мойын, көкіректері ашық қалмасын) жабатындай етіп тақсын…» (“Нұр” сүресі, 31-аят),- делінеді.
Құранда қыз-келіншектердің киетін киімінің нақты пішімі айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін ерекше айқындамайтын кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны.
Осылайша намаз құлшылығы орындалады. Ал намаздың қабыл болып болмайтындығын бір Алла біледі. Пенде жасаған әрбір құлшылығын Алла ризалығы үшін жасайды. Сондықтан да жасаған құлшылығыңыз қабыл болғай деген ниет білдіреміз.
Salemesiz be, Zamzagui. Aktobe kalasynyn oraza kestesi mine http://islam.com.kz/publ/20-1-0-302 , Oraza kabyl bolsyn barsha musilman kauim
Сәлетсіз бе! Оразаларыңыз қабыл болсын! Ораза кезінде түкірікті жұтуға болмайды дейді сол рас па? Шаш қиып, бояуға болады ма?
Семей өңірі бойынша Рамазан айының ораза және намаз кезтесі әр сайтта әр түрлі берілген. Қайсысы дұрыс?
1. Сайт http://muftyat.kz/uploads/22/semei.jpg
2. Сайт. http://islam.com.kz/publ/20-1-0-313
кеңес бергендеріңізге көп рахмет! Алла разы болсын!
Сәлеметсіз бе Бауыржан,
Қайсысы дұрыс екенін мешіттен барып сұрағаныңыз дұрыс болар. Немесе мына телефондарға хабарласы көріңіз: Мешіт мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі №50,
Мешіт тел.: 8 (7222) 521-126, 521-911
Салеметсиздер ме! Оразаларыныз кабыл болсын! Менин сурайын дегеним,оразада моншага тусуге, бас жууга бола ма?
Салеметсіздер ме!Мен намаз окуды бастайын десем,анам алі ерте 1-ші окуынды бітіріп ал дейді.Егер намазды анама айтпай бастасам ол тындамаганым ушин ренжиді.Қоя тұруым керек па?
Салеметсіздер ма! Ораза кабыл болсын. Сіздерден сұрайын дегенім: Менің намаз оқығым келеді, бірақ мамам әлі жассың дейді. Мен де солай ойлап отырмын. Бұл ойым дұрыс па? Көмектессеңіздер! Рахмет!
Намаз оқу мына адамдарға парыз:
1-Мұсылман болу.
2-Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес. Өйткені, Алла Елшісі былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға және балиғат жасына жетпеген балаға».
3-Ақыл-есі дұрыс болу.
Ораза қабыл болсын! Егер неке қиылмаған болса онда ол адаммен жыныстық қатынасқа болуға болмай ма?
Болмайды. Некесі қиылмай жыныстық қатынасқа бару – өте үлкен күнә!!!