Қонақ қылған үй иесіне Аллаһ сауаптан жазсын
Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады.
Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады.
Әділ Әбдірахман Рамазан айын Отаннан жырақта Ұлыбританияда өткеруде. Абердин Университетінде заңгер мамандығы бойынша ғылыми біліктілігін асырып жатқан өрелі азамат:
Аршат Оразов – қазақ интернетіндегі бірнеше ілкімді жобалардың авторы. Соңғы жобаларының бірі www.kezdesu.com деп аталады. Қазақ жастарының өз ара пікір алмасатын виртуалды алаңын әзірлеген Аршта Түркияда білім алған. Қасиетті Рамазан айында ол www.oraza.info-ның “Бес сауалына” жауап берген еді. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Негізі еске түсетін […]
Ертай Нүсіпжановтың есімі қазақ журналистикасында “Аламан айтыс” тележобасымен қатар айтылады. Радио мен телевидение саласында бірнеше жыл қызмет еткен ол қазір Қытайдың “Солтүстік-Шығыс” университетінің магистратурасында білім алуда. Ертайды бес сауалдың қонағы болуға шақырып, Қытайда ораза ұстаудың қызықтарымен бөлісуін өтінген едік. – Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?
Құрметті сайт оқырмандары! Қасиетті Рамазан айының басталуына да санаулы күндер қалды. Oraza.info сайты биыл да мүмкіндігінше ораза бойы мәліметтермен бөлісіп, жаңадан ораза ұстаушыларға ақпараттық қолдау танытпақ. Араларымызда біріміз оразаны бірнеше жыл қатарынан ұстап келе жатсақ, енді біріміз өміріміздегі алғашқы оразаны тұтқалы жатырмыз. Аллаһ тағала ниеттерімізді қабыл қылғай.
1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Сірнесі сыртына шыққан қытай кәмпиті, қауынішек, халуа, науат… деп тәттілер тізімін қайта тізсем, ең алғаш Ораза ұстап жүрген жылдарым есіме түседі. Аңсары тәттіге ауған баланың санасына ол кезде сауап-күнә арасалмағы деген сияқты түсініктер қайдан жетсін. Ауыл. Үйелмен мүшелерінен нағашы әжем мен ағам ғана […]
Аты-жөнін SSS деп көрсеткен бір оқырманымыз “Бес сауалдың” бір сауалына өзінің жауабын пікір ретінде қалдырған екен. Бөлек жазба ретінде шығарғанды жөн көрдік. Бисмиллахир Рахманир Рахим Салауат… Аллаһым, Сені хамд және мадақ етеміз. Сен көктер мен жерді және оның ішіндегілерді тік ұстаған «Қайюмсың», бүкіл жаратылыстың нағыз Иесісің. Сен Хақсың, Уағдаң Хақ, Саған қауышу Хақ, Сөзің Хақ, […]
“Бес сауалдың” бүгінгі қонағы – Тимур Бектұр, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Бұл сұраққа былтырғы ораза туралы айтқым келіп отыр. Өйткені, одан бірнеше жыл бұрын ұстаған оразаларым онша есте қалған жоқ. Шамасы, бұл теңдесі жоқ ғибадаттың мәнісін қатты сезіне қоймаған болуым керек. Ал былтырғы […]
“Бес сауалдың” кезекті авторы – Жанна, бізге Жапонияда өткізген оразасының әсерлерімен бөлісіп, біраз мәліметтер жіберген екен. Сайтымыздың қолданушысына алғысымызды білдіре отырып, жауаптарын жариялаймыз. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Ең алғашқы ораза туралы аса есте қаларлық нәрсе есімде жоқ. Ол кезде мектепте 7 әлде 8 класта оқыған болатынмын. Алғашқы […]
Тұрақты оқырмандарымыздың бірі – Жасұлан Назаров, «5 сауал» жауаптарын жолдаған екен. Өзінің алғашқы оразадағы әсерін шынайы жеткізе білген оқырманымызға алғысымызды білдіре отырып, жауаптарын жариялаймыз. 1 Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны есіңе алғанда бірінші кезекте не түседі? Неге? Осы сұрақ мен үшін дөп қойылған. Себебі мен алғашқы оразамды Қыдыр түнін күткен күніммен еске аламын. 1999-2000 жылдар болса […]
“5 сауалға” қатысып, хатын жолдаған оқырманымызға алғысымызды білдіре отырып, жауаптарын ұсынамыз. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны есіңе алғанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Ораза туралы алғашқы мәліметтермен мектеп қабырғасында танысып, алғашқы Рамазанымды да оқушы кезімде өткердім. Әке-шешем менің қамымды ойлап: «Үш күн басында, үш күн ортасында ораза ұстауыңа болады» деп біраз “ақылдарын” айтты. Ол кездері […]
“5 сауал” айдарының сұрақтарына бұл жолы белгілі аудармашы, блогшы Нұрғиса Асылбеков жауап беруде. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны есіңе алғанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Ол кездері он екі-он үш жасар лицей шәкірті едік. Шынын айтсам, дінтанудағы алғаш ілім нәрін тату да сол мезеттерге дөп түсетін тәрізді. Оразаның тұңғыштары да сол жылдар еді ғой. […]