1. Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде – Аллаһ» (Муслим, Сиям, 171). Басқа бір хадисте: «Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» – делінген (Ибн Мажә, Сиям, 15). Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
2. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар» (Маида, 5/6), -дейді.
3. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған (Бухари, Тыбб, 11).
4. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды.
5. Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.
6. Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.
7. Tiс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.
8. Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет.
9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне тартса, ораза бұзылады.
10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды. Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян бермейді.
12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де.
13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.
Ислам ғылымхалы кітабынан
Ораза қабыл болсын!!!! мен сурайын дегенім Ораза устау тарихын білгім келеді толық жауапбын бересіздерме. Алдын ала алғысымды білдіремін.
Ауыз ашқаннан кейін әйеліңмен қатынас жасауға бола ма?
Рахмет, Гулсара! Өте жақсы сұрақ қойдыңыз. Алдағы уақытта Ораза тарихын жариялауға тырысамыз.
Әрине болады.
1. Күндіз яғни ауыз жабық кезде моншаға, душқа түсуге болама? Күндіз тіс пастасымен аызды жууға боладыма?
2. Әйелдер арасында еркек жоқ жерде құранды дауыстап оқуға болады ма? Көп рахмет. Ораза қабыл болсын
Уа Ассалму уа Алейкум! Оразаларыңыз Қабыл болсын!
Менім сүрайын дегенім? тісті емдетуге бола ма? я ғни врачтар наркоз салады бул ораза устауыма кедергі болмай ма? Рахмет!